Winter Run

Winter Run – «Бірінші болу – батылдық» КҚ-ның маусымдық қысқы жүгіруі.


Сөре орны: Алматы Арена
Winter Run
Іс-шара туралы

Winter Run – «Бірінші болу – батылдық» КҚ-ның маусымдық қысқы жүгіруі.

Өткізілетін күні: 2021 жылғы 27-28 ақпан.

Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтау мақсатында екі күн өтеді.

Жарыс бағдарламасы:
27 ақпан (сенбі) - 15-34 санаты;
28 ақпан (жексенбі) - 35 жастан жоғары және скандиваниялық жүріс санаты.

Өткізілетін орны: «Алматы Арена» мұз сарайының аумағы.

Қашықтықтар:
Жүгіру 11 км
Скандинавиялық жүріс 7 км.

Қатысу құны: 4000 теңге. Тіркелу міндетті. Қатысушыларды тіркеу www.almaty-marathon.kz сайтында 2021 жылдың 08 ақпанында басталып, 2021 жылдың 22 ақпанында немесе қатысушылар саны 2 000-ға жеткенде аяқталады.

Барлық қатысушылар лектерге бөлінеді. Әр лектің сөресі қатаң белгіленген уақытта өткізіледі. Әр қатысушы өзінің сөре уақыты жайлы хабарлама алады. Өз легінде (кластер) сөрені бастамаған қатысушы жарыстан шығарылады.

Қашықтықты жүгіріп өткен барлық спортшылар мәреші медаліне ие болады.

11 км қашықтығының әр жас санатындағы ерлер мен әйелдер арасындағы алғашқы үштік медаль, алғыс хат және серіктестердің сыйлықтарымен марапатталады.

Сөрелік жинақтарды беру 2021 жылдың 24 және 25 ақпанында жүзеге асырылады. Барлық қатысушылар лектерге бөлінеді. Әр лек өзінің сөрелік жинағын қатаң бекітілген уақытта алып кетеді. Әр қатысушы өзінің уақыты жайлы хабарлама алады.

Сөреге дейін бірнеше күн бұрын қатысушыларға ПТР сынағын тапсыруға кеңес береміз.

Қатысушы жарыстың Ресми ережелерде және спорттық іс-шарада ковид-19 вирустық аурудың таралуына қарсы күрес туралы ережелерде көрсетілген барлық ережелерді оқып, сақтауы керек.

Қашықтықтар
11 км 11 км Онлайн Скандинавиялық жүріс: 7 км

Жасы:
15 жастан бастап

Сөрелік жарна:
4000 тг

Жасы:
15 жастан бастап

Сөрелік жарна:
4000 тг

Жасы:
15 жастан бастап

Сөрелік жарна:
4000 тг

Серіктестер
Серіктестер:
Қолдаушылар:

Біз қажетсіз мәлімет жібермейміз, тек қана біздің іс-шараларға қатысты ақпарат қана

Сайтқа кіру
Восстановление пароля