28 қыркүйек 2018

Сіз бірнеше мәрте спортпен шұғылдана бастап, алайда әркез тез бас тарттыңыз ба? Жаттығуды бастағыңыз келсе де, оны қалай қолға алу керектігін білмейсіз бе?

Сіз бірнеше мәрте спортпен шұғылдана бастап, алайда әркез тез бас тарттыңыз ба? Жаттығуды бастағыңыз келсе де, оны қалай қолға алу керектігін білмейсіз бе?

Дене шынықтырудың денсаулыққа пайдалы екені, дегенмен жаттығуды әдетке айналдырудың қиынға соғатыны бәріне аян. Спортпен айналыса бастау көптеген адамдар үшін оңай емес.

Біз сауалнама жүргізу арқылы спортпен тұрақты түрде шұғылдануға не кедергі болатынын және қандай спорт жаттығулары көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынын білдік.

Сауалнамаға сай спортсүйгіштер – 51,7 % және түрлі себептермен (ауа-райы кедергі, жұмыста кешігемін, аяқ киім тар, мысықты тамақтандырып үлгермедім...) одан бас тартатындардың - 42 % , пайыздық ара-қатынасы мейлінше жақын.  

Сауалнамаға қатысқандар жаттығуға бару қажет пе, жоқ па деген сұраққа жауап берерде көңіл-күй, эмоционалдық жағдайларына қарайды. Сол себепті жаттығуға баратын күнді таңдау қиынға соғады. «Әркез түрліше» деген жауапты сұралғандардың 47% таңдады. Ал, 16.8% мұндай күндер жоқ, «мен машинамын» деп сенімді түрде жауап берді. 

Респонденттердің көбі, яғни, 45,6% кешке жаттыққанды қалайды. Ал, 36.6% ерте тұрып, жаттығуға барады.

Сауалнамаға қатысқандардың 89.2% жүгіруден бөлек (62.4 % Алматы марафоны 2019-ға дайындықты бастап кетті) спорттың өзге де түрімен айналысады. Ең танымалы фитнес-клубта жаттығу – 37.2%. Одан кейінгі сұранысқа ие спорт жаттығулары  - велоспорт пен жүзу. Сұралғандардың 21,5 пайызы уақытпен бірге жүреді, демек қазіргі кезде триатлонмен айналысатын адамдардың саны көбейіп жатыр.

Жауап бергендердің көбі (43.6%) спортпен аптасына 3-4 мәрте шұғылданса, 31.2% аптасына 1-2 мәрте айналысады. 

Өміріңіз қаншалықты белсенді болса, соншалықты деніңіз сау, өмір сүруге құлшыныс жоғары болады.  Өзіңізді аямай, қолда бар ресурстарыңызды пайдалана біліңіз! Жалқаулыққа берілмей, спортпен бүгін айналысыңыз! Сонда ғана жақын келешекте спорттың пайдасын сезіне аласыз!

Зерттеу кезеңі: 9 тамыз 2018 - 24 қыркүйек 2018.

Сауалнамаға 334 адам қатысты

Өңір: Қазақстан

Сайтқа кіру
Восстановление пароля