14 маусым 2021

Спорттық іс-шараға қатысу физикалық және психологиялық дайындық пен жаттықтыруларды талап етеді. Егер сіз алғаш рет мұндай қашықтыққа жүгіретін болсаңыз, дәрігерден және жаттықтырушыдан алдын ала кеңес алыңыз.

Осы демалыста, яғни 20 маусымда төртінші Алматы жартылай марафоны өтеді. Жарысқа бүкіл Қазақстаннан спортсмендер қатысады. Жартылай марафон өтетін күні ауа-райы жылы, ал қашықтық мейлінше ұзақ болады. Сол себептен қатысушылар жарысқа дейін өзінің денсаулық жағдайын күтуі қажет.

COVID-19 дәуірінде қалай жүгіруге болады?

2021 жылғы жартылай марафонның негізгі ерекшелігі – қауіпсіздіктің санитарлық нормаларын сақтау қажеттілігі. Қатысушыларға ағзаңыздың денсаулығын бақылауға және хал-жағдайыңыз нашар немесе вирустық ауру белгілері болған жағдайда, жүгіруден бас тартуға кеңес беріледі.

Қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ұйымдастырушылар сөрелік кластерлердегі белгілермен қамтамасыз етеді, ал сөрелік қалада санитайзерлер орнатылатын болады. Қатысушылардан сөреге дейін және мәреге жеткеннен кейін бірден маска кию талап етіледі. Маңызды шартқа қатысушылардан әлеуметтік қашықтықты сақтау жатады. Ол үшін сөрелік кластерде жүгірушілерді сапқа түзу үшін арнайы белгілеулер салынған. Қатысушылар әрбір 5-10 секунд сайын 10 адамнан жүгіреді.

Ал сөрелік кластерге кірудің алдында қатысушылар ASHYQ қосымшасындағы өзінің статусын көрсетуге міндетті. Денсаулық статусы сонымен бірге жүгіріске дейін 1-2 күн бұрын сөрелік жиынтықтарды берген кезде тексеріледі. Егер сөрелік нөмірді алған кезде қатысушыларда сары немесе қызыл статусы анықталса, қатысушы нөмір алмайды және басқа қатысушылармен бірге жүгіре алмайды.

Не кию қажет?

Ыстық күнде жүгіру үшін жеңіл синтетикадан жасалынған киім-кешекті кию қажет. Dri Fit технологиясы бар арнайы маталар ылғалды жақсы сіңіріп, теріге демалуға мүмкіндік береді.

Ашық түсті киім-кешек пен бас киім күн сәулелерін дарытпайды, осылайша күңгірт түсті жабдықтау жылуды тартады.

Торлы жоғары бөлігі бар жүгіруге арналған кроссовкаға назар аударыңыз. Мұндай модельдер жақсы желдетіледі. Олар бұған қоса жылдам кебеді және ылғалды жақсы тартады. Алайда жүгірудің алдында жаңа аяқ-киім кимегеніңіз жөн. Олар алдын ала жүгіруде немесе жаттықтыруларда тексеруден өту қажет. Олай болмаған жағдайда, ұзақ қашықтыққа жүгірген кезде аяқта сүйел пайда болу қаупі бар.

Ауа-райы

20 маусымда күн ыстық болады, сол себептен көлеңкесі бар көшенің бөлігінде бой қыздыруды жасаңыз.

  • Қашықтықта қоректендірудің әрбір нүктесінде су және изотониялық сусындарды ішіңіз. Егер сіз шөлдесеңіз, ағзаңыз сусызданған. Мұндай жағдайға жол бермеңіз;
  • Суды бір жұтыммен және жиі ішіңіз;
  • Жүгіруді өзіңіз жоспарлағаннан баяу бастаңыз және ағзаңыз және өзіңізді жақсы сезінсеңіз, сіз қашықтықтың екінші жартысында қарқынды арта аласыз. Ыстық ауа-райы кезінде түзету енгізуге болады.

Жүгіруге негізгі күні қалай дайындалуға болады?

Біріншіден, ұйқыңызды қандырыңыз.

Екіншіден, жарыс күні өз режиміңізге жаңа ештеңе енгізбеңіз. Бұл азық-түлікке және бой жазу жаттығуларына қатысты. Сіз әдетте жаттықтыру күні жейтін тағамдарыңызды  пайдаланғаныңыз жөн. Ал жүгіру күннің алдындағы күні кешке құрамында көмірсу жеткілікті мөлшерде болатын паста жегеніңіз жөн.

Ал жүгіру барысында

Өз күшіңізді бірқалыпты жұмсаңыз. Егер шаршағаныңызды сезінсеңіз, қарқынды бәсеңдетіңіз. Алайда тоқтамаңыз, тіпті мәреге жеткеннен кейін де қозғалуды жалғастырыңыз.

Ең бастысы, өзіңіздің хал – жағдайыңызды ұмытпаңыз. Өз денеңізді тыңдаңыз және шамадан тыс ынтаңызды салмаңыз. Ең біріншіден, сіз өзіңіз үшін жүгіресіз, одан кейін ғана бірінші болу атағына ұмтылуыңыз қажет.

Жүгіруден кейін

Ыстық күні жүгіргеннен кейін бірнеше сағат демалу қажет. Асықпаңыз, ең алдымен, бұлшықеттерді қалпына келтіріп, демалыңыз. Мәреге жеткеннен кейін тоқтамаңыз. Асықпай жалғастыра беріңіз. Жуынып, су ішіңіз. Назар аударыңыз. Жүгіруден кейін банан мен алкогольсіз сыра ағзаны дереу қалпына келтіреді. Аяқ пен табан бұлшықеттерінің массажын жасаңыз.

Жүгіргеннен кейін сүйікті кафеңізде жүгірушілермен және жанкүйерлермен паста-пати жасаңыз.

Трассадағы медициналық қамтамасыз ету

Жарыс басталған күні жүгірушілердің хал-ауқатын және қауіпсіздігін жедел медициналық көмек станциясының бригадалары мен веломедиктері қамтамасыз етеді. Трасса бойы кардиологиялық орталық қызметкерлері бар медициналық палаталар орнатылатын болады. Сонымен бірге Алматы жартылай марафонына Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай қоғамында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздерін көрсетуге үйретілген 50-ден аса еріктілер қатысады. Трассаның әрбір шақырымында Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері мен оқытудан өткен студент еріктілері кезекшілікті атқаратын болады.

Алматы жартылай марафон осы жексенбі 2021 жылғы 20 маусымда өтетіндігін есіңізге саламыз. Бұл Алматы қ. бірінші әуесқой пост-карантиндік жүгіріс оқиғасы.

 

 

Алматы жартылай марафонның бас серіктесі: Freedom Finance.

Алматы жартылай марафонның ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, акамедик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля