14 маусым 2018

Ғалымжан Есенов : – «Қазіргі заманда ең басты әрі сенімді капитал – білім».

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры Қазақстанның жас ғалымдарының дамуы мен ел игілігі үшін қызмет етуіне көмектесіп келеді. 5 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан Қордың 13 мың бенефициары бар. Олардың арасында жас ғалымдар, зерттеушілер, бағдарлама жасаушылар, ұстаздар, ең интеллектуалдық ойын – шахмат жаттықтырушылары мен спортшылары бар. 

 «Біз 2013 жылдың ақпан айында жұмыс істей бастадық », - дейді Қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева.– «Бес жыл бойы 50 жобаны жүзеге асырдық. Еліміздің интеллектуалдық әлеуетін дамытуға арналған бірнеше танымал және маңызды бағдарламаларды атай аламын. Олардың қатарында әлем зертханалары мен Кремний жазығының IT-стартаптарында ғылыми тағылымдамалар, Есенов стипендиясы мен Қазақстанның аймақтық ЖОО-да ағылшын тілі бағдарламасы, «Есенов оқулары» дәрістері мен кітап басылымдары, «Мектептегі шахмат», «Тілек шыршасы» қайырымдылық жобасы. Нәтижелер туралы түсініктің болуы үшін дүние жүзі зертханаларындағы тағылымдамалар аясында 52 талантты қазақстандық студент АҚШ, Канада, Швейцария мен Қытай, Британия мен Швеция ғылыми мекемелерінде баға жетпес тәжірибе жинады. Олардың үштен бірі Стенфорд, МІТ, Caltech, Oxford және әлемнің өзге де жоғарғы оқу орындарына түсті».

Қор көптеген студенттердің арманын орындады және жыл сайын білім беру гранттарына арналған бағдарлама мен бәйгелердің қатарын арттырып келеді. Биыл 3 жаңа білім беру бағдарламасы ашылды.

«Олардың екеуінің мақсаты – магистранттар мен жас мамандарға қолдау көрсету. 5 грантты ғылыми қызметкерлер мен магистранттардың әлемнің ғылыми зертханаларында тағылымдамалардан өтуіне бөлдік. 2 грантты басқа бәйгеміздің жеңіпаздарына кез келген шетелдік жоғарғы оқу орнынына магистратураға түсуіне бөлеміз. Үшінші жоба – мәліметтер сарапшыларына арналған Yessenov Data Lab жазғы мектебі. ALMAU-мен бірлескен бұл жоба Kaspi банк серіктестігімен жасалып отыр. Мектептің 20 студентіне EPAM Systems пен «Яндекс Money» мәліметтер сараптамасының жетекші мамандары сабақ береді.

Академика Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры «Алматы марафоны» спорттық іс-шарасының ұйымдастырушысы ретінде танымал «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қорының құрылтайшысы болып табылады. Марафонды құру идеясы Шахмардан Есенов атындағы қордың негізін қалаушылар –  Ғалымжан Есенов пен Айжан Есімге тиесілі.

 «Академик Шахмардан Есенов атындағы қордың құрылуынан 1 жыл бұрын  World Class спорттық клубтары желісінің алматылық франшизасының мерейтойын ерекше түрде атап өту идеясы пайда болды. Бұл шараны Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын  салауатты өмір салтына және әлеуметтік белсенділік танытуға тарту үшін Нью-Йорк және Лондон тәрізді қайырымдылық марафонын ұйымдастыру арқылы ерекше ету мақсат болды. Оны Орталық Азиядағы ең ірі спорттық іс-шараға айналдыру көзделді. Бұл арман орындалды. Биыл ол жетінші мәрте өтті. Марафонға жүйелі түрде әлемнің 40 елінен келген 10 мыңнан астам қатысады.  Былтыр академик Ш.Есенов атындағы қор марафонның ресми құрылтайшысына айналды»,-Алматы Марафоның пайда болуы туралы сөзінде Айғаным Малишева осылай деп мәлімдеді.

Биыл Алматы марафоны сөресіне 14 000 қатысушы жиналды. Марафон – тек жүгіру жарысы ғана емес. Бұл - бұқаралық спортты қолдайтын және дамытуға үлес қосатын, салауатты өмір салты мен қайырымдылықты насихаттаушы адамдар мен компаниялардың басын қосатын үлкен әлеуметтік алаң. Алматы марафоны қатысушыларының тіркеу жарнасына төлемінен түскен қаражат айрықша қажеттіліктері бар балаларға арналған спорттық инфрақұрылымға жұмсалады.                   

 «Біздің ғылыми-білім беру қоры марафонғы концептуалдық және стратегиялық мәселелер жағынан қолдау көрсетеді. Мысалы, ашық жұмыс істеудің негізгі қағидаларының сақталуын қадағалауды енгізу, инжиниринг пен ішкі жұмыс үрдістерін бақылау және т.б. Біз дамудың басты бағыттарын айқындауға көмектесеміз. Қор «Алматы марафонның» әкімшілік шығындарын өтегенімен де, біз қазақстандықтар үшін маңызды жобаларды ойлап тауып, олардың жүзеге асыратын доспыз деп айта аламыз».

«Алматы марафонынан» бөлек, «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры жүйелі түрде дәрістер циклін мен Спорт жәрмеңкесін, маусымдық және тақырыптық жүгіру жарыстары, веложарыстар, пауэрлифтинг бойынша Қазақстан және Азия чемпионаттарын өткізік келеді.  

Барлық іс-шаралар салауатты өмір салтына және Алматы қаласының ғана емес еліміздің тұрғындары арасында белсенді әлеуметтік ұстанымдарды насихаттауға бағытталған.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля