26 қыркүйекте Алматы қаласы жолдарының бір бөлігі жабылады
Марафон қашықтықтарының өту жерлерінде 25 қыркүйек сағат 6:00-ден 26 қыркүйек 18:00-ге дейін жолдардағы қозғанлыс ішінара жабылады. Спортсмендердің қашықтықтан өтулеріне сай жолдар ашылады.
Сөре орны Ресупблика алаңында болғандықтан, Сәтпаев көшесі 25 қыркүйек сағат 9:00-дан 26 қыркүйек 18:00-ге дейін Желтоқсан көшесінен Наразбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы толықтай жабылады.
26 қыркүйек:
Назарбаев даңғылы бойында Сәтпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін толықтай жабылады.
Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 09:30-ға дейін толықтай жабылады.
Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшісіне дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін жартылай жабылады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Әл-Фараби даңғылы бойында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай жабық болады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Саин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай ашық болады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Абай даңғылы бойында Саин көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін жартылай жабық болады, көшенің солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Байтұрсынұлы көшесі бойында Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.
Сәтпаев көшесі бойында Байзақов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.
Сәтпаев көшесі бойында Байтұрсынұлы көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.
Байзақов көшесі бойында Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.
Тимирязев көшесі бойында Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.
Шашкин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.
Деректер жүгіруге қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.
2021 жылғы Алматы марафонына жолдарды жабу кестесі (25.09.2021-26.09.2021)
25.09.2021 |
|
25 қыркүйек 6:00-ден 26 қыркүйек 18:00-ге дейін |
Сәтпаев көшесі (Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін) |
26.09.2021 |
|
04:30-дан 12:00-ге дейін |
Назарбаев даңғылы (Сәтпаевтан Әл-Фарабиге дейін) |
04:30-дан 09:30-ға дейін |
Әл-Фараби даңғылы (Назарбевтан Достыққа дейін) |
04:30-дан 10:35-ке дейін |
Байзақов көшесі (Тимирязевтан Сәтпаеваға дейін) |
04:30-дан 10:35-ке дейін |
Тимирязев көшесі (Шашкинадан Байзақовқа дейін) |
04:30-дан 10:35-ке дейін |
Шашкин көшесі (Әл-Фарабидан Тимирязеваға дейін) |
04:30-дан 10:35-ке дейін |
Сәтпаев көшесі (Байзақовтан Байтұрсынұлына дейін) |
04:30-дан 12:00-ге дейін |
Әл-Фараби даңғылы (Назарбаевтан Шашкинге дейін) Көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық |
04:30-дан 13:30-ға дейін |
Әл-Фараби даңғылы (Шашкиннен Саинға дейін) Көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық |
04:30-дан 13:30-ға дейін |
Саин көшесі (Әл-Фарабиден Абайға дейін) Көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық |
04:30-дан 14:00-ге дейін |
Абай даңғылы (Саиннан Байтұрсынұлына дейін) Көшенің солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық |
04:30-дан 14:00-ге дейін |
Байтұрсынұлы көшесі (Абайдан Сәтпаевке дейін) |
04:30-дан 14:00-ге дейін |
Сәтпаев көшесі (Байтұрсынұлынан Желтоқсанға дейін) |
Республика алаңына көлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:
- Желтоқсан көшесі бойымен оңтүстікке Сәтпаев көшесіне дейін
- Сәтпаев көшесі бойымен батысқа Назарбаев даңғылына дейін
- Назарбаев даңғылы бойымен оңтүстікке Сәтпаев көшесіне дейін
- Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағынан Нұрлы-Тауға дейін және алаңға жаяу бару
- Абай даңғылы бойымен батысқа Желтоқсан көшесіне дейін
- Шевченко және Құрманғазы көшелері бойымен Желтоқсан көшесіне дейін
- «Абай» станциясына дейін метро арқылы
Естеріңізге салып кетейік, 26 қыркүйек күні оныншы мерейтойлық «Алматы марафоны» өтеді. Спорт әуесқойларына келесі қашықтықтар берілген: 10 км, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы, 10 км скандинавиялық жүріс. Қатысушылардың жас мөлшері: 10 км және 10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан бастап, 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарына – 18 жастан бастап, Экиден командалық эстафетасына – 16 жастан бастап.
Сөре уақыты:
07:30 – 42,2 км және Экиден
07:40 – 21,1 км
07:55 – 10 км
08:10 – 10 км скандинавиялық жүріс
Алматы жартылай марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.
Бас серіктес: Kaspi.kz
Қадірлі серіктес: Sulpak және 1XBET.