03 мамыр 2018

Алматы марафоны 2018 ауқымды спорттық шарасы шеңберінде БАҚ өкілдері арасында ең үздік материал үшін «Жүгіру - өмір сүру стилі» журналистік жұмыстар байқауы аяқталды.

Алматы марафоны   2018  ауқымды спорттық шарасы шеңберінде БАҚ өкілдері арасында ең үздік материал үшін «Жүгіру -  өмір сүру стилі» журналистік жұмыстар байқауы аяқталды.

Алматы марафоны командасы сіздерге осы шараға қатысқандарыңыз үшін алғыс айтады! Біз әр қатысушы өзінің жұмысын қызықты етіп жазып, оқырманға Марафон туралы әсерлі әңгіме баяндағанына ризашылығымызды білдіреміз! Сіздермен ынтымақтасуға қуаныштымыз.

Байқауға қазақстандық БАҚ- дың құрамдағы және құрамнан тыс қызметкерлері, сонымен бірге блогерлер қатысты.

2018 жылғы ақпанның  19-нан бастап 2018 жылғы сәуірдің 11- не дейін эфирге шыққан немесе БАҚ-та жарық көрген байқау жұмыстары арасынан таңдау жасалынды. Бағалау кезінде жұмыстардағы туралық, материалды дайындаудағы кәсіби деңгей, ақпараттың жаңашылдығы, айрықшалығы, стилі, мазмұндау тілі мен дәлдігі назарға алынды. 

Байқау жеңіпаздары:

1 орын – Алексей Мальченко, «Московский комсомолец Казахстан» газеті.

Мақала тақырыбы: «Алматы в предвкушении старта самого массового спортивного события в Казахстан»

2 орын – Қайрат Орынов, Almaty TV телеарнасы.

«Күліп оян» бағдарламасы

 3 орын - Байтеміров Талғат, блогер.

Мақала тақырыбы: «Марафон Алматы, впечатления, опыт участия, сравнение разных дистанций»

Әділ қазылар таңдауы – Марина Пестрякова,  «Вечерний Алматы» газеті.

Мақала тақырыбы: «А я бегу по Алматы»

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Жеңіпаздарға сыйлықтарды Алматы марафоны 2018 Құрметті серіктесі – “Sulpak” компаниясы ұсынды:

•      1 орын  – Samsung Galaxy Tab E планешті

•      2 орын – Samsung Galaxy Tab A6 планшеті

•      3 орын – Samsung Galaxy Tab A6 планшеті

•      Әділ қазылар таңдауы – Lenovo Tab 7 Essential планшеті

Sulpak байқаудың барлық қатысушыларына ынталандыру сыйлығын береді!

Құттықтаймыз!

Сайтқа кіру
Восстановление пароля