21 желтоқсан 2018

Алматыда интернат және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «My Win Triathlon Almaty» триатлон бойынша II-ші чемпионат болып өтті.

Алматыда интернат және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «My Win Triathlon Almaty» триатлон бойынша II-ші чемпионат болып өтті. 

Жарысқа Алматының SOS балалар ауылынан және нөмірі 10-ші және 17-ші интернаттарынан 125 тәрбиеленушілер қатысты. Сондай ақ, Алматы қаласы Білім басқармасының сөйлеу бұзылулары бар балаларға арналған арнайы №9 арнайы түзету мектеп-интернатынан 24 кішкентай спортшылар барлығымен бірдей жүзді, жүгірді және педальдарды айналдырды.

Іс-шара ұйымдастырушылары:  «MY WIN» жобасы,  Алматы триатлон федерациясы, «Бірінші болу батылдық» КҚ («Алматы Марафон» ұйымдастырушысы), World Class Almaty.

-                     Бұл күнге біз үш айы бойы жүрдік, - деп «MY WIN» жобасының басшысы Любовь Пак айтып өтті, - Қатысушылар үшін дайындық жаттығулары қыркүйек айының басынан басталды. Күн сайын, Евгений Азарьев, Дмитрий Хан және Илья Гусаков сияқты триатлонның тәжірибелі бапкерлері, спорт шеберлері балалармен бассейндерде және спорт залдарында  жұмыс істеп, оларға триатлон даналықтарын үйретті. Біздің жоба балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен мүгедек балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға ынталандырады, өзін шынымен «ел қатарлы» сезінуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі олардың әлеуметтенуі мен табысты болашағы үшін өте маңызды. Дегенмен, басқа да тактикалық мақсаттар бар болды: бұл ерік-жігерді, мақсаткерлікті тәрбиелеу, қарым-қатынас дағдыларын құрбы-құрдастар және ересектермен дамыту.

Балалар үшін үш кезеңнен тұратын - Super Sprint Triathlon Indoor айрықша бағдарламасы ойлап табылды: жүзу, велокезең және жүгіру кезеңі.   Сынақ қашықтықтары: акватлон (50 м - жүзу, 1 км - жүгіру), триатлон (100 м - жүзу, 5 км - велокезең, 1 км - жүгіру).

Чемпионат қорытындылары бойынша келесілер жеңімпаздар деп табылды:     4-5 сынып: Нурдаулет Камишбаев, Мухамедхайдар Рустем, Мухамедкарим Мусабаев, Асель Данабек, Айдана Калманбаева,  Мольдир Дюсупова. 6-7 сынып: Жасулан Каренов, Нурсултан Бедильбек, Ерасыл Мурат, Камилла Акимжанова, Шакизат Нуржан, Лаура Зенько. 8-10 сынып: Адиль Сулыкубаев, Дарын Даутхан, Данил Нисанов, Енлик Мурзагалиева, Жанель Саду, Айша Зиябек.

Марапаттау салтанатында жас триатлетшілерге (түгел барлығына!)  «MY WIN» жобасы атынан медальдар және спорттық велосипедтер тапсырылды, ал өздерінің жас санаттарында жеңімпаз атанғандар жазғы сауықтыру лагерлеріне жолдамалар алды. 

Сайтқа кіру
Восстановление пароля