20 қаңтар 2018

Жүгірушілер мен марафондық қатысушылар әуесқойларына арналған керемет жаңалық! Осы жылғы Алматы Марафон іс-шарасының аясында, біздің командамыз тегін ашық жаттығуларды өткізеді! Әр сенбі күнінің таңғы сағат 10-да Тұңғыш Президент саябағында жаттығамыз.

Жүгірушілер мен марафондық қатысушылар әуесқойларына арналған керемет жаңалық! Осы жылғы Алматы Марафон  іс-шарасының аясында, біздің командамыз тегін ашық жаттығуларды өткізеді! Әр сенбі күнінің таңғы сағат 10-да Тұңғыш Президент саябағында жаттығамыз.

Жастығына қарамастан, Марафонға апта жаттығуларның жаттықтырушысы Никита Федотовских. World class Almaty спорттың циклдік түрлері мектебінің жаттықтырушысы, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, тас жол бойынша топтық жарыста ҚР тау чемпионатының жүлдегері, тректе үшінші жастар ойынының жүлдегері, жеке жарыста Алматы қаласының чемпионы, «Прииртышье» көп күндік жарысында ҚР чемпионатының жүлдегері. Өз ісінің шебері Никита келесі 3 айдың ішінде жыл сайынғы спорттық іс-шараға дайындап ғана қоймай, сізді Марафонға денсаулыққа зиян келтірмей, сәтті нәтиже алу үшін бағыттайды.

Кез келген жүгіріс үшін базалық дайындық қажет. Себебі Марафондағы біздің ең аз қашықтығымыз – 10 км, оған іс-шара басталғанға дейін ұзақ уақыт дайындалу керек. Біздің жаттығуларымызда сіз кез келген қашықтыққа жүгірудің дұрыс техникасын игересіз, ағзаңызды белгілі бір жүктемеге дайындайсыз, деніңіз сау бола түседі және жүйелік жаттығу сіздің физикалық күйіңізге оң әсер етіп қана қоймай, сізді тәртіпті және төзімді етеді.

Біздің мақсатымыз сізді Марафонға дұрыс дайындау және іс-шараға жаттығуларды жағымды ету болып табылады!

Сонымен қатар спорттың циклдік түрлері мектебінде жеке жаттығулар бар, онда World class Almaty жаттықтырушылары әзірлейтін өзіңіздің жеке бағдарламаңыз бойынша сізді дайындайды. 3 айда денеңізді марафон қашықтығына дайындауға көмектеседі. Бастысы жаттығуды ертерек бастау! Жүгіру мектебі туралы ақпаратты сіз мына жерден біле аласыз http://triathlonworldclass.kz/

Алматы Марафонға бірге дұрыс және нәтижелі жаттық! Жүгіріс әуесқойларын және бастаушы марафоншыларды біздің апта сайынғы жаттығуларымызда күтеміз! Бірге мықтырақ боламыз!

Сайтқа кіру
Восстановление пароля