27 ақпан 2019

Sulpak электроникасы мен тұрмыстық техникасын сату бойынша лидер, Қазақстандағы ең ірі компания үш жыл бойы «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының идеяларын қолдап көрсетіп келеді. Салауатты өмір салты мен спортпен белсенді түрде шұғылдануды насихаттау - екі серіктестің басты мақсаты.

Sulpak электроникасы мен тұрмыстық техникасын сату бойынша лидер, Қазақстандағы ең ірі компания үш жыл бойы «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының идеяларын қолдап көрсетіп келеді. Салауатты өмір салты мен спортпен белсенді түрде шұғылдануды насихаттау - екі серіктестің басты мақсаты.  

Өзінің 26-жылдық тарихында Sulpak 15 қызметкері бар шағын көтерме сауада компаниясынан бастап, елдің барлық өңірлері мен көршілес Қырғыз Республикасын қамтитын және 6000 адам жұмыс істейтін тармақталған бөлшек сауда желісіне айналды.

Жыл сайын Sulpak дүкендерінен қазақстандықтар 15 миллиондай тауарға сауда жасайды, оның бонустық клубында 1,6 миллионнан астам мүше бар. Компания жетістігінің кепілі кең сұрыпталымында ғана емес, сонымен бірге республикалық деңгейде қамтуында жатыр. Компанияда тауарлар мен қызмет көрсетулерге қатысты сапа стандарттары сақталады.  

«Техника мен электрониканың ең ірі ретейлері мұндай маңызды және ауқымды спорттық шарадан тыс қалмауды жөн көрді. Жыл сайын біз Алматы марафонына қолдау көрсетеміз және қазір екі ұйымды достықтан да үлкен нәрсе біріктіреді. Ағымдағы жылда марафонға 17 000 адам қатысады деп күтіп отырмыз. Бүгінде заманауи адам өмір сүру сапасына басты назар бөледі. Денсаулық пен спорттың маңызы артты! Сол себепті фитнес, дұрыс тамақтанудың сәнге айналып бара жатқанына куә болып отырмыз. Sulpak уақытқа ілеседі, бізде эко және спорт тауарларының бірегей желісі ұсынылған. Дегенмен, ең маңыздысы, 26 жыл қатарынан Sulpak компаниясы Қазақстанмен бірге дамып келеді және біз үшін азаматтарымыздың wellbeing маңызды. Біздің компания – бұл тек техника емес. Sulpak –  бұл ең алдымен біздің қызметтердің, тұтынушылар мен әріптестердің ақылды өмір салты. Біз заманауи, үйлесімді, салауатты, сонымен бірге ең технологиялық өмір салтын насихаттау үшін барын саламыз!»,- дейді Sulpak сауда желісінің Маркетинг департаментінің директоры Айгерім Шәкенова.

Былтыр Алматы марафонында Экиден эстафеталық жарысына біздің компания атынан 6 команда шықты.  Осы қашықтық бойынша біз ең көп қатысушылары бар компания болғанымызды үлкен мақтанышпен айта аламын. Қызметкерлеріміз спортпен белсенді түрде айналысады және биыл да өз рекордымызды жаңартамыз: марафонға қатысуға 200-ден астам адам ниет білдірді!  

Сөреге түрлі өңірлерден келген қызметкерлер шығады. Бұл компания үшін тимбилдинг іспеттес. Ал, кеңес беруші қызметкерлеріміз маңызды шарада өздерін көрсетіп, мәреден кейін алған қайталанбас әсерлерін мәңгі есте сақтайды.

Спорттың маңызы зор

Sulpak қаладағы спорттық иедяларды белсенді түрде қолдап, оларды жүзеге асыруға қатысады.

Компания Алматы марафоны 2019 жарысына үлкен ынтамен қатысқалы жатыр: ол жаңадан бастап жатқан жүгірушілерге арнап жаттықтыратын бейнероликтер, спорттық гаджеттерге шолу, сонымен бірге әлеуметтік желілерде спорттық тауарларды ойнату әзірлеп жатса, ал қызметкерлері сөреге белсенді түрде дайындалып жатыр.

Sulpak дос және ұйымшыл ұжым, клинеттер мен әріптестерге сапалы қатынас, тұтынушылар үшін айрықша тауарларды қолжетімді бағаға сату өзі үшін басты орында екенін бірнеше жыл қатарынан дәлелдеп келеді. Сатып алушыға жақын болған сайын Sulpak тек жақсара түседі.

Алматы марафонының басталуына 2 айдан аз уақыт қалды. Сіз сөреге шығуға дайынсыз ба?  

Сайтқа кіру
Восстановление пароля