14 қыркүйек 2018

«Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры үшінші қайырымдылық нысаны – спорт алаңын интеллектуалдық дамуы шектелген балаларға арналған №6 арнайы мектеп-интернатына сыйға тартты.

«Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры үшінші қайырымдылық нысаны – спорт алаңын интеллектуалдық дамуы шектелген балаларға арналған  №6 арнайы  мектеп-интернатына сыйға тартты.

Спорт алаңының салтанатты ашылуына «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева, World Class Almaty фитнес-клубының бас директоры Валихан Тен, сонымен бірге алматылық «Қайрат» футзал клубының жетекші ойыншылары Серік Жаманқұлов, Хоссейн Тайеби және «Алматы марафонының» серіктестері қатысты.

-Ең алдымен біз 22 сәуірде сөреге шыққан қатысушыларға алғыс айтамыз. Жүгіруді жақсы көретін белсенді, спортсүйгіш жандардың көмегімен біз осындай қайырымдылық істерін жүзеге асырып, қатысуға ниет танытқан адамдарды спортқа тарта аламыз. Алматы марафоны – бұл қаламыздың өмірін жарқын әрі салауатты етуге арналған әлеуметтік, спорттық жоба. Балаларға көмектесу мүмкіндігі жаңа жобалармен айналысуға бізге күш береді. Балалардың футбол ойнағанды қаншалықты жақсы көретініне куә бола отырып, мен осындай ауқымды шараның бір бөлігі болғанымды шын жүректен мақтан тұтамын», - деп World Class Almaty фитнес-клубының бас директоры Валихан Тен өз ойымен бөлісті.

     

Спорт алаңының салтанатты ашылуы оқушылардың меймандарға арнап көрсеткен шағын концертіне ұласты.

Шараның ең есте қалар сәті – бұл оқушылар командасының футболшылар құрамасы мен ұйымдастырушыларға қарсы ойнауы. Ойында №6 арнайы мектеп-интернатының оқушылары 3:0 есебімен жеңді.

- «Балалардан спортқа, әсіресе, футболға деген қызығушылығы ынтасы байқалады. Жағымды энергия және команда күші олардан допты тартып алуды қиындатып жіберді», - дейді Азия чемпионы, «Қайрат» футзалы клубының ойыншысы Хосейн Тайеби.

Футбол – тек ұлдарға арналған ойын емес. Оқушы қыздар мамырда мектепте Special Olympics Almaty филиалы клубтары арасындағы шағын футболдан қалалық турнирде 3-орын алды.

Сегізінші «Алматы марафоны» 2019 жылғы 21 сәуірде өтеді. Оған тіркеу дүйсенбі қыркүйектің 17-де ашылды. Жаңа жылға арналған қайырымдылық мақсаттары қазан айында мәлім етіледі. 

Сайтқа кіру
Восстановление пароля