18 маусым 2017

2017 жылдың 18 маусымында Алматы қаласында «Astana Motors Дуатлон» – спорттың екі түрі: жүгіру жарысы мен веложарыс өтті. Жексенбілік таңда алаңға 300 жуық спорт әуесқойлары шықты.

2017 жылдың 18 маусымында Алматы қаласында «Astana Motors Дуатлон» – спорттың екі түрі: жүгіру жарысы мен веложарыс өтті. Жексенбілік таңда алаңға 300 жуық спорт әуесқойлары шықты.

Қатысушылар үш кезеңді: 4 шақырымға жүгіру, шосселік велосипедпен 14 шақырым жүріп өту және қайтадан 4 шақырымға жүгіру жарыстан өтті.

 22 шақырымды бағындырған спортшылар  «Astana Motors Дуатлон» естелік медальдарын алды. 1-3 орындарды иеленген қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры 1 миллион 920 мың теңгені құрады. Қос жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында  бірінші орындарды (өз жас категориясында): Рахымбаев Алмас (18-29 жас), Тулапин Сергей (30-39 жас), Юсупов Нуратдин (40-49 жас) және Қасымқанов Ербол (50 жастан асқан) иеленді. Әйелдер арасында алғашқылардың қатарында: Степанова Екатерина (18-29 жас), Шатная Екатерина (30-39 жас) және Керімбаева Нағима (40-49 жас). Жарыс қорытындысын Astana Motors Дуатлон Нәтижелері көруге болады. 

1

 Бұл жарыстар 25 жылдығын атап өтіп отырған «Астана Моторс» компаниясының мерейтойына орайластырылған. Бұл – «Алматы Марафонның» ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткізіліп отырған қазақстандық спортшылар үшін айтарлықтай жаңа жарыс форматы.

«Осы жылы өзінің 25 жылдығы атап өтіп отырған «Астана Моторс» компаниясы үшін спорт пен салауатты өмір салтына қолдау көрсету әлдеқашан игі дәстүрге айналған. Сол үшін де бізге жүгіру және  велосипед айдау жарыстары қатар ұштасқан спорттық шара – дуатлон сияқты әлдебір жаңа әрі қызықты дүниені өмірге келтіру идеясы келді. Өйткені Алматы қаласының тұрғындары бұл спорттың екі түрін де ұнатады. Біз керемет әсерге бөлініп, қызықты шара өткізе алдық. Қаламызда өткізіліп отырған бұл спорттық шараға орта буын да, аға буын да алматылықтардың қатысуы бізді қатты қуантып отыр», - деді «Астана Моторс» президенті Нұрлан Смағұлов.

1

«Бұл тек ұйымдастырушылар үшін ғана емес, Алматы қаласының спорт сүйер қауымы үшін жаңа тәжірибе. Біз бұған дейін де көптеген жүгіру жарыстары мен  «Tour of World Class Almaty» веложарысын өткізген болатынбыз. Алайда осы екі спорт түрін алғаш рет қосып көріп отырмыз. Бізді әуесқой спортшылардың дуатлонды жылы қабылдағаны қуантады. Бұл жағдай бізді Қазақстанда спорттың циклдық түрлерін одан әрі дамытуға ынталандырып, құштарландырады», - деп бөлісті «Алматы Марафонының» директоры Салтанат Казыбаева.

1

 Дуатлон Қазақстандағы әуесқой спорттың дамуына қолдау көрсету үшін Алматы қаласы әкімдігінің, «Бірінші болу батылдық» Корпоративтік қорының және  Қазақстанның  Триатлон Федерациясының ықпалдастығы мен қолдауымен өтті.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля