Ресми ереже

 «Tau Jarys» 2023 жүгіру жарысын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

 

1. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТТАРЫ

Tau Jarys 2023 (бұдан әрі – «Жарыс») – 12 км негізгі қашықтығы, сондай-ақ 6 км және 2 км балалар жарысы қашықтықтары бар жыл сайынғы жүгіру жарысы. Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алатын жүгіру және спорт әуесқойларының мерекесі.

Жарысты өткізу мақсаттары:

- жүгіруді насихаттау;

- жүгірушілерді халықаралық жарыстарға дайындау;

- дені сау ұлт қалыптастыру;

- бұқаралық спортты дамыту;

- Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

- зиянды әдеттерден (темекі шегуден) бас тарту.

 

2. ЖАРЫСТЫ БАСҚАРУШЫ ҰЙЫМ

2.1. Жарысты өткізу кезінде жалпы басшылықты «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

2.2. Жарысты дайындау мен өткізуді ұйымдастыру «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – «Ұйымдастыру комитеті») жүктеледі.

 

3. ЖАРЫСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ:

3.1. Жарыстың өтетін күні мен уақыты: 2023 жылғы «21» мамыр, сағ. 07:00-ден 13:30-ға дейін.

3.2. Жарыстың өтетін орны: Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау ШБК.

Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі: Алатау ШБК саябағы. 

 

4. ЖАРЫС ҚАШЫҚТЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАС САНАТТАРЫ

4.1. Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енгізілді:

 

4.2. Жарыстың жас санаттары:

4.2.1. 12 км-ге жарыстың жас санаттары:

4.2.2. 6 км-ге жарыстың жас санаттары:

4.2.3. 2 км балалар қашықтығының жас санаттары:

 

5. ЖАРЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

5.1. Жарысқа қатысуға мына жас санаттарындағы адамдар жіберіледі:

5.2. Жарысқа тіркеу кезінде Жарыс өтетін кездегі толық жас мөлшері есепке алынады.

 

6. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

6.1. Жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымдастыру комитеті көтереді.

6.2. Жарыстың жол жүрумен, орналасумен және тамақтанумен байланысты шығындарын қатысушыларды іссапарға жіберген ұйымдар немесе Жарысқа қатысушылардың өздері көтереді.

 

7. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ

7.1.  Жеке қашықтықтарда (12 км, 6 км, 2 км балалар қашықтығы) Жарысқа қатысушыларды тіркеу www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында 2023 жылғы «20» ақпанда басталып, 2023 жылғы «12» мамырда немесе қатысушылар саны 1200-ге (бір мың екі жүзге) жеткен кезде аяқталады.

7.2. Жарыстың корпоративтік қатысушыларын тіркеу info@almaty-marathon.kz электронды поштасына сұраным жолдау арқылы жүзеге асырылады. Бір компаниядан Жарысқа қатысушылар саны 30 (отыз) адамнан артық болуы тиіс. Жарысқа қатысушылар саны 30 (отыз) адамға жетпейтін Ұйымдар / Компаниялар www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында өз бетінше тіркеледі.

Корпоративтік қатысушылар – Жарысқа қатысу ақысын ұйымдастыру комитетінің есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы қатысушылардың ұйымы / компаниясы төлейтін жеке қашықтықтардағы (12 км, 6 км, 2 км балалар жарысы) қатысушылар. Тіркеу корпоративтік қатысушылардың өкілінен электронды поштаға сұраным жіберу және арнайы нысанды толтыру негізінде жүзеге асырылады.

7.3. www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында онлайн-тіркеу рәсімінен өтіп, Жарыстың нақты бір қашықтығына тіркелу фактісі бойынша берілген ID нөміріне сәйкес сөрелік жарнаны төлеген қатысушы Жарысқа тіркелген болып саналады. Жарысқа қатысушылар тізіміне тек ақысы төленген өтінімдер ғана енгізіледі. 

7.4. Жарысқа қатысушы тіркелу және сөрелік жарнаны төлеу арқылы Жарысты өткізу туралы осы Ереженің барлық талаптарымен келіседі.

7.5. Жарыс қашықтықтарының сөрелік жарналарының құны:

7.6. Жарыста қашықтықты ауыстыру 2023 жылғы «10» мамырға дейін қоса алған кезеңде ғана мүмкін болады. Жарысқа қатысу слоты сатып алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитетіне хабарласып, Жарыс қашықтығын ауыстыру үшін 1 000 (бір мың) теңге төлеу қажет. Жарыс қашықтығы аздан көпке ауыстырылған жағдайда, слоттар құнының айырмасы да қосымша төленеді. Жарыс қашықтығы көптен азға ауыстырылған жағдайда, слоттар құнының айырмасы қайтарылмайды! Жарыс қашықтығы таңдалған Жарыс қашықтығында бос слоттар болған жағдайда ғана ауыстырылады. Жарыстың атаулы нөмірі бір қашықтықтан екіншісіне ауыстырылғанда атаулы нөмір сақталмайды.

7.7. Жарысқа қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды. Дұрыс емес немесе басқа біреудің ID нөміріне жіберілген қаражат қайтарылмайды және Жарыстың басқа қатысушысына, сондай-ақ «Бірінші болу – батылдық» КҚ-ның басқа Жарысына қатысу ақысы ретінде аударылмайды.

7.8. Қатысушының сөрелік нөмірі қайтарылмайды және айырбасталмайды.

7.9. Сөрелік нөмірі жоқ қатысушылар Жарысқа жіберілмейді!

7.10. Жарысқа қатысушының сөрелік нөмірі анық көрінуі тиіс. Жарысқа қатысушының сөрелік нөмірі алдыңғы жақтағы кеуде тұсында немесе бел буатын белдікте орналастырылуы тиіс.

7.11. Жарысқа өзге біреудің нөмірімен қатысуға тыйым салынады! Сөрелік нөмірлерді басқа адамдарға беру фактісі анықталған жағдайда, нөмірді берген Жарыс қатысушысы мен басқа біреудің нөмірін алған Жарыс қатысушысы осы Жарысқа қатысудан шеттетіліп, нәтижесінің күші жойылады. Келесі 3 (үш) Жарысқа да қатысуға рұқсат етілмейді.

7.12. Жарысқа құлаққаппен қатысуға тыйым салынады.

7.13. Мүгедектігі бар қатысушылар қатысу слотын тегін ала алады. Бұл үшін 2023 жылғы 10 мамырға дейін info@almaty-marathon.kz адресіне өтінім жіберу қажет. Өтінімде осы шараға тіркелген ID нөмірі, қатысушының аты-жөні, қашықтығы, сондай-ақ мүгедектігін растайтын құжаттары көрсетілуі тиіс. Алып жүретін адам қатысу ақысын өзі төлейді. Мүгедектігі бар қатысушыларға арналған слоттар саны шектеулі. Барлық тегін слоттар алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті спортшыға тегін қатысу мүмкіндігін бермеу құқығын өзіне қалдырады.

 

8. СӨРЕЛІК ЖИНАҚТАРДЫ БЕРУ

8.1. Жарыс қатысушыларына сөрелік жинақтар Алматы қаласында 2023 жылғы «19» және «20» мамыр күндері, сағ. 10:00-ден 20:00-ге дейін беріледі. Нақты беру орны кейінірек хабарланады.

Назар аударыңыз! Жарыс қатысушыларына сөрелік жинақтар басқа күндері берілмейді.

8.2. Қатысушының сөрелік жинағына сөрелік нөмір, нәтижені тіркеуге арналған чип, қатысушы жадынамасы, түйреуіштер кіреді.

8.3. Жарыстың корпоративтік қатысушылары сөрелік жинақтарын Жарысты өткізу туралы осы Ереженің 8.1-тармағында көрсетілген сөрелік нөмірлерді беру уақытында 2023 жылғы «19» және «20» мамыр күндері ала алады. Жарысқа қатысушылардың сөрелік жинақтарын алу үшін сөрелік жинақты алатын адам өзінің жеке куәлігінің көшірмесін, сондай-ақ Қатысушылардың жеке куәліктерінің көшірмесін/көшірмелерін және Қатысушылардың өздері қолдарын қойған денсаулық туралы қолхаттарын ұсынуы қажет.

8.4. Жарысқа қатысушылар бір мезгілде мына құжаттары болған жағдайда ғана жарысқа жіберіледі:

18 жасқа толмаған қатысушылар үшін:

18 жастан асқан және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін:

Барлық құжаттар қағазға басып шығарылған күйінде ұсынылуы тиіс.

8.5.  Жарыс Қатысушысы сөрелік жинағын өзі алып кете алмайтын жағдайда, оны сөрелік жинақ берілетін күні өзінің жеке куәлігінің көшірмесін, сөрелік жинағы алынатын қатысушының жеке куәлігінің көшірмесін (басып шығарылған күйде) және Жарыс қатысушысының атынан жазылған денсаулық туралы қолхатты көрсету арқылы басқа адам алып кете алады.

8.6. Қатысушы слотты сатып алған, бірақ ауырып қалуына, жарақат алуына, басқа қалаға, іссапарға кетуіне, жұмыс ауысымына байланысты сөреге шыға алмайтын жағдайда, қатысушы таңдаған километражына сәйкес қашықтықты басқа уақытта немесе басқа жерде жүгіріп өтіп, сөреден кейін 2 (екі) аптаның ішінде медалін «Бірінші болу – батылдық» КҚ офисінен алып кете алады. Оны алу үшін жүгіру жазбасы бар онлайн трекерді, сондай-ақ сөреде болмау себебін растайтын құжатты (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, дәрігердің қорытындысы, іссапар туралы бұйрық/іссапар куәлігі, ұшаққа отырғызу талондарының көшірмелері) және қатысушының жеке куәлігінің фотосуретін немесе түпнұсқасын көрсету қажет. Мәжбүрлі онлайн қатысуға өтінімді спортшы сөрелік жинақтарды берудің екінші күні басталғанға дейін, атап айтқанда, 2023 жылғы 21 сәуір күнгі сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz поштасына жіберуі тиіс.

8.7. Қатысушы өзінің сөрелік жинағын білмесе / ұмытып кетсе / алуға үлгермеген болса, сөре өткеннен кейін онлайн-трекер бойынша медаль беру мүмкін болмайды.

8.8. Басқа жағдайлар 2023 жылғы 19 мамыр күнгі сағ. 14:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz поштасына өтінім берген кезде жеке қарастырылады.

 

9. ЖАРЫСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ (кейінірек жарияланады)

9.1. Қашықтықтарды жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеулері:

12 км қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 3 сағат 00 минут,

6 км қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 2 сағат 00 минут,

2  км қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 1 сағат 00 минут.

 

10. САҚТАУ КАМЕРАСЫ

10.1. Ұйымдастырушы Қатысушы сөмкесінің ішіндегі заттарға жауапты болмайды.

10.2. Сақтау камерасына шабадандар, ірі көлемді сөмкелер және басқа да заттар қабылданбайды.

10.3. Сақтау камерасына бағалы заттарды, ақшаны, әшекейлерді өткізбеуге кеңес береміз. Ұйымдастыру комитеті сөмкелердегі заттардың жоғалғаны туралы кінәрат-талаптарды қарастырмайды.

10.4. Заттарды сақтау камерасына өткізу кезінде қатысушы сөрелік нөмірге бекітілетін стикерді алады. Стикер жоғалған жағдайда, сөмке Қатысушыға жарыс өткен күні берілмейді. Сөмкені шара аяқталғаннан кейін бір аптаның ішінде, сөмкенің ішіндегі заттарды нақты атай отырып, «Бірінші болу – батылдық» КҚ офисінен алып кетуге болады.

 

11. НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ

11.1. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс қатысушыларының нәтижесі Жарыстың электронды хронометраж жүйесінде тіркеледі және оны Жарыстың төрешілер алқасы растайды. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау мәре сызығына жету фактісі бойынша жүзеге асырылады.

11.2. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау World Athletics ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

11.3. Жарыстың ресми нәтижелері Жарыс аяқталғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында жарияланады.

Қатысушылардың Жарыс ережелерін бұзғаны туралы ақпарат алынғаннан кейін Ұйымдастыру комитеті фото/бейнежазбаны талдау арқылы бұқаралық іс-шараны өткізу орнын қайта тексеруге құқылы және, қатысушылардың Жарыс ережелерін бұзғаны анықталған жағдайда, қорытынды хаттаманы өзгерту туралы түпкілікті шешім шығаруға құқылы.

11.4. Жарысқа қатысушының нәтижесі сөрелік нөмір дұрыс орналасқан жағдайда ғана тіркеледі.

11.5. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті төмендегі жағдайларда Жарысқа қатысушылардың әрқайсысы жеке нәтижесін 100% алатынына кепілдік бермейді:

• Чип дұрыс бекітілмегенде;

• Чип магнитсізденгенде;

• Чип киіммен немесе басқалай жабылғанда;

• Жарыстың Төрешілер алқасының шешімі бойынша Жарысқа қатысудан шеттетілгенде;

• Қатысушы чипті зақымдап алғанда.

11.6. Нәтижелерді шығару кезінде қолданылатын терминология:

МАҢЫЗДЫ! Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатысушының GUN TIME мәреге жету уақыты бойынша анықталады.

 

12. ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

12.1. (12 км) қашықтығы ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды абсолюттік біріншілікте 1-3 орындар үшін марапаттау.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификат, грамота, медаль және бағалы сыйлық алады. Жарыстың осы қашықтығындағы абсолюттік есептегі жеңімпаздар жас санаттарында марапатталмайды.

12.2. (12 км) қашықтығы ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды жас санаттарында 1-3 орындар үшін марапаттау. Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы сыйлық алады.

12.3. (6 км) қашықтығы ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды абсолюттік біріншілікте 1-3 орындар үшін марапаттау.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификат, грамота, медаль және бағалы сыйлық алады. Жарыстың осы қашықтығындағы абсолюттік есептегі жеңімпаздар жас санаттарында марапатталмайды.

12.4. (6 км) қашықтығы ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды жас санаттарында 1-3 орындар үшін марапаттау. Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы сыйлық алады.

12.5. «2 км балалар жарысы» қашықтығында марапаттау ұлдар мен қыздар арасындағы қатысушыларды жас санаттарында 1-3 орындар үшін марапаттау. Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы сыйлық алады.

12.6. Жарыс қашықтықтарында мәреге жеткен (шектеулі уақытта келіп үлгерген) барлық қатысушылар мәрешінің естелік медалін алады.

12.7. Ақшалай жүлделер Жарыс өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Жарыс жеңімпазының жеке банктік шотына аудару арқылы беріледі. Алу үшін Жарыс жеңімпазы Жарыс өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде info@almaty-marathon.kz электронды поштасына мына құжаттарды жіберуі тиіс:

- Банктік шоттың болуы туралы анықтаманы, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

- Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін, банктің атауын, банк бөлімшесінің мекенжайын және ақша алынатын қаланың атауын.

12.8. Жарыс қатысушысы жүлделі орынды иеленгені үшін сыйлығын Жарыс кезінде алып кетпеген жағдайда, ол оны Жарыс өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 5-үй, 1а блогы, 501-офис мекенжайындағы «Бірінші болу – батылдық» Корпоративтік Қорының Ұйымдастыру комитетінің офисінен сағ. 09:00-ден 18:00-ге дейін алып кете алады. 

Жарысқа қатысушы сыйлықтарды өздігінен алып кете алмайтын және оларды алуды сенімді адамға табыстай алмайтын жағдайда, Жарыс жеңімпазы info@almaty-marathon.kz электронды поштасына Ұйымдастыру комитеті алушының есебінен сыйлықтарды жолдай алатын мекенжайды жіберуі тиіс.

Бұл опция тек Қазақстан Республикасының резиденттері үшін қолжетімді.

12.9. Мерзім аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы жеңімпаздарға сыйлықтарды бермеу құқығын өзіне қалдырады.

 

13. ЖАРЫС МАРШРУТЫНДА ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жарыстар 2022-2023 жж. World Athletics (бұдан әрі – WA) ережелері бойынша өткізіледі.

13.1. Біздің ұсынымдарымыз:

13.2. Мыналарға тыйым салынады:

 

14. ЖАРЫСТАН ШЕТТЕТУ

14.1. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті мына жағдайларда Жарыс қатысушысын Жарыстан шеттетуге құқылы:

14.2. Медициналық көрсетімдер бойынша жарыс төрешілері берген немесе олардың басшылығымен берілген жағдайлардан басқасында, тамақты немесе суды ресми тамақтану орны болып табылмайтын басқа жерден немесе басқа қатысушыдан алған қатысушыға төреші бастапқыда сары картаны көрсету арқылы ескерту жасауы тиіс. Ережені екінші рет бұзғанда, төреші қызыл картаны көрсету арқылы қатысушыны жарыстан шеттетуі тиіс.

14.3. Қатысушының Жарыс өтіп жатқан кезде бейнекамераны, ұялы телефонды немесе смартфонды, радионы, плеерді, құлаққапты және басқа да аппаратураны алып жүргені немесе пайдаланғаны анықталған жағдайда, ол жарыстан шеттетіледі;

14.4. Жарысқа қатысушылар мына жағдайларда қорытынды хаттамадан шығарылады:

 

15. ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

15.1. Жарыстың төрешілер алқасы – төрешілер Жарыс ережелерінің сақталуын, Жарысқа қатысушылар арасындағы спорттық доданың әділ және адал жүргізілуін, ал Жарыс жеңімпазының объективті түрде анықталуын мұқият қадағалайды. Жарысқа қызмет көрсететін барлық спорт төрешілері Жарыстың Төрешілер алқасын құрайды.

15.2. Жарыстың Төрешілер алқасының құрамына мыналар кіреді:

 Жарыстың Бас төрешісі:

Жарыстың Бас төрешісі Жарыстың жекелеген төрешілері арасында міндеттерді бөледі, ал Жарыс аяқталған кезде бас төреші Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне ол туралы жазбаша есеп береді.

• Жарыстың Бас хатшысы:

Жарыстың Бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді шығарады, төрешілерді, қатысушыларды және көрермендерді сөренің барысы туралы хабардар ету үшін қажетті материалдарды уақтылы дайындайды, ал Жарыс аяқталғаннан кейін нәтижелер бойынша жалпы есепті құрастырады.

• Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері:

Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері сөре кезінде ережелердің сақталуы және ешкімнің артықшылықтарға ие болмауы үшін Жарысқа қатысушылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес шығуын қатаң қадағалайды. Мәре түзуінде төрешілер алғашқы 10 (он) мәрешіні мәре хаттамаларына тіркейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстырып тексеру үшін Жарыстың Бас төрешісіне ұсынылады.

Жарыстың Төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етіледі.

15.3. Жарыстың Бас дәрігері:

Жарыстың Бас дәрігері жарыс жолында және Жарыстың сөре-мәре қалашығында медициналық қызметкерлер мен Жарыс еріктілерінің жұмысына жетекшілік етеді. Қажет болған жағдайда, Жарыстың Бас дәрігері қатысушыны Жарыстан алып тастай алады.

 

16. ФОРС-МАЖОР

16.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары/ұйымдары/қызметтері, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары тарабынан Жарысты өткізуге ресми тыйым салынған жағдайда, Жарыс кейінірек мерзімге ауыстырылады. Жарысқа қатысушылардың осыған дейін төлеген барлық сөрелік жарналары автоматты түрде Жарыс өтетін жаңа күнге ауыстырылады. Жарысты өткізудің нақты (жаңа) күні қатысушыларға осы Ереженің 21-бабында көрсетілген Ұйымдастырушының Ақпараттық дереккөздерінде осы ақпаратты орналастыру, сондай-ақ Жарысқа тіркелу кезінде Жеке кабинетте көрсетілген Қатысушының жеке поштасына Ұйымдастыру комитетінің хабарламалар жіберуі арқылы кейінірек хабарланады.

16.2. Қазақстан Республикасының қабылданған мемлекеттiк нормативтiк-құқықтық актiлерiне байланысты Жарыстың басқа елден келетін шетелдiк қатысушысы Жарыстың басталу қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өте алмаған және Жарысқа қатыса алмайтын жағдайда, ол Ұйымдастыру комитетіне өзінің сөрелік жарнасын «Алматы жартылай марафоны – 2024» келесі жүгіру жарысына ауыстыру туралы өтінім бере алады. Бұл жағдайда өтінім беру оны info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберу арқылы жүзеге асырылады.

 

17. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТ-ТАЛАПТАР

17.1. Наразылықтар Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды Жарыстың Төрешілер алқасы қарайды.

17.2. Жарысқа Қатысушы Жарыс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде кінәрат-талап қоюға құқылы.

Кінәрат-талаптар info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберіледі.

Кінәрат-талап қою кезінде Жарысқа қатысушы мына деректерді көрсетуі қажет:

• қатысушының аты-жөні (анонимді өтініштер қаралмайды);

• кінәрат-талаптың мәні, кінәрат-талаптың мазмұны;

• кінәрат-талаптың негіздері (фото- немесе бейнежазба).

17.3. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті наразылық және/немесе кінәрат-талап алынған мезеттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Жарыс қатысушысына ресми жауап дайындайды, ол кінәрат-талап/наразылық берілген электронды адреске жіберіледі.

17.4. Кінәрат-талаптар тек Жарыс қатысушыларынан ғана қабылданады.

 

18. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН АККРЕДИТТЕУ

18.1. Жарысқа бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу алдын ала жүргізіледі. Жарысқа аккредиттеу үшін 2023 жылғы «19» мамырға дейін prmanager@almaty-marathon.kz электронды поштасына деректерді (БАҚ атауы, тілшінің, оператордың, фотографтың аты-жөні, байланыс телефоны және e-mail адресі) жіберу қажет.

 

19. ЖАРЫСТЫҢ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

19.1. Жарыс туралы толық ақпарат www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында, сондай-ақ Ұйымдастыру комитетінің келесі әлеуметтік желі аккаунттарында орналастырылған:

 

Жарыстың Ұйымдастыру комитеті басқа ақпараттық ресурстарда орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілік көтермейді.

 

20. ЖАРЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

20.1. Спорттық жарыстың бейнесін және (немесе) дыбысын кез келген тәсілмен және (немесе) кез келген технологияның көмегімен трансляциялау, сондай-ақ аталмыш трансляцияны бейнежазбаға түсіру арқылы Жарыс туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың айрықша құқығы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорына (бұдан әрі — Құқық иесі) тиесілі.

Құқық иесі спорттық жарыс туралы ақпаратты жариялау құқықтарын үшінші тұлғалардың сатып алуы туралы үшінші тұлғалармен жазбаша түрде шарттар жасасуға құқылы.

 

21. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

21.1. Жарысты өткізу туралы осы Ереже Жарысқа қатысуға ресми шақыру болып табылады.

21.2.Шара қатысушыларына рұқсат етілмеген саяси, әлеуметтік және т.б.
митингтерді, наразылық акцияларын, демонстрацияларды өткізуге,
арандатушылық үндеулер, саяси үгіттер жасауға, сондай-ақ саяси,
әлеуметтік бағыттармен байланысты кез келген атрибуттарды, логотиптерді
пайдалануға тыйым салынады. Бұл тармақты бұзғаны үшін Қатысушы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

21.3. Ұйымдастыру комитеті Жарысты өткізу туралы осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.