22 қазан 2017

21 қазанда, сенбілік таңда, Тұңғыш Президент саябағында «Алматы марафонының» ең әдемі жүгіруі – Әйелдер жүгіруі өтті. Оған жүгірудің 300-ден астам әуесқойлары қатысты.

21 қазанда, сенбілік таңда, Тұңғыш Президент саябағында «Алматы марафонының» ең әдемі жүгіруі – Әйелдер жүгіруі өтті. Оған жүгірудің 300-ден астам әуесқойлары қатысты.

Қатысушылар парк бойымен 2 үлкен айналымын жүгіру арқылы 10 км қашықтықты бағындырды. Өздерінің жас санаттарында бірінші орын алған жеңімпаздар: 16-30 жас – Риана Зейналова, 31-44 – Екатерина Шатная, 45 жастан жоғары – Любовь Асанова. 1-ден 3 орындарды жеңіп алған қатысушыларға жүлделі медальдар және демеушілерден сыйлықтар тартылды, ал мәреде, ұйымдастырушылар бірін қалдырмай, қатысушылардың әрқайсысына жүгірудің айырықша медальдары мен раушан гүлдерін тарту етті. Биатлоншы, Олимпиада жүлдегері және ҚР спорт шебері Елена Хрусталёва, «Алматы марафонының» Әйелдер жүгіруінің құрметті қатысушысы болды.

 «Әйелдер жүгіруінің» нәтижелері

 zhz

Жүлделердің құрметті серіктесі Oriflame компаниясы болды, сонымен қатар сыйлықтарды Rocktape, Honey.kz компаниялары, Chaplin кинотеатрлар жүйесі және World Class Lite фитнес-клубы ұсынды. Шара Академик Шахмардан Есенов ат. ғылыми-оқыту қоры, World Class Almaty фитнес-клубы және Алматы қ. әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

- Бүгінгі жүгіру нағыз спорт пен сұлулық мерекесі болды, себебі осы анықтамалар көп жағдайда – синонимдер. Әйелдер жүгіруі көбісі үшін жүгірумен айналысуға бастамашы нүктесі болғанына біз өте қуаныштымыз, кейбір әйелдерге бұқаралық сайыстарға қатысуға көптеген себептермен қиын болады, сол себептердің бірі – психологиялық жайлылық. Ал мұнда өте жайлы жағдай және қолдау жасалған, - деді «Бірінші болу – батылдық» Корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева    

 zhz2

Көптеген қатысушылар көркем костюмдарда және салтанатты белдемшелерде келді, бұл сайыстың өзіндік дәстүрі болды.

 

Қазақстандық танымал тележүргізушісі және модель, екінші Әйелдер жүгіруінің Еркін ерік елшісі, Алёна Петрова, ең өзгеше костюмдерге киінген қатысушыларды жүлделермен марапаттады, және де жасы ең үлкен қатысушы – 67 жастағы Ауа Жұмановаға арнайы сыйлық жасады.   

 zhz3

 

 «Алматы марафонының» келесі шарасы бұл – тіркелуі 25 қазанда басталатын Күзгі жүгіруі болады.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля