11 Мамыр

Ораза ұстағанда спортпен қалай шұғылдану керек?

Дүниежүзі мұсылмандар қауымы Ораза ұстағалы бері екі аптаға жуық уақыт өтті.

Достар, біз Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша қатысушыларға медаль жеткізуге дайынбыз!
Дүйсенбі күні, 27 шілдеде сағат 9:00-ден бастап сайтқа кіріп, өз өтініміңізді қалдырыңыз.

Алматы марафонының және Көктемгі жүгірудің сөрелік жинағы мен медалін қалай алуға болады:

  • www.almaty-marathon.kz сайтына кіріңіз
  • Логиніңіз бен құпия сөзіңізді қолдану арқылы жеке кабинетке өтіңіз. «Кіру» түймесі жоғарғы оң жақ бұрышта.
  • Егер құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» түймесін басыңыз, тіркелу кезінде қолданылған e-mail көрсетіңіз және көрсетілген поштаға хаттың келуін күтіңіз.
  • Жеке кабинетіңіздегі «Дербес деректер» бөліміне өтіңіз.
  • «Мекен-жай» жолын толтырыңыз, ұялы телефоныңыздың дұрыстығын тексеріңіз.
  • «Сақтау» түймесін басыңыз.

Сіздің деректеріңіз кезек-кезек өңделеді. Өтінім толтырылғаннан кейін 5-7 жұмыс күні ішінде сізбен шабарман хабарласып, көптен күткен медальдарыңызды әкеледі!

ШАБАРМАН КЕЛГЕН КЕЗДЕ, ӨЗІҢІЗБЕН БІРГЕ ЖЕКЕ КУӘЛІК (НЕМЕСЕ ТӨЛҚҰЖАТ) БОЛУЫ КЕРЕК.

Өтінімдерді қабылдау 16 тамызға дейін созылады. Әлбетте, өтінімді ертерек толтырсаңыз, сәлемдемені де тезірек алатын боласыз.

Мұнда біз сізде туындауы мүмкін сұрақтарға жауап жинадық. Өтініш, сұрақтарыңыз қалса, жауаптарын осында іздеп көріңіз:

Барлық сұрақтардың жауаптары

Егер сіздің сұрағыңыз біздің тізімде болмаса, info@almaty-marathon.kz арқылы хат жазып немесе біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарда жеке хабарлама қалдырып, сұрақ қойыңыз. Аккаунттарға сілтемелер төменде, осы хаттың жазбасында келтірілген.

Көптен күткен күнге дейін бізбен бірге болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз! Шыдамыңыз бен сеніміңіз үшін рахмет! Көп ұзамай, медальдар өз иелерін табады!

Біз қажетсіз мәлімет жібермейміз, тек қана біздің іс-шараларға қатысты ақпарат қана

Сайтқа кіру
Восстановление пароля