04 қаңтар 2021

2021 жылдың 4 қаңтарында «Алматы марафонына» тіркелу рәсімі ашылды. Жарыс 11 сәуірге жоспарланған. Іс-шара оныншы рет өткізіледі.

«Алматы марафоны» он жылдан бері Орталық Азиядағы ең ауқымды марафон болып саналады. «Алматы марафоны» өткізілген он жыл ішінде әуесқой жүгіру дене белсенділігінің ең танымал және ең қолжетімді спорт түрлерінің біріне айналды.

Алғашқы «Алматы марафоны» 2012 жылы өткізіліп, спорттық іс-шара ретінде ғана емес, қалалық мереке ретінде де жоспарланған болатын. Алғашқы сөреге 2,5 мыңға жуық адам қатысты. Бір жылдан кейін, 2013 жылы марафон Халықаралық марафондар мен жүгірістер қауымдастығына (AIMS) енді, ал жоларна IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының ережелеріне сәйкес сертификатталды.

«Алматы марафоны» құрылған бірінші жылдан бері қатысушылар қаражатының бір бөлігі қайырымдылық мақсаттарын іске асыруға жұмсалады. Жыл сайынғы қайырымдылықтың мақсаты, ерекше қажеттіліктері бар балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін немесе оқитын балалар мекемелері болып табылады. Әрбір таңдалған нысанда спорттық нысандар салынды, спорттық керек-жарақ немесе медициналық жабдық сатып алынды. Осы жылдар бойы «Алматы марафоны» қатысушыларының арқасында 22 қайырымдылық мақсаты іске асырылды.

2020 жылы «Алматы марафоны», жарыс басталатын күннің қарсаңында жарияланған коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды. 2021 жылы сөре сызығында жұқпалы ауруларға қарсы қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталады және олардың сақталуы барынша бақыланады.

– 2020 жыл, үнемі спортпен шұғылдану арқасында иммунитет әртүрлі жұқпалы аурулармен күресуге ынталандырылатынын айқын көрсетті. Ешбір дәрі-дәрмек вирустармен күресте мықты шыңдалған ағза сияқты тиімді болмайды, - деп түсіндірді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева. – Дегенмен, біз классикалық жүгіру жарыстары мен вело жарыстарды жаңғырта аламыз деп үміттенеміз, бірақ өз тарапымыздан қатысушыларды барынша қауіпсіздендіруге міндеттенеміз.

2020 жылдың тамыз айынан бастап әлемде спорттық жарыстар біртіндеп қайта өткізіле бастады. Осылайша, ірі жарыстар Ресей, Жаңа Зеландия, Түркия, Қытай, Тайланд, Чехия, АҚШ және басқа елдерде өтті. Барлық елдерде ұйымдастырушылар жұқпалы аурудың алдын алу үшін нормалар мен ережелерді әзірледі.

«Алматы марафоны» 2021 қатысушысы болу үшін almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп, қатысу ақысын төлеу керек. Жарыста дәстүрлі түрде келесі қашықтықтар ұсынылады: марафон (42,2 км), жартылай марафон (21,1 км), 10 км жүгіру, 10 км скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля