09 қаңтар 2019

«Бірінші болу - батылдық» корпоративті қоры 2019 жылдың 21-сәуірінде өткен жарыстардың нәтижесі бойынша қайырымдылық көмегін алатын балалар мекемелерінің атын атады.

«Бірінші болу - батылдық» корпоративті қоры 2019 жылдың 21-сәуірінде өткен жарыстардың нәтижесі бойынша қайырымдылық көмегін алатын балалар мекемелерінің атын атады. 

«Алматы марафоны» қайырымдылық көмегіне ие  болатындар:

- Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған №15 мектеп-интернаты (спорт алаңының құрылысы)

- «Киров» қызыл ту крейсерінің жас әскерилерінің әскери-патриоттық клубы (скалодром құрылысы)

- «Pioneer Concept» жеке қоры іске асырған «АСБ (Аутистикалық спектрдің бүлінуі) және дамуында өзге де ерекшеліктері бар балаларға арналған тау шаңғысы мен сноубордта жоғары тау жағдайында бейімделген сырғанау» қалалық бағдарламасы.

Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған №15 мектеп-интернаты 1959 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде мектепте көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасынан шыққан 250 бала оқиды. Мектеп спортпен шұғылдануға қажетті инфрақұрылыммен жеткіліксіз түрде қамтылған. «Алматы марафоны» қайырымдылық қаражаты есебінен спорт мектебін салу бұл ағаттықтың орнын толтырады.

«Киров» әскери –патриоттық клубы 2015 жылы Алматының балалар үйлері мен Офицерлер үйі негізінде «Алматының жалғызбасты аналарына қолдау көрсету жобаларымен» «SOS Алматы балалар ауылы» негізінде құрылды, оған 250 отбасынан шыққан балалар кірді. 2018 жылы «Киров» клубы үшін «Сарбаз» жазғы палаталық лагері ашылып, жас шекарашылар, теңіз жаяу әскері мен десантшылар үшін отрядтар құрылды. 2019 жылы «Алматы марафонында» жиналған қаражатқа 125 жас әскериге арналған скалодром құрылысы жоспарланып отыр.

«АСБ (Аутистикалық спектрдің бүлінуі) және дамуында өзге де ерекшеліктері бар балаларға арналған тау шаңғысы мен сноубордта жоғары тау жағдайында бейімделген сырғанау жобасы» аутистикалық спектрі бұзылған, ақыл-ойы дұрыс дамымаған, Даун синдромы мен ДЦП-ға шалдыққан балаларды спорттық дамыту және бейімдеумен айналысады. Бұл денсаулық мүмкіндіктері шектелген балаларды оңалту бойынша Қазақстан үшін бірегей әдістеме. Жаттығу кезінде бала сенсорлық интеграция, дене терапиясына қатысты түрлі тапсырмаларды орындап, қажетті әлеуметтенуден өтеді. Қоршаған орта мен ландшафт аутистерге жақсы ықпал етеді, бұған қоса, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте оттегі мен атмосфералық қысым жағдайында көптеген аурулардан пассивті түрде айығуға болады (гипокситерапия).

- Бізден қайырымдылық мақсаттарға қаражатты қалай жинайсыздар деп жиі сұрайды. Барлығы өте қарапайым: әрбір қатысушы «Алматы марафонына» тіркеле отырып және ақша төлеу арқылы қайырымдылық мақсаттарға өз үлестерін қосады. Осылайша, қажетті сома жиналады. Кейін біз ақшаны таңдалған мекемелерге бермейміз, керісінше, жеке өтінім бойынша қажетті спорттық инфрақұрылымды қалыптастырамыз: спорт алаңдарын, скалодромдарды тұрғызу, спорттық немесе медициналық құрал-жабдық сатып алу. 2018 жылы біз 16 миллион теңгеден астам қаражат жинадық, ал 2019 жылы қайырымдылыққа 26 миллион теңге бөлуді жоспарлап отырмыз», дейді «Бірінші болу - батылдық» корпоративті қорының директоры Салтанат Қазыбаева.

Естеріңізге салайық, «Алматы марафоны» 2019 жылғы 21 сәуірде өтеді.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля