07 қыркүйек 2020

7 қыркүйек күні, «Алматы марафоны» ұйымдастырушысы, «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры, жаңа онлайн-жүгіруге тіркей бастады.

«42,2 Week» - онлайн-жүгіру, оның әрбір қатысушысы марафон қашықтығын 7 күн ішінде бірден немесе бөліп-бөліп (бірақ 10 бөліктен артық емес) жүгіріп өте алады.

Жарыс аптасы 2020 жылғы 28 қыркүйектен 4 қазанға дейін жалғасады. Тіркеу рәсімі 20 қыркүйекте немесе 1 000 қатысушы жиналғаннан кейін аяқталады.

Қатысушылар қашықтықты кез келген ыңғайлы жерде жүгіріп өте алады. Тек Алматы тұрғындары ғана қатыса алады. Мәреге жеткен әрбір қатысушы өз жүгірістерінің нәтижелерін сайтқа жүктейді (уақыт және трекерден алынған скриншот).

Қатысу ақылы, 2 500 KZT. Әрбір қатысушы финишер медалін алады.

— Көптеген әуесқой жүгірушілер жаңылысып, 5-10 км-лік қысқа қашықтықтарды да марафон деп ойлайды. Марафон — бұл 42 км 195 м-ге тең келетін нақты қашықтық. Сондықтан, біз жүгірушілерге «марафоншы» атағына ие болуға мүмкіндік беруді жөн көрдік. Бірден 42 км қашықтықты жүгіріп өтуге дайын болмасаң да, қашықтықты бөліп-бөліп, мысалы, 4 күнде 10 км-ден жүгіріп өте аласың, - деп түсіндірді «Бірінші болу — батылдық» КҚ директоры Салтанат Қазыбаева. — Біз дәстүрлі старттарды әлі өткізе алмаймыз, бірақ біздің тұрақты жүгірушілеріміз жақсы физикалық күйде екенін көріп тұрмыз. Өйткені, көбісі белгілі бір жүгірістерге дайындалған болатын. Стартты жүгіріп өту, өз күшін сынап көру және лайықты медальға ие болу – бүгінгі таңда көптеген адамдар үшін өзінің спорттық әлеуетін жүзеге асырудың жалғыз мүмкіндігі.

Ұйымдастырушылар мұндай ұзақ жүгіріске жақсы алдын ала дайындықпен ғана шығу керек екенін еске салады. Күшіңізге сенімді болмасаңыз, денсаулыққа қауіп төндірмеңіз. «42,2 Week» жарысынан кейін көп ұзамай, ұйымдастырушылар барлық қазақстандықтар қатыса алатын жүгірісті жариялайды.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қыркүйекте «Алматы марафонының» алғашқы тегін төрт апталық Virtual Run онлайн-жүгіруі аяқталған болатын. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2000-нан астам жүгіруші қатысты. Мәре сызығына жеткен әрбір қатысушы апта сайын жүгіріп өткен әрбір қашықтық үшін «Алматы марафонының» жаңа кәдесый өнімдеріне 5% жеңілдік алды.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля