Ресми ережелерi

«VISA Tour of World Class Almaty 2022» ЕРЕЖЕСІ

(05.08.2022 ж. өзгертулер және қосымшалармен бірге)

 

1. ЖАРЫС МАҚСАТТАРЫ

1.1. «VISA Tour of World Class Almaty» веложарысының (одан әрі – Веложарыс) өткізілу мақсаты:

- Қазақстан республикасында веложарысты дамыту.

- веложарыс бойынша аймақтық сайыстардың мәртебесін жоғарылату;

- Ұлттық веложарыс құрамасының мүшесі болмай тұрып, төзімділік, күш-жігер мен жылдамдықты көрсету.

- салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау;

- қаладағы веломәдениетті дамыту;

- қазақстандық спорттың болашағы – жас дарынды спортшыларға қолдау көрсету;

- велосипедшілер қатарына тұрғындарды барынша көптеп тарту.

 

2. ЖАРЫСТЫҢ ЖЕТЕКШІ ҰЙЫМДАРЫ

2.1. Жалпы жетекшілікті «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік Қоры жүзеге асырады.

2.2. Жарысты дайындауды және өткізуді ұйымдастыру Ұйымдастыру комитеті -  (әрі қарай - Ұйымкомитеті) «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік Қорына жүктеледі.

3. ЖАРЫСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

3.1. Жарыстың өтетін күні мен уақыты: 07 тамыз 2022 ж. (жексенбі), сағат 6:00 бастап 13:00 дейін

3.2. Өтетін орны: Алматы қ., “Mega Center Almaty” ойын-сауық орталығы (Розыбакиев көш., 289)

 

4. ҚАШЫҚТЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАС САНАТТАРЫ

4.1. Жарыс бағдарламасына енгізілген қашықтықтар:

 

4.2. Жас санаттары:

14 км:

32 км:

52 км:

 

5. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР
5.1.  14 км қашықтыққа жарысқа тас жол және тау велосипедтеріне мінген 12 жастан бастап 17 жасқа дейінгі қатысушылар баланың туу туралы куәлігі, ата-ананың екеуінің  жеке куәлігі мен ата-ананың екеуінің қолхаты болған жағдайда жіберіледі.

5.2. 32 км қашықтыққа жарысқа жеке куәлігі мен денсаулығы туралы қолхаты бар болған жағдайда тас жол және тау велосипедтеріне мінген жасы 18-ден жоғары қатысушылар жіберіледі.

 

5.3. 52 км қашықтыққа жарысқа жеке куәлігі мен денсаулығы туралы қолхаты бар болған жағдайда тек тас жол велосипедіне мінген жасы 18-ден асқан қатысушылар жіберіледі. 

 

5.3.1. Қатысу үшін өз біліктілігіңізді дәлелдеу міндетті. Біліктілік талабына сай, Tour Of World Class Almaty (2018 - 2019 жж) тәрізді әуесқойларға арналған кәсіби веложарыстарға қатысу міндетті және мәре уақыты төмендегідей болуы тиіс:

Tour Of World Class Almaty (2018 - 2019 жж) 57 шақырым – барлық мәрешілер

Tour Of World Class Almaty (2018 - 2019 жж) 34 шақырым:  

- ерлер үшін 1 сағат 20 минуттан артық болмауы тиіс,
- әйелдер үшін 1 сағат 30 минуттан артық болмауы тиіс;

Gran Fondo мынадай мәре уақыты:

- 52 км: 2 сағат 20 минуттан артық болмауы тиіс.

-104 км: 4 сағат 05 минуттан артық болмауы тиіс.

 

5.3.2. Тіркеу формасын толтырғаннан кейін нәтижесі көрсетілген электрондық куәлік немесе скриншотты қоса бекіту қажет. 

 

6. ЖАРЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР

6.1. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымкомитеті көтереді.

6.2. Жол, орналасу және тамақтану шығындарын іссапаға жіберетін ұйымдар немесе қатысушылардың өздері көтереді.

 

7ЖЕҢІПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

7.1. Тас жол велосипедтері санатында 14 км қашықтыққа жарыстан 12-14 және 15-17 екі жас санатындағы қыздар мен ұлдар арасындағы қатысушыларды 1-3 орын үшін марапаттау.

 

7.2. Тау велосипедтері санатында 14 км қашықтыққа жарыстан 12-14 және 15-17 екі жас санатындағы қыздар мен ұлдар арасындағы қатысушыларды 1-3 орын үшін марапаттау.

 

7.3. Тас жол велосипедтері санатында 32 км қашықтыққа жарыстан 18-30, 31-40, 41-49 және 50+ төрт жас санатындағы әйелдер мен ерлер арасында қатысушыларды 1-3 орын үшін марапаттау.  

 

7.4. Тау велосипедтері санатында 32 км қашықтыққа әйелдер мен ерлер арасында қатысушыларды 18-30 жас, 31-40 жас, 41-49 жас және 50+ төрт жас санатында 1-3 орын үшін марапаттау.

 

7.5. Тас жол велосипедтері санатында 52 км қашықтыққа әйелдер мен ерлер арасында қатысушыларды 18-34 жас, 35-49 жас, 50+ төрт жас санатында 1-3 орын үшін марапаттау.

 

7.6. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.

7.7.  Ақшалай сыйлықтар шара өткен соң 10 жұмыс күні ішінде Алматы марафоны кеңсесінде жеңіпаздың жеке куәлігі болған жағдайда ғана беріледі.

 

8. ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТАЛАПТАРЫ

8.1. www.almaty-marathon.kz сайтында жарысқа қатысушылар 2022 ж. 6 маусымынан бастап тіркеле алады. Тіркеу 2022 ж. 05 тамызға дейін немесе тіркелген қатысушылар саны 1000-ға жеткенге дейін ықтимал. 

8.2. Онлайн тіркеуден өткен және осы нақты Веложарысқа арнайы берілген ID-нөмірге сай сөре жарнасын төлеген қатысушы тіркелген болып есептеледі.  Қатысушылар тізіміне тек қана төленген өтінімдер енгізіледі.

8.3. Қатысушы тіркелген және бастау жарнасын төлеген кезде жарыстардың Регламентімен келіседі.

8.4. Сөре жинақтары «World Class Almaty» фитнес-клубы аумағында Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі 89 мекен-жайы бойынша 2022 ж. 04 және 05 тамызда сағат  10:00 бастап 20:00 дейін беріледі.

Назар аударыңыз! Сөре жинақтары басқа күндері берілмейді.

8.5. Қатысушыларға жарысқа қатысуға қатысушының жинағын беру кезінде ұсынылатын құжаттар болғанда ғана рұқсат етіледі:

12 жастан бастап 17 жасқа дейінгі қатысушылар үшін:

• Жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәліктің көшірмесі);

• Ата-ананың екеуінің жарысқа қатысуға рұқсат беретіні туралы қолхаттары;

• Қолхатқа өз қолымен қол қойған ата-ананың екеуінің жеке куәліктерінің көшірмесі.

18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін :

• Жеке куәлік көшірмесі;

• Денсаулық қолхаты.

Барлық құжаттар қағазға басып шығарылған күйінде ұсынылуы тиіс.

 

8.6.Жарыс Қатысушысы сөрелік жинағын өзі алып кете алмайтын жағдайда, оны сөрелік жинақ берілетін күні өз жеке куәлігінің көшірмесін, сөрелік жинағы алынатын қатысушының жеке куәлігінің көшірмесін (басып шығарылған күйде) және Жарыс қатысушысының атынан жазылған денсаулық туралы қолхатты көрсету арқылы басқа адам алып кете алады.

 

8.7. Сөре жарнасы:
52 км жүгіруден жарысқа қатысушылар үшін  – 15 000 тенге;
32 км жүгіруден жарысқа қатысушылар үшін – 12 000 тенге;

14 км жүгіруден жарысқа қатысушылар үшін – 10 000 тенге.

8.8. Веложарыста қашықтықты ауыстыру 2022 жылғы «05» тамызға дейін қоса алған кезеңде ғана мүмкін болады. Жарысқа қатысу слоты сатып алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитетіне хабарласып, Веложарыс қашықтығын ауыстыру үшін 1 000 (бір мың) теңге төлеу қажет. Веложарыс қашықтығы аздан көпке ауыстырылған жағдайда, слоттар құнының айырмасы да қосымша төленеді. Веложарыс қашықтығы көптен азға ауыстырылған жағдайда, слоттар құнының айырмасы қайтарылмайды! Веложарыс қашықтығы таңдалған Веложарыс қашықтығында бос слоттар болған жағдайда ғана ауыстырылады.

8.9. Жарысқа қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды. Қате немесе өзгенің ID-нөміріне жіберілген қаражат басқа қатысушыға аударылмайды. 

8.10. Сөре нөмірі жоқ қатысушылар жарысқа қатысуға жіберілмейді.

8.11. Басқа қатысушының сөрелік нөмірімен жарысқа қатысуға қатаң тыйм салынада. Егер де өзге сөрелік нөмірмен қатысқан жағдай анықталса, онда нөмірді берген және нөмірді қабылдаған қатысушылардың жарыстан шеттетілуіне алып келеді.

9. УАҚЫТ ШЕКТЕУІ

14 км қашықтықты еңсеруге берілген уақыт шектеуі  – 00 сағат 40 минут

32 км қашықтықты еңсеруге берілген уақыт шектеуі – 2 сағат 00 минут

52 км қашықтықты еңсеруге берілген уақыт шектеуі – 3 сағат 00 минут

10. ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ. ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

10.1. Ресми қорытындылар www.almaty-marathon.kz сайтында іс-шара аяқталған соң 24 сағат ішінде жарияланады.

10.2. Жарысқа қатысушының нәтижелері сөре нөмірі дұрыс тағылған жағдайда ғана белгілеп алынады. Сөре нөмірі анық көрінуі тиіс, сөре нөмірін жарысқа қатысушының кеудесіне және велосипед рөліне тағу қажет.

10.3. Жарыстардың Ұйымкомитеті төмендегі жағдайларда әрбір қатысушының жеке нәтижеге ие болатынына төмендегі жағдайларда 100% кепілдік бере алмайды:

• Чиптің дұрыс тағылмауы;

• Қатысушы басқа қатысушының чипімен жүгірген жағдайда;

•чиптің магнитсіздендірілуі;

• Сот алқасының шешімі бойынша жарыстан шығару.

10.4. Ұйымкомитетінің қатысушы бір және одан артық чек-пойнттарда белгіленбеген жағдайда қатысушыны жарыстан шығару туралы соңғы шешімді қабылдау құқығы сақталады.

10.5. Нәтижелерді шығару кезінде қолданылатын терминология:

МАҢЫЗДЫ! Жүгірудің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының мәре уақыты бойынша анықталады.

10.6. Қатысушыларға қойылатын техникалық талаптар:

Төменде көрсетілген ережелерді бұзған кезде қатысушыны жалпы есептен шығару тәрізді санкциялар қолданылады:

 •Веложарысқа шлемсіз қатысуға мүлдем тыйым салынады;

•Бұзылған тежегіші бар техникалық жағынан ақаулы велосипедпен Веложарыстарға қатысуға тыйым салынады; 

•Жарыс кезінде дыбыс тыңдау құрылғысын (құлаққап тағуға) пайдалануға тыйым салынады;

•Қозғалыс кезінде қолмен ұстамай келіссөздерді жүргізуге мүмкіндік беретін техникалық құрылғымен жабдықталмаған телефонды қолдануға тыйым салынады;

•Қашықтықты өту кезінде велосипед жөндеуден өтіп жатқан жағдайда өзгенің көмегіне жүгінуге тыйым салынады;

• Қашықтықты өту кезінде велосипедті ауыстыруға тыйым салынады (раманы қоспағанада жекелеген бөлшектер мен түйіндерді ауыстыруға рұқсат етілген);

•Қашықтықты жеңіл жүріп өтуге мүмкіндік беретін кез келген тәсілдер мен құралдарды (мотор-дөңгелек, электрлі велосипед және т.б.) қолдануға тыйым салынады;

•Веложарыстың бекітілген бағытын өзгеруте тыйым салынады;

•Өзге көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіруге тыйым салынады;

• Бір-біріне тіл тигізуге тыйым салынады;

• Велокезең өтіп жатқанда бағыт аймағында кез келген жөндеу жұмыстарына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Велосипед істен шыққан жағдайда қатысушы жарысқа қатысушылар легінің жолында тұруға, велокезең қатысушыларына қарама қарсы бағытта қозғалуға құқысыз, велокезең қатысушыларының қозғалысынан оң жақтағы тротуарға шығуы тиіс.

• Жарыс кезінде қатысушыға сырттан кез келген көмек көрсетуге тыйым салынады! Сырттан көмек алған қатысушы жарыстан шығарылады.

 

10.7. ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

10.7.1. Төменде көрсетілген ережелерді бұзған кезде қатысушыны жалпы есептен шығару тәрізді санкциялар қолданылады: 

 Қашықтықты өту кезінде велосипедті ауыстыруға тыйым салынады (раманы қоспағанада жекелеген бөлшектер мен түйіндерді ауыстыруға рұқсат етілген);

•Қашықтықты жеңіл жүріп өтуге мүмкіндік беретін кез келген тәсілдер мен құралдарды (мотор-дөңгелек, электрлі велосипед және т.б.) қолдануға тыйым салынады;

10.8. Велосипедтерге қойылатын техникалық талаптар.

Жарысқа қатысуға екі түрлі велосипед жіберіледі (тас жол және тау)

10.8.1. Тас жол велосипедтеріне қойылатын техникалық талаптар:

Велосипедтің жалпы алғандағы ең төменгі салмағы (UCI жүйесі бойынша стандарттық салмақ ретінде 6.8 кг өлшемі қабылданған);

10.8.2. Тау велосипедтеріне қойылатын техникалық талаптар: 

 

11. НӘТИЖЕЛЕРДІ САНАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

11.1. Жүгіруге қатысушылардың нәтижесін электрондық хронометраж жүйесі белгілеп алады және оны сот алқасы растайды. Жүгіру жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының мәре уақыты бойынша анықталады

11.2. Сот алқасы. Төрешілер жарыс ережелерінің сақталуын, спорттық доданың әділ және дұрыс жүргізілуін, ал жеңімпаздың объективті түрде анықталуын мұқият бақылайды. Осы жарыста қызмет көрсететін спорт төрешілерінің барлығы сот алқасын құрайды.

11.3. Сот алқасына төмендегілер кіреді:

 Жарыстардың бас төрешісі

Бас төреші жарыстар өткізілетін орынның дайындығын алдын ала тексереді, төрешілердің жекелеген жұмыс аймақтары бойынша үлестіреді және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды. Жарыстар аяқталған соң бас төреші іс-шара туралы есеп құрады және онымен қоса жарыстар нәтижелерін Ұйымкомитетіне ұсынады. 

•Жарыстардың бас хатшысы 

Жарыстардың бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді шығарады, төрешілерге, қатысушыларға және көрермендерге сөрелердің барысы туралы уақтылы ақпарат беру үшін қажетті материалдарды құрастырып, соңында нәтижелер бойынша жалпы есебін шығарады.

•Сөре-мәре аймағының төрешілері 

Сөре-мәре аймағының төрешілері сөре кезінде ережелердің сақталуы және ешкімнің артықшылықтарға ие болмауы үшін спортшылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес баруын қадағалайды. Төрешілер мәре түзуінде алғашқы 10 мәрешіні мәре хаттамаларына белгілейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстыру үшін бас төрешіге беріледі. 

Қашықтықтар бойынша әділ қазылар

Қашықтықтар бойынша әділ қазылар бағыт бойынша ережелердің сақталуын белгілейді. Қатысушының қашықтықтан түспеуін және жолды қысқартпауын қадағалайды.

Сот алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етіледі.

12. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН ШАҒЫМДАР

12.1. Қатысушы абсолюттік біріншіліктегі жүлделі орынға ықпал ететін наразылықты шара өтіп жатқан күні марапаттауға дейін білдіруге құқылы;

12.2. Наразылықтар Ұйымкомитетіне беріледі және оларды сот алқасы қарайды;

12.3. Қатысушы іс-шара аяқталғаннан кейінгі 2 (екі) күнтізбелік күннің ішінде шағым беруге құқылы.

Шағымдар info@almaty-marathon.kz  электрондық мекен-жайына жіберіледі

Шағым беру кезінде төмендегі мәліметтерді көрсету қажет:

• тегі және аты (аты көрсетілмеген шағымдар қаралмайды);

• шағымның мәні, шағымның мазмұны;

• Шағым жасауға түрткі болған негіздер (фотосурет, жеке секунд өлшеуіш, субъективті пікір және т.б. ).

12.4. Ұйымкомитеті шағымның немесе наразылықтың берілген сәтінен бастап 24 сағаттың ішінде шағым берілген электрондық мекенжайға жіберілетін ресми жауап дайындайды.

12.5. Шағымдар тек қатысушылардан қабылданады.

13. БАҚ-ты тіркеу

13.1. БАҚ тіркеу алдын-ала жүргізіледі. Аккредитациядан өту үшін prmanager@almaty-marathon.kz сайтына деректер (БАҚ атауы, корреспонденттің толық аты, оператор, фотограф, байланыс телефоны және электронды пошта)жазып жіберу керек.

 

14. АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

14.1. Іс-шара туралы толық ақпарат www.almaty-marathon.kz сайтында, сондай-ақ мына әлеуметтік желілердің аккаунттарында көрсетілген:

vk.com/almatymarathon

facebook.com/almatymarathon

instagram.com/almatymarathon

https://t.me/almaty_marathon

Басқа ақпараттық ресурстардағы ақпарат үшін Ұйымкомитеті жауапкершілік көтермейді.

Осы ереже жарысқа қатысуға ресми шақыру болып табылады.