05 наурыз 2020

«Алматы марафоны» ұйымдастыру комитеті дүние жүзінде жаңа вирустың таралуы туралы ақпаратты мұқият қадағалауда. Дегенмен, басты жүгіру оқиғасына дайындық ойдағыдай жүріп жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәлімдемесі бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус ауруы тіркелген жоқ, алайда, үкімет еліміздің аумағында ауру жұқтырған азаматтар анықталған жағдайға арналған іс-қимыл жоспарын әзірледі.

– Қазіргі уақытта іс-шараны өткізбеуді жоспарлап отырған жоқпыз. Жарысқа дайындық жалғасуда. Қатысушылардың 95%-ға жуығы – Қазақстан азаматтары, соның ішінде елімізде жұмыс істейтін шетелдік мамандар, - дейді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева. – Пандемия туралы хабарландыру және жаппай іс-шараларды өткізбеу туралы жарлық шыққан жағдайда, біз жарысты өткізбеуге немесе кейінгі қалдыруға құқылы боламыз, ол жайында ресми дереккөздерімізде хабарлаймыз. Қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бұрынғыша біздің басты назарымызда. Жағдай жақында дұрысталады деп үміттенеміз және барлық науқастарға тез арада сауығып кетуді тілейміз. Азаматтардан түсіністікпен қарап, жалған ақпарат таратпауды сұраймыз.

Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынған басқа елдердің қатысушыларының сөрелік жарнасы «Алматы марафон» 2021 жарысына ауыстырылады.

 

Бұған дейін, Токиода халықаралық марафон ресми түрде тоқтатылды. 1 наурызда жүгіріс тек қана Elite санатындағы 200 кәсіпқой үшін өткізілді. Бірқатар басқа елдерде жаппай іс-шаралар тоқтатылды.

«Алматы марафоны» ұйымдастыру комитеті барлық қатысушылардан аурудың алдын алудың негізгі шараларын ұстануды – жеке гигиенаны сақтауды және кез келген вирустық жұқпалы ауруларды, оның ішінде тұмауды, ЖРВИ, ЖРЗ жұқтырған адамдармен қарым-қатынасты шектеуді, сондай-ақ коронавирустық жұқпалы ауруды жұқтыру жағдайлары анықталған елдерге саяхаттаудан аулақ болуды сұрайды.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля