02 шілде 2017

2 шілдеде Алматы түбіндегі Қапшағай су қоймасында «Алматы Марафоны жүзуі» өтті. Жарыс стартына 150 әуесқой жүзуші қатысты.

2 шілдеде Алматы түбіндегі Қапшағай су қоймасында «Алматы Марафоны жүзуі» өтті. Жарыс стартына 150 әуесқой жүзуші қатысты.

«Алматы Марафоны» ұйымдастыру комитетінде хабарлағандай, барлық үш қашықтыққа - 500 м, 1000 м және 2000 м қатысқан жарыс қатысушыларын естелік төсалқаларымен марапатталды.
— Әуесқойлар арасында ашық су бетінде жарыс өткізу – біздің жаңа шарамыз. Неге тура ашық су бетінде? Өйткені, біз Қазақстанда триатлонды бірте-бірте дамытудамыз, бұл қызметіміздің келесі сатысы болады. Ал триатлонда, мәлім болғандай, жүзу кезеңі ашық су қоймаларында өткізіледі, — деп, «Алматы марафоны» директоры Салтанат Казыбаева айтып берді.

Бақылаушылар жарыс жоғары ұйымдастыру деңгейінде өтті деп айтуда. Барлық қатысушылар старт орнына Алматыдан жеткізілді, кері трансфер де ұйымдастырылды. Қашықтыққа қатысқан қатысушылар үшін түрлі түстегі бас киімдер қарастырылды.
Бірінші болып ең ұзын қашықтыққа — 2000 м — ер адамдар арасында 21 минут 36 секунд уақытымен Гусаков Илья, ал әйелдер арасында 22 минут 6 секунд нәтижесімен Ибраим Эльмира болды. 1 км қашықтықта алтынды Азарьев Евгений (11:45) және Румынская Ольга (13:16) алды. 500 м спринтерлік қашықтықта ең жақсы уақытты Рахметилдаев Улан (05:56) және Жумашева Алия (08:57) көрсетті. Жүзуге қатысушылардың нәтижелері «Алматы марафоны» сайтында жарияланған.
Ұйымдастырушылар— «Алматы марафоны» корпоративтік қоры, Академик Шахмардан Есенов атындағы қор және Алматы әкімшілігі жүзуді жыл сайынғы спорттық оқиғаға айналдыруға жоспарлауда.

 «Алматы марафоны» халықаралық қайырымдылық қоры Алматы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатымен өткізіледі. Ол Марафон мен Жүгірулердің халықаралық қауымдастығының мүшесі (AIMS) болып табылады және Орталық Азияның ең бұқаралық спорт шарасы деп танылды. Бірінші марафон 2012 жылдың 27 мамырында ұйымдастырылған. Марафон аясында жыл сайын әуесқойлар арасында спорттың әр түрлерінен 20 астам жарыс өтеді.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля