TAU JARYS

Отбасылық фестиваль және табиғат аясында жүгіру жарысы.


Жарыс орны: «Алатау» ШБК
TAU JARYS
Іс-шара туралы

Tau Jarys – табиғат аясында жүгіру жарысы және отбасылық фестиваль.

Күні: 2022 жылғы 29 мамыр

Жарыс орны: Алматы облысы, «Алатау» ШБК

Жүгіру қашықтықтары:

2 км (14-17 жас),

6,5 км (15 жастан жоғары),

13 км (15 жастан жоғары).

Жарыс кестесі кейінірек хабарланады.


Қатысу үшін міндетті түрде сайтта онлайн тіркелуден өтіп, сөрелік жарнаны төлеу қажет.

Сөрелік жарна:

13 км – 12 000 теңге,

6,5 км – 10 000 теңге,

2 км – 5 000 теңге.

Жарысқа қатысуға төленген қаражат қайтарылмайды және басқа адамға немесе жарысқа қайта ауыстырылмайды.

Сөрелік жинақтар 2022 жылғы «26» және «27» мамыр күндері сағ. 10:00-ден 20:00-ге дейін Алматы қаласындағы World Class Almaty фитнес-клубында (Наурызбай батыр көшесі, 89) беріледі.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің көшірмесі және қағазға басып шығарылған денсаулық туралы қолхатыңыз болуы тиіс.

Жинағыңызды алып кете алмайтын болсаңыз, оны сіздің орныңызға сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесін, өз жеке куәлігінің көшірмесін және сіздің қолыңыз қойылған денсаулық туралы қолхатты көрсету арқылы таныстарыңыз ала алады. Барлық құжаттар қағазға басып шығарылған болуы тиіс.

18 жасқа толмаған қатысушылар сондай-ақ ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесін және ата-анасының өз қолдарымен толтырған қолхатын ұсынулары тиіс.


Жас санаттары:

2 км (балалар қашықтығы): 14-17 жас.

6,5 км, 13 км;

  • 15-34 жас;
  • 35-49 жас;
  • 50-59 жас;
  • 60 жастан жоғары.

6,5 км және 13 км қашықтықтарда абсолютті жас санатындағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен, медальмен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

2 км, 6,5 км және 13 км қашықтықтарда жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мәреге жеткен барлық қатысушылар естелік медалін алады.

Қашықтықтар
13 км 6.5 км 2 км

Жасы:
15 жастан бастап

Сөрелік жарна:
12000 тг

Сөре уақыты:
9:00

Тіркелу

Жасы:
15 жастан бастап

Сөрелік жарна:
10000 тг

Сөре уақыты:
8:45

Тіркелу

Жасы:
14 жастан бастап 17 жасқа дейін

Сөрелік жарна:
5000 тг

Сөре уақыты:
8:00

Тіркелу
Серіктестер
Ұйымдастырушылар:
Серіктестер:
Қолдаушылар:
Еріктілер
қолдауы:
Ресми
медиа
серіктес:
Сайтқа кіру
Восстановление пароля