11 ақпан 2021

«Алматы марафоны» 2021 жылдың қыркүйегіне ауыстырылады

«Бірінші болу – батылдық» КҚ «Алматы марафоны» жарысының өткізілу күнін келісу туралы сұрауына Алматы қаласы спорт басқармасы мен Ж.Бекшиннің қолымен бекітілген Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми жауабын алуына байланысты, «Алматы марафонын» бұрын келісілген күннен (2021 жылғы 11 сәуір) 2021 жылдың 12 қыркүйегіне ауыстыруға мәжбүр. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, «Алматы марафоны» ауқымды спорттық-бұқаралық іс-шарасын қалада өткізу мүмкін емес.

— «Алматы марафонын» өткізу мәселесін бірнеше рет талқыладық, — дейді Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Байсейітов Рүстем Сәлімұлы. — Біз спорттық іс-шараларды өткізудің маңызды екенін түсінеміз, бірақ, өкінішке орай, елдегі ахуал әлі де тұрақсыз болғандықтан, нақты жауап беру және осындай жаппай іс-шараны өткізуге рұқсат беру айтарлықтай қиын болды. Дегенмен, біз ұйымдастырушылармен кездесуге дайынбыз. Бірлесіп күш-жігерді салу арқасында, біз ақпан айының соңында шағын ауқымды Қысқы жүгіру жарысын өткізуге санитарлық дәрігерден рұқсат алдық. Карантин кезеңіндегі жаппай сөрелердің алдағы тағдыры бұл жарысты өткізуіне байланысты болады.

«Алматы марафоны» командасы Сovid-19 вирустық ауруының таралуына қарсы күрес жөннідегі регламент әзірледі. Онда жаппай сөрелерді ұйымдастырушыларға карантин жағдайында іс-шараларды барынша қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін барлық шаралар көрсетілген. Регламент шетелдік әріптестердің тәжірибесі негізінде, сондай-ақ ДДҰ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ұсынымдарын ескере отырып құрастырылған.

«Алматы марафоны» неліктен қыркүйекке ауыстырылады?

— Қазақстанның біртіндеп тұрақты жасыл аймаққа өтіп жатқанын, босаңсулар енгізіліп жатқанын көріп отырмыз. Күзге қарай халықтың көп бөлігіне дәрі егіледі. Біз қазірдің өзінде 2 000 адамға арналған Winter Run спорттық іс-шарасын өткізуге рұқсат алдық. Сондай-ақ, басқа ұйымдастырушыларды да қадағалаймыз. Әлемдік марафондар, соның ішінде Major сериясының ең ірі және әйгілі марафондары 2021 жылдың 3-4 тоқсанында сөрелерді қайта бастауға оптимистік көзқараспен қарайды, - деп нақтылады «Алматы марафоны» директоры Салтанат Қазыбаева. — Қысқы жүгіру жарысын өткізгеннен кейін біз осы көктемде Алматы жартылай марафонын өткізу мәселесін көтеретін боламыз. Қатысушылар саны марафонға қарағанда аз болады, барлығы 5 000 адам жиналады. Бұл қазіргі жағдайда барлық қажетті санитарлық нормаларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Алматы марафонына» тіркелу 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ашық болады. «Алматы марафоны» регламентіне сәйкес қатысушылардың барлық төлеген сөрелік жарналары автоматты түрде жаңа күнге ауыстырылады.

Сонымен қатар, Ұйымдастыру комитеті қыркүйек айында қатыса алмайтын тіркелген спортшылардың мүдделерін ескерді. «Алматы марафонына» қатысушылардың сұранысы бойынша барлық төленген сөрелік жарналары 100% мөлшерінде қайтарылуы мүмкін. Өтінімдерді қабылдау рәсімі 2021 жылғы 15 ақпанда басталып, 2021 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады. Қайтарып алуға арналған өтінімді рәсімдеудің толық нұсқаулығы сайтта және «Алматы марафонының» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады. Жаңалықтардан қапы қалмаңыз!

Сайтқа кіру
Восстановление пароля