03 маусым 2019

Жыл сайын өтетін «Алматы марафонының» жүзу жарысына тіркелу ашылды. Шара 30-маусымда Қапшағай қоймасындағы «Heaven Club» демалыс аймағында өтеді. 250 жүзуші ашық суда 500 м, 2 км және 3 км қашықтықтарына жүзеді.

Қатысушыларды тіркеу www.almaty-marathon.kz сайтында ашық және 2019 жылғы 20-маусымға дейін немесе қатысушылардың жалпы саны 250 адамға жеткенше жалғасады. 

Сөрелік жарна:

  • 500 мм жүзу жарысы – 8 000 тг,
  • 2 км жүзу жарысы – 10 000 тг,
  • 3 км жүзу жарысы – 12 000 тг.

Жеңіпаздар әр қашықтықта анықталады. 500 м қашықтықта ерлер мен әйелдер арасындағы абсолюттік біріншілік  анықталады. 2 км және 3 км қашықтықтарда қатысушылар 18-34, 35-49 және 50+ тәрізді үш жас санатында ең күшті жүзуші атағына бәстеседі.

Алматы марафонының жүзу жарысы – ашық суда өтетін Қазақстандағы аздаған жүзу жарыстарының бірі. Жүзу жарысы әуесқой спортшыларды Астанадағы Ironman 70.3 (14-шілде), Алматыдағы Триатлоннан Азия кубогы (3-4 тамыз), Қазақстан Республикасының чемпионаты (24-25 тамыз), «TEMIRADAM» кубогы кезеңдері тәрізді триатлон сөрелері қарсаңында тамаша дайындық болмақ.

Жарыс ұйымдастырушылары – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля