04 маусым 2018

AGE санатындағы 18 жасқа дейінгі 35 триатлет Grace Race-2018 (indoor) бас жүлделері үшін күреске түсті.

AGE  санатындағы 18 жасқа дейінгі 35 триатлет Grace Race-2018 (indoor) бас жүлделері үшін күреске түсті. Алматы триатлон федерациясы (АТФ) ұйымдастыруымен əйелдер арасында өткен Алматы ашық чемпионаты дəл осындай аталған еді. Бұған дейін біздің елімізде триатлон бойынша əйелдер жарыстары өткізілмеген болатын. Шараның ашық мəртебесі оған тек қазақстандық қана емес, шетелдік спортшыларға да қатысуға мүмкіндік берді.

- Біздің чемпионатымыздың басты мақсаты – бұл əйелдер арасында триатлонды танымал ету, - деп əңгімелейді АТФ атқарушы директоры Руслан Когай. – Оның үстіне, ХАК спорттағы нағыз гендерлік революция туралы жариялады – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының  бағдарламасына əйелдер қатысатын спорттың 15 жаңа түрі қосылды.       

Grace Race чемпионатына келетін болсақ, ол «бір деммен» өтті деуге болады. Спортшылар үш ағынға бөлінді, бұл ретте əрқайсысының өз төрешісі болды – бүкіл қашықтық бойы ол тек нəтижелерді бақылап қана қоймай, өз визавиін қолдап отырды.

Жарыстардың бас төрешілігін жүзу бойынша КСРО халықаралық санатындағы спорт шебері, республикалық деңгейдегі жаттықтырушы Юлия Синицына жүргізді.

- Триатлон барған сайын əйелдердің жүректерін жаулап алуда, - деп өз ойымен бөлісті Юлия. – Көптеген бикештер бүгінгі таңда осы спортқа  өз мүсіні мен сымбаттылығын шыңдай түсу үшін келеді. Бұл дегеніңіз, бұлшық еттерге салмақ түсірмей, денені «құрғататын» кардио-жүктемелер; бұл аяқты ширата түсетін велосипед; бұл арқа мен иықты əдемі ететін жүзу спорты. Сонымен қатар, триатлон жеке тұлғаның өсуіне көмектеседі, ерік-жігер мен жинақылықты ұалыптастырады.  

Шын мəнінде, «Супер-спринт» (400 м – жүзу, 10 км – веложарыс, 3 км - жүгіру) сайыстарының пішіні бір секундқа да босаңсуға мүмкіндік бермеді. Қыздар өте тығыз топтармен жүріп отырды, жəне де үздіктерден қалып отыру қашықтығы барынша азая түсті.

Соған қарамастан, ең үздік деп қазақстандық Сəуле Досжанова атанды, оның уақыты - 29:32:21. Чемпионнан сəл ғана қалып қойған овсем - Камиля Сыздыкова (Қырғызстан, 31:37:80), үшінші орында – Қырғызстаннан келген Айзада Тыналиева (31:44:52).

- Бұл деген керемет, Қазақстанда əйелдер сайыстарын өткізе бастады! – деп қуанышын жасырмады Сəуле Досжанова. – Біздің спорт түрі өте қызықты əрі тартымды болуымен қатар, ол өтə əсерлі болып табылады! Əйелдер триатлоны қашықтық əдемілігінен бастап денеге жарасымды қонатын ашық түсті костюмдерге дейін əсерлі жəне сұлу болып келеді. Мұнда көретін қызық жетерлік!  

Сайтқа кіру
Восстановление пароля