«Алматы марафоны» Марафоннан әлем чемпионатына қатысу үшін біліктілік жүгіру жарыстарының қатарына енді  

Марафоннан жас топтары бойынша AbbottWMM Wanda Age Group World Championship әлем чемпионатын Wanda Group-пен бірлесе отырып, Abbott World Marathon Majors ұйымдастырған.  Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен өздері таңдаған біліктілік жүгіру жарыстарында ең жоғары нәтиже көрсеткен 40-жастан асқан атлеттер қатысады.

2021-жылдың көктемінде өтетін екінші Чемпионатқа жолдаманы 2019 жылғы 30-қыркүйек пен 2020-жылғы 11-қазан аралығында өтетін біліктілік жүгіру жарыстарында мәреге сәтті жеткен спортшылар алады..

Біліктілік жүгіру жарыстарына қатысушылар 40-44, 45-49, 50-54, 55-59, 60-64, 65-69, 70-74, 75-79 және 80+ жас топтарына бөлінеді. Атлеттерге ұпайлар олардың жынысы, жасы және нәтижесіне сай беріледі.

 AbbottWMM сериясындағы біліктілік жүгіру жарыстарына қатысушылар үшін балдар қалай есептеледі?

Кез келген жас тобындағы жеңіпаз жинай алатын ең жоғарғы балл – бұл 4000 балл. Бұл ретте AbbottWMM сериясындағы марафондардың жас топтары бойынша жеңіпаздары автоматты түрде 4000 балл алады. 

World Marathon Majors (оның ішінде «Алматы марафоны») біліктілік жүгіру жарыстарына қатысатын атлеттерге арнап «платина уақыт» есептелінді.

Жеңіпаздан кейін мәреге 29 секунд ішінде жеткен атлет 10 баллға кем, яғни 3990 балл алады. Егер атлет мәреге жеңіпаздан кейін 30-59 секунд ішінде жетсе, ол 20 баллға кем, яғни 3980 балл жинайды. Ал, мәреге жеңіпаздан 60-89 секундқа кешігіп жеткен қатысушы 30 баллға кем, яғни 3970 балл алады.

Формуласы мынадай: әр жас және жыныс тобы үшін орташа  коэффициент қолданыстағы марафон рекордына көбейтіледі.

4000 балл алу үшін  «платина уақыт» өткенге дейін мәреге жету қажет. Әрі қарай AbbottWMM сериясындағы марафон қатысушыларына арналған 29 секунд ішінде қадам жасау тәрізді балл есептеу логикасы қолданылады.

Жүгіру жарысының жеңіпазы «платинадан» аз уақыт көрсетсе, оған (одан кейінгі мәрешілерге) берілетін балдар жеңіпаздың «платина» нәтижесін алуына жетпей қалған уақыт айырмашылығына сай азаяды. 

«Платина» нәтижелерінің толық тізімі:

Ерлер:

40-44 — 2:26
45-49 — 2:34
50-54 — 2:41
55-59 — 2:50
60-64 — 3:00
65-69 — 3:09
70-74 — 3:21
75-79 — 3:51
80+ — 4:17

Әйелдер:

40-44 — 2:46
45-49 — 2:48
50-54 — 3:04
55-59 — 3:18
60-64 — 3:33
65-69 — 3:48
70-74 — 4:09
75-79 — 4:51
80+ — 5:33

Сайтқа кіру
Восстановление пароля