16 қараша 2020

14-15 қараша аралығында Алматы қаласында «Жарыс қаһарманы» онлайн-жарысы өтті. Іс-шараға бір жарым мыңнан астам әуесқой жүгірушілер қатысты.

Бұл іс-шара «Алматы марафонының» 2020 жылғы жүгіру маусымында ақтық жарыс болды.

Мегаполисте әлі күнге дейін қолданылып жүрген карантиндік шаралар дәстүрлі жүгірістерді өткізуге мүмкіндік бермейді. Сол себепті, жарысты ұйымдастырушы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры іс-шараның жаңа, ерекше форматын ойлап тапты. Жарысқа қатысушылардың таңдауына қаланың 4 танымал жүгіру орны ұсынылды.

  • ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ,
  • Сайран көлінің саябақ аймағы,
  • Баум атын. тоғай,
  • «Атакент» ҚІЫО саябағы.

 

Қатысушылар басталу уақыты мен орнын өздері таңдады. Белгілі бір маршрут болған жоқ. Таңдалған саябақтың аумағында толық қашықтықты жүгіріп өту қажеттілігі маңызды шарт болды. 4 км-ден 6 км-ге дейінгі қашықтық тіпті жаңа бастаған жүгірушілердің де қатысуына мүмкіндік берді.

Жарыс соңында, барлық «жарыс қаһармандары» анықталып, марапатталды. 4 қашықтықтың әрқайсысында ең жылдам болған үш ер адам мен үш әйел адамға мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар берілді.

– Биыл біз онлайн-жарыстар өткізуде мол тәжірибе жинадық, – дейді «Жарыс қаһарманы» ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева. – Біз спортпен айналысу үшін тек мотивация мен ниет керек екенін көрсеттік. Бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған жүгіруші біздің онлайн-жүгірістерге қатысты. Адамдарға спорт, мақсат керек. Мұндайда жарыстар көмектеседі. 2021 жылы дәстүрлі жарыстар өткізе аламыз деп үміттенеміз. Бүгінде денсаулық пен мықты иммунитет – біздің басты байлығымыз. Бұл, спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын ұстану арқылы жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушылар оныншы мерейтойлық «Алматы марафонына» дайындықты бастап та кетті. Жылдың көптен күткен спорттық іс-шарасы 2021 жылдың 11 сәуіріне жоспарланған. Тіркелу рәсімі 2021 жылдың қаңтар айында ашылады.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля