16 қазан 2018

Марафон – қатысушылары көп жүгіру жарысы. Тәртіпті сақтау үшін ұйымдастырушылар тарабынан қамтылатын шаралар жеткіліксіз болғандықтан, жаппай жүгірудің жазылмаған заңдары көмекке келеді. 21 сәуірде өтетін «Алматы марафоны» қарсаңында сіздерді жүгірушінің бірнеше негізгі әдеп ережелерімен таныстырғанды жөн деп таптық.

Марафон – қатысушылары көп жүгіру жарысы. Тәртіпті сақтау үшін ұйымдастырушылар тарабынан қамтылатын шаралар жеткіліксіз болғандықтан, жаппай жүгірудің жазылмаған заңдары көмекке келеді. 21 сәуірде өтетін «Алматы марафоны» қарсаңында сіздерді жүгірушінің бірнеше негізгі әдеп ережелерімен таныстырғанды жөн деп таптық.  

Әр жыл сайын әлемде жүгіру марафондары танымал бола бастады. Қатысушылар саны артып, ал жүгіру жарыстарының ауқымы кеңейе түсті. Ұйымдастырушылар үшін кез келген марафонның негізгі міндеті - қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны іс-шара туралы жарқын және жағымды естелік қалдыратын нағыз спорттық мерекеге айналдыру. Сол себепті жүгіру кезінде сізге және өзгелердің мейлінше қауіпсіз түрде қатысуына көмектесіп қана қоймай, процестен жағымды эмоция алуға мүмкіндік беретін бірнеше ереже бар. Әр жүгіруші ұстануы тиіс 9 ережені қарастырайық:

1. Сөредегі орын

Сөре кезінде адамдарды айналып жүгіру ашу туғызады. Ірі марафондарда спортшылар шапшаңдығына қарай топтарға бөлінеді. Бірінші қатарда дайындықтан өткен қатысушылар, ал нәтижеден гөрі қатысуға ден қоятындары қашықтыққа соңғы болып аттанады. Егер сіз үшін бірінші орын алу маңызды болмаса, жүгірудің бірінші қатарына қалай болса да жетуге тырыспаған жөн. Кері жағдайда, өзгелерге кедергі келтіріп, ештеңе ұтпайсыз: чип-уақытты санау тек сөре сызығынан өткеннен кейін басталады.

2. Әуесқой көшбасшылар

Тез жүгіретін қатысушыларға кедергі болмас үшін жүгіру кезінде қатарға екі адамнан артық тұрмаңыздар. Таныстарыңызбен жүгіру кезінде сөйлесу үшін оның артында немесе алдында жүгірген дұрыс. Дегенмен, өздігіңізбен жүгірген жөн. 

3. Бәтеңке бауын жол жиегінде байлау керек

Сізге дем алу үшін немесе бауыңызды байлау үшін тоқтау қажет болса, бұл туралы айналаңыздағы адамдарға ескерткен жөн. Қолыңызды жоғары көтеріп, қатты дауыспен: «тоқтаймын» деп айтқан дұрыс. Айқайлауға күшіңіз болмаса, дене қимылымен білдіруге болады. Бұл ретте өзге жүгірушілерге кедергі келтірмеу үшін жол жиегіне шыққан дұрыс. 

4. Сусындар бәріне жетеді

Тамақтану және су ішу пункттерінде мейлінше мұқият болу қажет. Су, энергетикалық сусындар мен банандар тұрған үстелге жүгірмес бұрын, артта жүгіріп келе жатқан өзге қатысушылардың жолын бөгемейтініңізге көз жеткізіңіз. Сусындар бәріне жететіндіктен, бірінші тұрған үстелге жүгірудің қажеті жоқ. Тас жол бойында және мәре қалашығында су ішу және тамақтану пункттері болады. Әріректе тұрған нүктелерге барған дұрыс. Жалпы, жүгіру кезінде су ішпеу керек. Жарысқа дейін кішкене су ішіп, қашықтықты еңсергеннен кейін жоғалтқан су тепе-теңдігін қалпына келтіруге болады.

5. Дұрыс сіңбіріп, дұрыс түкіре білу қажет.

 

Ағым ортасында жүгіріп келе жатсаңыз, түкірмеңіз. Кері жағдайда, біреудің киіміне түкіріп жіберуіңіз мүмкін. Бұл өте жағымсыз жайт.

Сонымен бірге, жүгіру кезінде тас жолға сіңбіру тазалыққа жатпайды және дұрыс емес. Марафондардағы қашықтықтарды еңсеру кезінде ең бастысы мәре сызығына жету екенін білеміз, дегенмен, сіз жалғыз жүгірмегендіктен, әдеп және тазалық ережелерін ұстану қажет.

6. Қоқыс тастауға болмайды

Тас жолға немесе сөре-мәре қалашығына қоқыс тастамаңыз. Стақандар, бөтелкелер мен өзге де қоқысты сөре қалашығында және марафон қашықтықтарында қойылатын арнайы бактарға тастау қажет.

7. Еріктілерге арналған жылы сөздер

Марафонға қатысушылар жиі еріктілердің жұмысын ескермейді. Жүгіру кезінде жақсы мінез көрсету ережелерін ұмытуға болмайды. Сіздердің ыңғайлы жүгірулеріңіз үшін жұмыс істейтін еріктілерге алғыс сөздерді айтуды ұмытпаңыздар.

8. No music drama

 

Марафондар ережесіне сай, портативті плеерлер, гаджет пен құлаққаптарды қолдануға тыйым салынған. Қатты шығатын музыка ұйымдастырушылардың қандай да бір маңызды хабарламаларын, өзге де қатысушылардың ескерту ретіндегі айқайлап айтқан сөздерін естуге кедергі болуы мүмкін. 

9. Мәреде көңілді болыңыз

Соңғы болып келмеген жағдайда, мәре сызығынан өткеннен кейін бірден тоқтамаңыз. Сызықтан кейін бірден асфальтқа отыра қалу мәрешілердің денсаулығына қауіпті. Сондай-ақ, ақырғы сурет сәтті шығуы үшін көңілді болуды ұмытпаңыз!

Марафондарға қатысқанды жақсы көрсеңіз, бұл ережелер сіздің үлгілі жүгірушіге айналуыңызға көмектеседі! Сонымен бірге, осы қарапайым кеңестерге құлақ асу арқылы жүгіруді бастау ешқашан кеш болмайды. Әлемде марафоншылар осы ережелерді ұстанып, ұйымдастырушыларға спорт мерекесін ойдағыдай өткізуге көмектеседі. Сөреге шығып, жүгіруден рахат алыңыз!  

 

Сайтқа кіру
Восстановление пароля