17 сәуір 2018

Сәуірдің 22-сі күні Орталық Азиядағы жүгіруден ең ауқымды сайыс - Алматы марафоны өтеді. 14 мыңнан астам спорт әуесқойлары сөреге шығып, қаланың басты көшелері бойымен жүгіреді.

Сәуірдің 22-сі күні Орталық Азиядағы жүгіруден ең ауқымды сайыс  - Алматы марафоны өтеді. 14 мыңнан астам спорт әуесқойлары сөреге шығып, қаланың басты көшелері бойымен жүгіреді.

Олардың арасында 10 жастан бастап 14 жас аралығындағы 700 жас спортшы Алматы марафонында 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтеді. Биыл тіркеу жарнасын төлей алмағандарға шара демеушілері қолдау көрсетті. Осылайша, Ұлттық Олимпиада Комитетінің (ҰОК) қолдауымен 100 шақты бала жүгіреді.

ҰОК жәрдем көрсеткен жас спортшылардың барлығы Алматы марафонында Индонезияда 2018 жылғы тамыздың 18-нен қыркүйектің 2-не дейін өтетін Азия Ойындары-2018 эгидасымен қатысады.

Балаларға арналған 3 шақырым қашықтыққа 10 жастан бастап 14 жасқа дейінгі балалар қатысады. ҰОК командасынан мәреге бірінші болып келген 30 балаға Азия Олимпиада Кеңесінің өкілдері естелік медальдар табыстайды. Ал, ҰОК командасының қатысушылары ОСА куәліктерін алады.

 Барлық жүгірушілерді Республика алаңынан күтеміз!

Сайтқа кіру
Восстановление пароля