11 ақпан 2021

Қатысушылардың бұрын енгізген барлық сөрелік жарналары автоматты түрде «Алматы марафонының» жаңа күніне – 2021 жылғы 12 қыркүйекке ауыстырылады.
Қатысушының сұрауы бойынша 100% сөрелік жарна қайтарылады.

Ақшалай қаражаттар мен сатып алынған жеңіл жейде / лонгслив құнын қайтару тек «Алматы марафоны» 2021 сөрелік жарнасын 2021 жылдың 14 ақпанына (жексенбі) Нұр-сұлтан қ. уақытымен 23:59-ға дейін төлеген барлық қатысушыларға ғана жүргізіледі. Қаражатты қайтаруға арналған өтінімдерді қабылдау 15.02.2021-31.03.2021 ж. аралығында жүргізіледі.

Қаражатты қайтаруға өтінімді тек www.almaty-marathon.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы беруге болады.

  1. «Менің жүгірулерім» бөліміне өтіңіз, «Алматы марафоны» іс-шарасын таңдаңыз, қайтаруды рәсімдеу батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді рәсімдеумен келісіңіз

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қайтару 01.04.2021-09.04.2021 ж. аралығында «Алматы марафонына» 2021 сөрелік жарнасын төлеген картаға жүргізіледі.

«Алматы марафоны» сөрелік жарнасын Qiwi терминал арқылы төлеген қатысушыларға қайтару 01.04.2021-09.04.2021 ж. аралығында «Бірінші болу – батылдық» КҚ кеңсесінде қолма-қол ақшалай жүргізіледі.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля