03 қыркүйек 2018

29 қыркүйекте Әйелдерге арналған жыл сайынғы сұлулық пен үйлесімділікке толы жүгіру жарысы өтеді. Оқиға бірегей сипатқа ие және қала мен өңір қыз-келіншектерін белсенді өмір салтына тартуге арналған. Кезекті тақырыптық бәйге ауқымды 2019 Алматы марафонына дайындық аясында өтеді.

29 қыркүйекте Әйелдерге арналған жыл сайынғы сұлулық пен үйлесімділікке толы жүгіру жарысы өтеді. Оқиға бірегей сипатқа ие және қала мен өңір қыз-келіншектерін белсенді өмір салтына тартуге арналған. Кезекті тақырыптық бәйге ауқымды 2019 Алматы марафонына  дайындық аясында өтеді. 

Әйелдер арасындағы жүгіру жарысы – дәстүрлі оқиға, Fun Run форматындағы жүгіру жарысы жеңісті аңсау мен бәсекелестіктен гөрі қашықтықты еңсеру мен шараға қатысудан ләззат алуға мүмкіндік береді. Биыл жарыстар үшінші мәрте өткелі отыр. Жыл сайын сөреге жасапмаз және спортты жақсы көретін қыздар шығады. Биылғы жүгіру жарысы кино кейіпкерлері стиліндегі тақырыптық сипатқа ие. Қатысушылар сөреге ерекшеленетін макияж және атрибутикамен, сондай-ақ, толыққанды костюм киіп шыға алады. Сырт келбеттің бір ережесі қатысушылардың қауіпсіздігі мен олардың жақсы көңіл-күйіне ештеңе кедергі келтірмеуі тиіс дегенге саяды.

«Әйелдердің жүгіру жарысы біздің тобымыздың күзгі дәстүріне айналды», - дейді «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік Қорының директоры, ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева. «Әйел үшін спорт  - ол тек сұлулық пен денсаулық қана емес, сонымен бірге ол қазіргі заманның қыз-келіншектеріне мақсатқа талпынушылық, жетекшілік қабілеттер, өз-өзіне деген махаббат, жоспарлау және соның нәтижесінде бәріне үлгеру, өз балаларын спортты жақсы көруге және салауатты өмір салтына баулу тәрізді қасиеттерді дамытуға көмектесетін шынайы мәдениет. Қазақстандық спортта әйелдер ерлерден аз. Біздің мақсатымыз – жасқа қарамастан спорт әр әйел үшін жай, көңілді және пайдалы іс екенін дәлелдеу. Бұған қоса, осындай қолдаудың болуы бір ғанибет!».

Биыл сөреге шамамен 350 спортсүйгіш леди шығады. Біреуі үшін бұл кезекті сөре болса, ал өзгесі қашықтыққа алғашқы рет жүгіреді. Тіркеу қазір ашық. Қыз-келіншектер 8 км қашықтықты қаланың ең әдемі жерлерінің бірі Атакент саябағында еңсереді.

«Спортта бәрі тең. Бұл істе жас, әлеуметтік жағдай және жынысына қарай шектеулер болмайды. Алматы марафонына ең үлкен қатысушысы 80 жаста болды. Әйелдер жалпы қатысушылардың 45 пайызын құрады. Алматы марафоны түрлі елдерден келген адамдардың ауқымды мерекесі болса, ал Әйелдердің жүгіру жарысы - ниеттес жандармен бірге қыркүйектің жылы күнінде саябақта жүгіруіне берілген жақсы мүмкіндік. Трассаны жүгіріп өтуден алған көңіл-күй, жүйелі жаттығулардан кейін алатын әсерің жарты сағат ұйқыңды таңғы жүгіру мен Әйелдердің жүгіру жарысына айырбастауға тұрарлық»,- дейді Алматы марафонының негізін қалаушы, «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік Қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Айжан Есім.

Сөре мен мәреде қатысушыларға белгілі қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова қолдау көрсетеді. Әртіс жыл сайын Алматы марафонына қатысып, спортпен шұғылданады.

Сөреге 15 жастан бастап барлық қатысамын деушілер онлайн-тіркеуден өткеннен кейін жіберіледі.

Қатысу құны: 3000 теңге.

Жеңіпаздар өз жас санаттарына қарай алқа және сыйлықтармен марапатталады. Абсолютті чемпиондарға ақшалай жүлде табыс етіледі. Дәстүр бойынша, барлық мәрешілерге алқа тағылады.

 Жарысты ұйымдастырушылар – «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік Қоры, «World Class Almaty» фитнесс-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля