Шарт - Жария Оферта

ШАРТ - ЖАРИЯ ОФЕРТА

1. Нормативтік ережелер.

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (бұдан әрі — ҚР АК). Үзінділер.

 

395-бап. Оферта

1. Шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулі ережелері немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқын деп табылады. 

2. Оферта оны жіберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етіп қояды.

Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледі. 

3. Егер офертаның өзінде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцепті үшін белгіленген мерзім ішінде қайтарып алуға болмайды. 

4. Жарнама және беймәлім адамдар тобына жіберілген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тікелей өзгеше көрсетілмесе, оферта жасасуға шақыру ретінде қаралады. 

5. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады.

 

396-бап. Акцепт

1. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады. 

Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. 

2. Егер заң құжатынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы іскерлік қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды. 

3. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиісті соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі. 

4. Егер акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі.

 

2. Жалпы ережелер.

2.1. Осы құжат, бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының Жарғысы негізінде әрекет ететін Атқарушы Директор Салтанат Нұртасқызы Қазыбаева тұлғасындағы «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының жеке тұлғаларға қатысты жария офертасы болып табылады және осы шарттың мәні болып табылатын қызметтерді көрсету бойынша барлық елеулі талаптарды қамтиды.

2.2. ҚР АК 395-бабының 5-тармағына сәйкес, төменде келтірілген шарттар қабылданса және Ұйымдастырушының қызметтері төленген болса, осы Офертаны құптаған жеке тұлға — Қатысушы (ҚР АК 396-бабының 3-тармағына сәйкес Офертаны құптау, шартты Офертада баяндалған шарттар негізінде жасасуға тең келеді), ал Ұйымдастырушы мен Қатысушы бірге шарт-жария офертаның Тараптары атанады.

2.3. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы шарт мәтінін мұқият оқыңыз.

Егер сіз осы шарттың қандай да бір тармағымен келіспесеңіз, Ұйымдастырушы сізге қызметтерді пайдаланудан бас тартуды ұсынады.

2.4. Осы шартты жасай отырып, Қатысушы осы шартқа енгізілген барлық ережелермен танысқанын, түсінгенін және келіскенін растап, оларды сөзсіз және толық көлемде қабылдайды.

2.5. Ұйымдастырушы осы құжатта көрсетілген ақпараттың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ нақты мән-жайларға сай келуіне жауапты болады.

 

 

3. Шарттың мәні.

3.1. Осы Шарттың мәні — Ұйымдастырушы тарапынан 2024 жылғы «19» мамырда ұйымдастырылған «Tau Jarys» 2024 жарысына (бұдан әрі – «Жарыс») қатысуға ниет білдірген тұлғаға осы шартта, Жарыс өткізу туралы ережеде көзделген тәртіп пен шарттар негізінде, Қатысушы ретінде тіркелу жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Жарысты ұйымдастыру және өткізу түріндегі қызметтерді көрсету болып табылады.

3.2. Жарысқа тіркелу барысында, Қатысушы Ұйымдастырушының  https://www.almaty-marathon.kz/  сайтында тіркелген жеке кабинет (бұдан әрі – «Жеке кабинет») арқылы ілеспе тауарлар мен қызметтерді (қосымша опциялар) сатып алуға құқылы.

3.3. Жарыстың сипаттамасы, Жарыстың сипаттамасы, Жарысты өткізу мерзімі, Жарыс туралы негізгі ережелер, Жарысқа қатысу ережесі Ұйымдастырушының https://www.almaty-marathon.kz/ сайтында орналастырылған Жарысты өткізу туралы ережеде көрсетілген, онымен Қатысушы іс-шараға тіркеу барысында танысуға тиіс.

3.4. Жарысқа Қатысушы Жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылатын онлайн-тіркеу ережелері:

3.4.1. Жарысқа Қатысушыны тіркеу жарнасы (бұдан әрі – «Қатысу үшін төлем немесе Сөрелік жарна») толық төленген кезде сәтті аяқталды деп есептеледі.

3.4.2. Қатысушыны басқа іс-шараға қайта тіркеуге, яғни Қатысушының Жарысқа қатысу үшін төлеген қатысу Төлемінің сомасын, басқа іс-шараға қатысу Төлемі ретінде қайта тіркеуге жол берілмейді.

3.4.3. Жарысқа қатысу үшін слотты сатып алуға рұқсат етілмеген/стандартты емес әдістер мен тәсілдердің алдын алу үшін Қатысушының жеке деректеріне, атап айтқанда Қатысушының жасын өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

3.5. Осы шарт талаптарын қабылдай отырып, Қатысушы Жарыс кезінде ол ешқашан және ешбір жағдайда Жарыстың басқа Қатысушыларына, Жарысты Ұйымдастырушыға (оның қызметкерлеріне) және демеушілерге, бөгде тұлғаларға, сондай-ақ олардың мүлкіне зиян келтіруі мүмкін жағдайларды қасақана жасамайтынын растайды.

3.6. Қатысушы өзінің денсаулығын өз бетінше бақылауға және ұзақ физикалық жүктемелерге қарсы көрсетілімдердің бар болуына медициналық тексеруден өтуге міндетті.

Қатысушы денсаулық жағдайын үнемі тексергенін, Жарысқа қатысу үшін физикалық жарамды екенін және оған қандай да бір қарсы көрсетілімдері жоқ екенін растайды.

Осы шарттың талаптарын қабылдай отырып, Қатысушы:

- Жарыс өткізілетін күнге/Жарыс өткізілетін күні өзінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда Жарысқа қатыспауға міндеттенеді;

- Жарыстың күрделілігін сезінеді және түсінеді және оның мәлімделген Жарыс қашықтығынан өту кезінде техникалық білімі мен тәжірибесінің жеткілікті екенін және ол Жарысқа қатысу үшін физикалық және ақыл-ой жағынан дайындалғанын растайды;

- Жарысқа қатысу нәтижесінде оның денсаулығы үшін қолайсыз салдарлар болуы мүмкін, өзінің қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін Қатысушы өз бетінше жауап береді.

- Ұйымдастырушы, Қатысушы қайтыс болған немесе ол Жарыс кезінде жарақат алған, Қатысушының меншігін жоғалтқан немесе зақымдаған жағдайда, сондай-ақ Жарыс кезінде болған Қатысушының кез келген физикалық шығыны үшін жауапты болмайтынын растайды. Қатысушы Жарысты Ұйымдастырушы мен демеушілерге қойылатын қандай да бір материалдық және өзге де талаптардан өз еркімен бас тартады. Талаптардан бас тарту Қатысушының мұрагерлері мен қамқоршыларына қатысты болады және Жарысқа дейін, оның барысында және одан кейін жарамды болады;

- қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге қарсылық білдірмейді.

 

4. Фото және бейне түсіру. Дербес деректер.

4.1. Ұйымдастырушы Жарыстың фото және бейне түсірілімін жүргізеді.

ҚР АК 145- бабына сәйкес, ҚР АК 15- бабының 8-тармағының талаптарын ескере отырып, «Бірінші болу - батылдық» КҚ спорттық іс-шараларын, сондай-ақ Ұйымдастырушының қызметін танымал ету мақсатында Қатысушы Ұйымдастырушыға төмендегілерге өз келісімін береді:

- Ұйымдастырушының және/немесе Ұйымдастырушының атынан және/немесе оның мүдделері үшін әрекет ететін үшінші тараптардың Қатысушының Жарысқа қатысуын (фотосурет және/немесе бейне) жасауы туралы;

- Ұйымдастырушыға Қатысушының атын пайдалануға, Қатысушы бейнеленген Жарыс нәтижесінде алынған Қатысушының бейнесін және/немесе басқа да аудио-, бейне-, фотоматериалдарды жариялауға, шығаруға және таратуға, пайдалану мерзімі мен аумағы бойынша шектеусіз кез келген тәсілдермен және кез келген құралдармен, оның ішінде көрсетілген материалдарды редакциялау және оларды үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

Қатысушы осы келісімді өтеусіз негізде белгісіз мерзімге береді және одан әрі Ұйымдастырушыдан өтемақыны қандай да бір түрде талап етуге құқығы жоқ.

4.2. Осы шарт талаптарын қабылдай отырып, Қатысушы Жарысты жариялау үшін Ұйымдастырушы Жарысқа Қатысушылардың да, Жарыс процесінің де фотосын және/немесе бейнесін түсіретін кәсіби фотографтар мен бейнеоператорларды тарта алатындығын және сәйкесінше өздерінің фото/бейне банктерін құратындығын түсінеді. Қатысушы Жарысты өткізу кезінде алынған фото және/немесе бейнематериалдарды пайдалануға өз келісімін береді және осы шарттарды түсінеді, оның барысында Қатысушы осындай фото/бейне банктерінде сақталады. Қатысушының қалауы бойынша, Жарыстың фото және/немесе бейнематериалдарын, Ұйымдастырушыны тартпай-ақ, осындай тұлғалардан — фото/бейне банктері иелерінен өз бетінше сатып алуға болады. Фото және/немесе бейнематериалдарды осындай фото/бейне таспаларда орналастыру жөніндегі барлық сұрақтарды Қатысушы осы ресурстардың иелеріне өз бетінше жіберуі тиіс. Ұйымдастырушы осындай фото/бейне иелерінің әрекеттері үшін жауап бермейді.

4.3. Қатысушы өзі туралы толық және сенімді деректерді ұсынуға жауап береді.

4.4. Қатысушы Ұйымдастырушыдан немесе Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғадан Жарыс туралы ақпараты бар қысқа мәтіндік хабарламаларды (SMS) және/немесе электрондық поштаны (e-maіl), Қатысушыға қатысты және Жарысқа байланысты басқа да ақпаратты алуға қарсылық білдірмейді.

4.5. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 8-баптарын орындау мақсатында, Қатысушы Жарысқа қатысу үшін тіркеу нысанын толтыра отырып және осы шартқа қосыла отырып, Қатысушының жеке кабинеті орналасқан https://www.almaty-marathon.kz/ интернет-платформасының операторы болып табылатын Ұйымдастырушыға өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімін береді.

Дербес деректерді өңдеу деп Қатысушының дербес деректерін жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер түсініледі.

Қатысушының жеке деректерін өңдеу Жарысқа қатысу үшін Қатысушыны тіркеуді қамтамасыз ету және Қатысушыға Жарыс туралы ақпараты бар, Қатысушыға қатысты және Жарысқа байланысты басқа да ақпараты бар қысқа мәтіндік хабарламаларды (SMS) немесе электрондық поштаны (e-maіl) жіберу мақсатында ғана жүзеге асырылады.

Қатысушының дербес деректерін өңдеуге келісім беру күні Ұйымдастырушыға тіркеу нысанының Жеке кабинеті арқылы жіберілген күн болып табылады. Келісім Қатысушының дербес деректерін берген сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.

Қатысушы осы шарт талаптарын қабылдай отырып, Ұйымдастырушының Ұйымдастыру комитетінің сұрауы бойынша Жеке кабинетте тіркелу кезінде көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттарды (Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі/Жарысқа қатысуға Қолхаттың түпнұсқасы) ұсынуға келіседі.

Қатысушы, Ұйымдастырушыға іnfo@almaty-marathon.kz электронды поштасы арқылы дербес деректерді өңдеуге келісімін қайтарып алу туралы жазбаша өтінішті жіберу арқылы дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып ала алады.

 

5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1. Осы шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

5.2. Ұйымдастырушы (оның қызметкерлері) және/немесе ол тартқан үшінші тұлғалар Ұйымдастырушы бекіткен Жарыстарды және қауіпсіздік техникасын өткізу туралы ережені сақтамаған және/немесе Ұйымдастырушыға Қатысушыда бар Жарысқа қатысуға қарсы көрсетілімдер туралы тиісті ақпарат бермеген жағдайда туындаған Қатысушының өмірі мен денсаулығы, өткізілетін Жарыс шеңберінде Қатысушыға келтірілген кез келген залал, зақым, залал үшін жауапты болмайды.

5.3. Ұйымдастырушы (оның қызметкерлері) және/немесе ол тартқан үшінші тұлғалар өткізілетін Жарыстың барлық бағыты бойынша Қатысушының жеке мүлкін жоғалтқаны үшін жауапты болмайды.

5.4. Ұйымдастырушы осы шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, оның ішінде егер ол еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларына мыналарды жатқызады: дүлей зілзалалар (жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл); секундына 15 метрден астам желдің екпіні (қоса алғанда); ҚР ІІМ ТЖК шұғыл деп таныған және олардың болуы мүмкін екендігін ескертетін өзге де жағдайлар, оқиғалар, құбылыстар; өрт; жаппай аурулар (эпидемиялар, пандемиялар); мемлекеттік билік органдарының шектеу шаралары, оның ішінде карантин енгізу: ереуілдер; әскери іс-қимылдар, қақтығыстар мен төңкерістер; азаматтық толқулар; террористік актілер; диверсиялар; тасымалдарды шектеу; жекелеген елдермен сауда операцияларына тыйым салу; мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері, іс-әрекеттері, әрекетсіздігі; сондай-ақ Тараптардың еркіне байланысты емес, осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік бермейтін, Тараптар алдын ала болжай алмайтын және орынды шаралармен алдын ала алмаған басқа да мән-жайлар.

5.5. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар туындаған немесе орын алу қаупі төнген жағдайда, соның салдарынан Жарыс жойылуға жатады, бұл туралы барлық ақпарат Ұйымдастырушының қалауы бойынша Ұйымдастырушының сайтында орналастырылатын болады және/немесе Қатысушыны Ұйымдастырушы телефон нөміріне SMS-хабарлама немесе тіркеу процесінде көрсетілген электрондық мекен-жайға хат арқылы хабардар етілетін болады.

5.6. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде осы шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімі осы мән-жайлардың қолданылу және олардың салдары кезеңіне ұзартылады, ал Қатысушының Жарысқа қатысу ақысы Ұйымдастырушы неғұрлым кеш мерзімге ауыстырады. Ұйымдастырушы Жарысқа Қатысушыларға Жарысты өткізудің нақты (жаңа) күнін Жарысты өткізу туралы ережеде көрсетілген Ұйымдастырушының ақпараттық көздерінде осы ақпаратты орналастыру арқылы, сондай-ақ Жарысқа тіркелу кезінде Жеке кабинетте көрсетілген Қатысушының жеке поштасына хабарламалар және Қатысушының телефон нөміріне SMS-хабарламалар жіберу арқылы кейінірек хабарлайтын болады.

5.7. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың қолданылуын растайтын тиісті дәлелдеме уәкілетті құзыретті орган және/немесе Қазақстан Республикасының ұйымы берген тиісті құжаттар болып табылады.

5.8. 5.4-тармақта көрсетілген еңсерілмес күш жағдайлары 8 (сегіз) айдан ұзақ болса және Ұйымдастырушы Жарысты өткізудің жаңа күнін еңсерілмейтін күштің қандай да бір жағдайларының жалғасуы себебінен және/немесе оның салдары бойынша анықтай алмаса, онда Ұйымдастырушы Қатысушының Жарысқа қатысқаны үшін төлемді келесі күнтізбелік жылға осы іс-шараға ауыстырады.

 

6. Дауларды шешу

6.1. Осы шартқа қолданылатын заң Қазақстан Республикасының заңы болып табылады. Осы шартпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

6.2. Тараптар осы шарт шеңберіндегі барлық келіспеушіліктер мен дауларды келіссөздер арқылы шешеді, даулар Ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

 

7. Осы шарттың қолданылу мерзімі және басқа да шарттары

7.1. Осы шарт Қатысушы оны қабылдаған күннен бастап 2.2-тармақта белгіленген тәртіппен күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін немесе ол бұзылған кезге дейін әрекет етеді.

7.2. Осы Шарт ашық және жалпыға қол жетімді құжат болып табылады және ұйымдастырушының сайтында өзгертілген нұсқаны жариялау жолымен өзгертілуі мүмкін (https://www.almaty-marathon.kz/). Егер Қатысушы енгізілген өзгерістерге байланысты Ұйымдастырушымен (немесе оның өкілімен) осы шартты бұзу туралы ұсыныспен байланысқа шықпаса, жарияланған өзгертулер Қатысушы қабылдаған болып саналады.

7.3. Бұл шарт, Тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ осы шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.

7.4. Егер қандай да бір ережені құзыретті сот немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайда, онда мұндай ереже (ол заңсыз немесе жарамсыз деп танылған бөлігінде) осы шартқа енгізілмеген болып есептеледі, бірақ осы шарттың қалған ережелерінің жарамсыздығына әкеп соқпайды.

 

8. Ұйымдастырушының деректемелері

 

Ұйымдастырушы:

«Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры

Заңды және нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 5-үй, 1А павильоны, №6 үй-жай

Телефоны 8 (727) 311 51 85

Электрондық пошта: іnfo@almaty-marathon.kz

БСН 140840008587