01 тамыз 2017

1 тамыз күні almaty-marathon.kz сайтында жыл сайын өткізілетін Tour of World Class Almaty веложарысына тіркелу ашылады. Жарыс 20 тамыз күні өтетін болады. Жарыс ұйымдастырушылары: «Алматы марафон», World Class Almaty және Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Шара қазақтың ұлы ғалымы, академиктің 90 жылдығын атап өту аясында өтпек.

Осымен төртінші мәрте өткізілмек веложарысқа жаңадан  57 км қашықтық қосылатын болады. Бұл қашықтықтың ерекшелігі мұнда тек шосселік типтегі велосипедтері бар қатысушылар ғана жіберіледі. Қашықтыққа былтырғы жарысқа қатысқан ер адамдар (мәре уақыты 1 сағат 10 минутқа жетпейтін) мен әйелдер (мәре уақыты 1 сағат 20 минутқа жетпейтін) қатыстырылады.

вело

— «Tour of World Class Almaty-2017» стартына 1 000 адам шығады деп күтіп отырмыз. Қатысушылар тек Қазақстан тұрғындары ғана емес, шетелдік азаматтар да болмақ. 4 жылдан бері өткізіліп келе жатқан веложарысқа Қырғызстан, Ресей, Германия, Украина, АҚШ, Жапония, Нидерланды, Италия, Израиль және Түркия елдерінің әуесқой велошабандоздары қатысты, - деп бөлісті «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.

вело1

Веложарысқа қатысу үшін «Алматы марафонының» сайтына кіріп, тіркеуден өтіп, старттық жарна ақысын (қашықтықтың ұзақтығына қарай 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін) төлеп, 16-17 тамыз күндері старттық нөмірді алу үшін Наурызбай батыр 89/2 мекенжайындағы нөмірлерді беру орталығына келу қажет.

вело2  

 «Tour of World Class Almaty» әуесқойлары үшін кәсіби жарыс тағаттана күтетін жыл веложарысына айналған. Ұйымдастырушылар жарыстың өткізілуіне жыл сайын әлдебір өзгерістерді енгізіп отырады. 2016 жылы балалар қашықтығы  (14 км) енгізілсе, осы жылы 57 шақырымдық қашықтық енгізіліп отыр. 30  шақырымдық негізгі қашықтықтың бағыты да біраз өзгерістерге ұшырап, 4 шақырымға ұзартылды. Мән-жайларды  «Алматы марафонының» сайтынан білуге болады.  

Барлық жас категориясындағы жарыс жеңімпаздары медальдермен марапатталып, жүлде серіктестері ұсынған ескерткіш сыйлықтар алатын болады.  Серіктестер:

Wilier

Alpari

Omron – денсаулыққа арналған пайдалы тауарлар;

Happylon ұсынған сыйлықтар балалар қашықтығының жеңімпаздарына тарту етіледі;

Avene, NUXE – өз өнімдерін сыйлайды;

Rocktape –тейпингтеуге тегін купондар; 

Limpopo Giant брендмен – керек-жарақтарға сертификаттар;

Tayga8 – табиғи тайга өсімдіктерінен жасалған пайдалы сусындар;

EZ – спорттық футболкалар.

Дәстүр бойынша веложарысқа ауыз су серіктесі – As’u тұрақты қолдауын көрсетеді. Тасжолдағы қауіпсіздікті жедел медициналық жәрдем көліктері қамтамасыз ететін болады. Веложарыс серіктесі MEGA Alma-Ata сауда орталығының аумағына старттық және мәре қалашықтары жайғастырылады.

 

 

- Жарысқа қатысатыныма қатты қуанып отырмын. Осы жылы жаңа қашықтықтағы күрес қызады деп ойлаймын. Қандай уақытта мәреге жететінімді білмеймін, уақыт көрсете жатар. Мен үшін бастысы, жарысқа қатысып, барымды салу. Қатысушыларға қарап, қаламызда велосипедшілер саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқанын аңғаруға болады. Әсіресе, ата-аналар балаларына үлгі болып, оларды да жарысқа тартып отырғаны қуантады, - деп өз әсерімен кәсіби велошабандоз әрі жаттықтырушы  Максим Иглинский бөлісті.

 «Tour of World Class Almaty» веложарысы Алматы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанда тамыздың әр үшінші жексенбісінде атап өтілетін Спорт күнінде өтетін болады.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля