11 қыркүйек 2018

Бүгін Есік қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына көпфункционалды спорт алаңын сыйға тарту және оның ашылу салтанаты өтті. Жобалардың іске асырылуына қатысты таныстырылымға тек серіктестер емес, сонымен бірге Алматы марафонына қатысушылар да жиналған.

Бүгін Есік қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына көпфункционалды спорт алаңын сыйға тарту және оның ашылу салтанаты өтті. Жобалардың іске асырылуына қатысты таныстырылымға тек серіктестер емес, сонымен бірге Алматы марафонына қатысушылар да жиналған.

Жаңа футбол алаңын ресми түрде ашу мәртебесі «Бірінші болуға батылдық» корпоравтитік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаеваға берілді.  

- «Салауатты өмір салты мен спортты насихаттай отырып, біз спорт мүмкіншіліктерінің жан-жақты екенін және әр адам спортты өзінің жүйелі және сүйікті істерінің қатарына қоса алатынын көрсеткіміз келеді. Біздің марафон арқылы дені сау, күшті және өз стилі бар ұлт қана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге әр қатысушының бойына жауапкершілік пен ризашылықты сіңіруіне үлес қосамыз,- дейді Салтанат Қазыбаева.

 

Ресми ашылу бөлігінен кейін мектеп оқушылары орыс және қазақ тілдерінде ән шырқап, шағын концерт қойды.

«Біздің балалар көптеген қалалық және республикалық бәйгелер мен жарыстарға қатысады. Бірнеше оқушы Алматы марафонына қатысты, ал жақында, 15 қыркүйекте гоубол бойынша республикалық чемпионат (зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған дисциплина). Мұндай ойында доп тек еденмен сырғиды. Чемпионатқа біздің мектептің намысын қорғауға 4 оқушы барады. Енді оларда жаңа жеңістер үшін жаттығуға және шеберлікті шыңдауға жадбықталған алаң болады. Бұл қайырымдылық іске үлес қосқан әр адамға алғыс айтамыз»,-дейді мектеп директоры Гүлнәр Дүйсенайқызы.

Футбол алаңы таныстырылы нағыз кәсіби футболшылардың қатысуымен өтті. Бірінші ойынды балалар қазіргі таңда Еуропаның ең мықты клубтарының бірі саналатын «Қайрат» Алматы футзал клубы құрамасынан келген Дуду және Хосейн Тайеби тәрізді футболшылардың қатысуымен өткізді.

Биыл Алматы марафоны 3 қайырымдылық ісін жүзеге асырды. «Мен сенімен біргемін» онкологиялық ауруға шалдыққан балалар хосписі, интеллектуалдық дамуы шектелген балаларға арналған № 6 орташа мектеп-интернаты және Есік қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына арнап спорт алаңдары тұрғызылып, спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды.

 

Келесі Алматы марафоны 2019 жылы 21 сәуірде өтеді. Кезекті шараға жаңа қайырымдылық мақсаттары таңдалып, олардан түскен қаражат қатысушылардың сөрелік жарналарына бағытталады.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля