15 маусым

20 маусымда Алматы қаласы жолдарының бір бөлігі жабылады

Алматы жартылай марафонының ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатындығы туралы хабарлайды.

2021 жылғы 21 маусымда «Алматы марафонының» ұйымдастырушыларынан «Summer Run» жазғы жүгіруіне тіркелу ашылды. «Summer Run» жүгіруі 2021 жылғы 18 шілдеде Almaty Arena МС аумағында өтеді.

Жарыстың ерекшелігі пандемия басталғаннан кейін алғаш рет ұйымдастырушылардың балаларға арналған жүгіру қашықтығын қосқандығы болды. Енді жүгіруге 6 жастан асқан балалар қатыса алады.

Жарыс бағдарламасында 15 жастан асқан әуесқой атлеттерге арналған екі жүгіру қашықтығы:

  • Жүгіру – 12 км,
  • Скандинавиялық жүріс – 8 км,

Және балаларға арналған үш жүгіру қашықтығы бар:

  • 500 м – 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар;
  • 1 км – 9 жастан 11 жасқа дейінгі балалар;
  • 3 км – 12 жастан 14 жасқа дейінгі балалар.

– Біз қала тұрғындарының спорттық іс-шараларға деген қызығушылығы қалай артқанын көріп отырмыз, – дейді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. – Адамдар ұзақ уақыт жаттықты, енді олар өздерін сынап көргілері келеді. Оның үстіне көпшілігі үшін бұл – ең алдымен, мереке. Әрі жарысқа балаларға арналған жүгіру қашықтығын қосу арқылы біз бұл мерекені отбасылық мерекеге айналдырамыз. Біз балаларымыздың спортты сүйіп, дені сау болып өскенін қаласақ, оларды бала кезінен бастап осыған баулып, оларға еліктейтін дұрыс үлгі бола білуіміз қажет. Осы демалыс күндерінде Алматы жартылай марафонын өткіздік. Оған 3 мыңға жуық адам қатысқандығын ескергенде, біз осы қиын-қыстау уақытта қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алдық. Бізге қолдау көрсетіп, спортшыларға осындай мереке сыйлауға көмектескендері үшін қалалық қызметтерге алғысымызды білдіреміз!

Іс-шараға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді. Қатысу құны: 12 км-ге жүгіру және 8 км-ге скандинавиялық жүріс үшін – 4 000 KZT, балалардың жүгіруі үшін – 3 000 KZT.

Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшылар мәреші медалін алады. 12 км қашықтыққа жүгірген ерлер мен әйелдер арасында әр жас санатындағы көшбасшылар үштіктері, сондай-ақ 500 м, 1 км және 3 км қашықтыққа жүгірген ұлдар мен қыздар арасындағы көшбасшылар үштіктері медальдармен, грамоталармен және серіктестер ұсынған сыйлықтармен марапатталады.

 

 

Жазғы жүгірудің бас серіктесі: Kaspi.kz

«Summer Run» Жазғы жүгіруінің ұйымдастырушылары «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, Young Runner М. Красиловтың балаларға арналған жүгіру мектебі, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және # Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы болып табылады.

11 тамыз

Алматы марафоны 26 қыркүйекке ауыстырылады

Қазір елімізде ауру деңгейінің өсуі байқалуда. Бұл барлық ережелер мен шектеулер ескерілгеннің өзінде ауру жұқтыру қаупі сақталатындықтан, 12 қыркүйекте толыққанды марафон өткізуге кедергі келтіреді.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля