Алматы марафонының және Көктемгі жүгірудің сөрелік жинағы мен медалін қалай алуға болады:

  • almaty-marathon.kz сайтына кіріңіз
  • Логиніңіз бен құпия сөзіңізді қолдану арқылы жеке кабинетке өтіңіз. «Кіру» түймесі жоғарғы оң жақ бұрышта.
  • Егер құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» түймесін басыңыз, тіркелу кезінде қолданылған e-mail көрсетіңіз және көрсетілген поштаға хаттың келуін күтіңіз.
  • Жеке кабинетіңіздегі «Дербес деректер» бөліміне өтіңіз.
  • «Мекен-жай» жолын толтырыңыз, ұялы телефоныңыздың дұрыстығын тексеріңіз.
  • «Сақтау» түймесін басыңыз.

Деректерді 2020 жылдың 16 тамызына дейін толтыру қажет.

Сөрелік жинағымды қашан аламын?

Сіздің деректеріңіз кезек-кезек өңделеді. Өтінім толтырылғаннан кейін 5-7 жұмыс күні ішінде сізбен шабарман хабарласып, көптен күткен медальдарыңызды әкеледі!

Кеңсеге келіп, жинағымды өзім алып кете аламын ба?

Жоқ, Алматы марафонының кеңсесі жабық. Қызметкерлер қашықтан жұмыс істейді.

Сөрелік жинақтарды басқа қатысушылар, мысалы, достар немесе отбасы мүшелері орнына өзім алып кете аламын ба?

Әрбір қатысушы деректерді сайттағы жеке кабинетінде өзі үшін ғана толтырады. Яғни, сіз бір отбасының мүшесі болсаңыз (мысалы, жұбайы, зайыбы және баласы), сіздің әрқайсыңыз жеке кабинетке кіріп, деректер сәйкес келсе де, өз деректеріңізді (мекен-жайыңызды) толтыруыңыз қажет.

Сөрелік жинаққа не кіреді?

Сөрелік нөмір, чип, жаднама, хатқалта, қатысушының сөмкесі, медаль, сондай-ақ сатып алған жағдайда, қатысушының жеңіл жейдесі.

Көктемгі жүгірудің медалін ала аламын ба?

Егер сіз Көктемгі жүгіру 2020 және Алматы марафоны 2020 іс-шараларына тіркелген болсаңыз, жеке кабинеттегі ақпаратты толтырыңыз. Егер біздің базамызда сіздің атыңыз екі сөреге де қатысуға тіркелген болса, біз сізге екі іс-шараның да медалін береміз.

Егер сіз жарыстың біріне тіркелген болсаңыз, біз тек медальдардың біреуін ғана береміз (және Алматы марафонына тіркелген болсаңыз, сөрелік жинақты да).

Егер мен Алматыда тұрмасам, мен өзімнің мекен-жайымды жазып, өзімнің сөрелік жинағым мен медалімді ала аламын ба?

Иә, әрине. Өтінімдерді жеткізу және қабылдау Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша барлық қатысушылар үшін жүргізіледі. Өтінімді толтыру алгоритмі жоғарыда көрсетілген. 

Мен Қазақстанда тұрмасам, сөрелік жинағым мен медалімді қалай алып кете аламын?

Басқа елдерде тұратын (Қазақстанда тұрмайтын) қатысушылар үшін жеткізу қатысушының қаражаты есебінен рәсімделуі мүмкін.

Не болмаса, сіздің сөрелік жинағыңызды сіздің орныңызға Қазақстандағы танысыңыз алып кете алады. Бұл үшін, жеке кабинетіңізде оның мекен-жайын көрсетіңіз және оған жеке басын куәландыратын құжаттың суретін беріңіз.

Басқа опциялар Қазақстан тұрғындары үшін жинақтар берілгеннен кейін жарияланады.

Алматы марафоны 2020 жеңіл жейдесін алғым келеді. Оны қалай сатып ала аламын?

Егер тіркелу кезінде жеңіл жейдені сатып алмасаңыз немесе тағы біреуін сатып алғыңыз келсе, мына сілтеме бойынша интернет-дүкенге кіріңіз: https://www.almaty-marathon.kz/ru/store/

Жеңіл жейде құны 2 500 тг. Сайтта картамен немесе алған кезде шабарманға төлеуге болады. Жеткізу құны 500 тг.

Қосымша сатып алынған жеңіл жейдені және сөрелік жинақтар мен медальдарды әртүрлі шабарман қызметтері жеткізіп береді. Сіз жеңіл жейдені сатып алғаннан кейін, сізбен Алматы марафоны менеджері хабарласып, егжей-тегжейін түсіндіріп береді.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля