11 қараша 2017

«Алматы марафонының» маусымдық жүгірісі Дүниежүзілік диабетпен күресу күні қарсаңында өтті. Балалардың сөресінде Диа клубының және «Здоровье семьи» («Отбасылық денсаулық») қоғамдық қорының жүгірудің жас әуесқойлары қатысты.

«Алматы марафонының» маусымдық жүгірісі Дүниежүзілік диабетпен күресу күні қарсаңында өтті. Балалардың сөресінде Диа клубының және «Здоровье семьи» («Отбасылық денсаулық») қоғамдық қорының жүгірудің жас әуесқойлары қатысты.

Бірінші болып қант диабеті бар балалармен бірге 2 шақырымдық Балалар қашықтығының қатысушылары бастады, ал мәресінде оларды жүгірістің нәтижесіне қарамастан серіктестермен берілген арнайы сыйлықтар күтті. Сағат 10 кезінде жеке жүгіріс қатысушылары үшін 10 шақырымдық негізгі қашықтықтың, эстафеталар және скандинавтық серуендеу сөресі басталды.

Балалар арасында бірінші орынды Терехин Яков және Арсланова Яна иеленді. Абсолютті жеңімпаздар ретінде Красилов Михаил және Естерекова Аида болды. Ерлер мен әйелдер арасындағы ең жақсы нәтижелерге қол жеткізген мәреге жеткен алғашқы 3 адам 200 000 теңге мөлшеріндегі жалпы жүлде қоры өзара бөлісті, ал жеңімпаздар өздерінің жас санаттарында серіктестерден сыйлықтарды алды.

Күзгі жүгірістің нәтижелері

- Күзгі жүгірісте қатысушылардың рекордтық саны –650 астам адам қатысты. Біз кезекті рет жүгіріс Қант диабетімен күрес дүниежүзілік күні қарсаңында өткендігіне қуаныштымыз. Санофи компаниясымен бірге қант диабетін алдын-алу туралы ауқымды ақпараттық науқан өткізілді. Спорт және салауатты өмір салты ауру статистикасын айтарлықтай төмендетуі мүмкін, - деп «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева бөлісті.

- Бүгінгі күні Санофи қолдауымен Күзгі жүгірістің басталуына дейін флешмоб өтті – оның қатысушылары қант диабеті туралы хабардарлықты арттыру және Қазақстанда осы аурудың кеңінен таралуының өткір мәселесіне назар аударту мақсатында ауа шарларының көмегімен Қант диабетіне қарсы күрес дүниежүзілік күнінің символы болып табылатын көк шеңберді ұйымдастырды. Санофи компаниясы қант диабетіне қарсы күрес бағытында белсенді әлеуметтік қызметті жүргізетіндігін атап кеткен жөн. Біз алдын алу шараларына және салауатты өмір салтына ерекше көңіл аудартуға шақырамыз, - деп Санофи Қазақстан Басқарма төрағасы Ранга Веларатне (Ranga Welaratne) түсіндірді.

Күзгі жүгіріс 2017 жылы «Алматы марафонының» жүгірістен ақырғы шарасы болды. Келесі жарыс дәстүрлі түрде ақпан айында басталатын қысқы жүгіріс болады, ал 1 қаңтар күні 22 сәуірде жетінші рет өткізілетін «Алматы марафонына» тіркелу ашылады.


Сайтқа кіру
Восстановление пароля