Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылы бойынша Қысқы жүгіріс өтеді
23 ақпанда Алматыда Қысқы жүгіріс өтеді, оған шамамен 1500 әуесқой спортшылар қатысады.

2020 жылғы 23 ақпанда Әл-Фараби даңғылы бойынша Қысқы жүгіру болып өтеді. Осы орайда, ұйымдастыру комитеті оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қонақтарына іс-шара өткізілетін кезеңде сағат 08.00 – 11.30 аралығында Әл-Фараби даңғылы бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлайды.
Назарбаев даңғылынан Батыс Желтоқсан көшесіне дейінгі Әл-Фараби даңғылы бойынша батыс бағыттағы қозғалыс сағат 06.00 – 08.00 аралығында жауып тасталады. Сағат 8.00-ге дейін Назарбаев даңғылы астындағы Достық даңғылынан бастап үңгіртау арқылы өтуге болады.
Назарбаев даңғылынан бастап Гагарин даңғылына дейінгі Әл-Фараби даңғылы (төменгі жақ) бойынша батыс бағыттағы қозғалыс сағат 08.00 – 11.30 аралығында толығымен жабық болады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөліктің қозғалысына қолжетімді болады.
Жол, жүгірушілердің жоларнадан өту шамасына қарай ашылатын болады.
«Нұрлы Тау» БО жанындағы сөре-мәре қалашығына Қозыбаев көшесі арқылы немесе Батыс Желтоқсан көшесі жағынан өтуге болады. Әл-Фараби даңғылы арқылы шығыс бағытта автобустармен де баруға болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын түсінікпен қарауды және 23 ақпанда Әл-Фараби даңғылы бойынша бағдарыңызды ертерек жоспарлауды сұраймыз.
Алматыда Қысқы жүгіру болып өтті
2020 жылғы 23 ақпанда Алматыда Қысқы жүгіру — биылғы жылы алғашқы қалалық маусымдық жүгіру жарысы болып өтті.
Біз қажетсіз мәлімет жібермейміз, тек қана біздің іс-шараларға қатысты ақпарат қана