Ресми ережелерi

«Summer Run 2022» жүгіру жарысын өткізу туралы РЕСМИ ЕРЕЖЕ

 

Жарыс күні: 2022 жылдың 17 шілдесі

 

1. ЖАРЫС МАҚСАТТАРЫ

Summer Run (бұдан әрі – Жарыс)– «Алматы марафонына» дайындалу мақсатындағы өтетін жыл сайынғы маусымдық жазғы жүгіру жарысы.

Өткізу мақсаты:

- жүгіру және скандинавиялық жүрісті насихаттау;

- дені сау ұлтты қалыптастыру;

- бұқаралық спортты дамыту;

- Алматы қаласы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

- зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау (шылым шегу);

 

2. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ЖЕТЕКШІЛЕРІ

2.1. Жалпы жетекшілікті «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

2.2. Жарысты дайындау және өткізуді ұйымдастыру Ұйымдастыру комитеті – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорына жүктеледі (бұдан әрі – Ұйымкомитеті).

 

3. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫ

3.1. Жарыс күні және уақыты: 17 шілде 2022 ж., сағат 17:00 бастап 21:00 дейін.

3.2. Жарыс орны: Алматы қаласы, «ALMATY ARENA» мұз сарайының аймағы.

 

4.ЖАРЫС ҚАШЫҚТЫҒЫ МЕН ЖАС САНАТЫ

4.1. Жарыс бағдарламасына келесі қашықтықтар кіреді:

- 12 км жүгіру;

- Балаларға арналған қашықтықтар 500 м, 1 км, 3 км;

- Скандинавиялық жүріс 8 км.

 

4.2. 12 км қашықтыққа қатысушылардың жас санаты:

 

5. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

5.1. Жарысқа қатысуға рұқсат етіледі:

 

5.2. Бір мезетте Жарыста бірнеше қашықтыққа жүгіру тыйым салынады.

5.3. Тіркеу кезінде Жарыс өту кезіндегі толық жас саны есепке салынады.

 

6. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

6.1. Жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарына жауапкершілікті Ұйымдастыру комитеті көтереді.

6.2. Жол, орналасу және тамақтану шығындарын жіберуші ұйымдар немесе қатысушылардың өздері көтереді.

 

7. ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ ЕТУ ШАРТТАРЫ

7.1.  Қатысушыларды тіркеу www.almaty-marathon.kz сайтында 2022 жылғы «20» маусымнан бастап 2022 жылғы «13» шілдеге дейін немесе тіркелген қатысушылар саны 2 000 (екі мың) жеткенде аяқталады.

7.2. Онлайн-тіркеуден өтіп, осы нақты жүгіру жарысына тіркелу фактісі бойынша берілген ID-нөміріне сай сөрелік жарнаны төлеген қатысушы тіркелген болып саналады. Қатысушылар тізіміне тек ақысы төленген өтінімдер ғана енгізіледі. 

7.3. Тіркелу және сөрелік жарнаны төлеу арқылы қатысушы барлық  Жарыс Ережелерімен келіседі.

7.4. Жарыстың сөрелік жинақтары 2022 жылдың «14» және «15» шілде күндері, сағат 10:00 ден 20:00-ге дейін беріледі.

Сөрелік жарналарды беру орны: Алматы қаласы, Наурызбай-батыр к. 89, «World Class Almaty» фитнес-орталығы.

Назар аударыңыз! Жарыстың сөрелік жинақтары басқа күндері берілмейді.

7.5. Қатысушының сөрелік жинағының құрамы: сөрелік нөмір, нәтижені тіркейтін чип, қатысушы жаднамасы, конверт, түйреуіштер.

7.6. Қатысушылар жарысқа жіберілуі үшін міндетті түрде сөрелік жинақтарын алып кету кезінде көрсетілетін құжаттарды ұсынуы қажет.

Жарысқа қатысушыға сөрелік жинағын беру кезінде ұсынылуы қажет жеке басын растайтын құжаттар (басып шығарылған түрде):

18    жастан кіші қатысушылар үшін:

 

18    жастан бастап және одан үлкен қатысушылары үшін:

 

Барлық құжаттар басып шығарылған түрде тапсырылуы қажет.

Қатысушы сөрелік жинақты алуға келер алдында ASHYQ қосымшасын орнатып, қолдануға міндетті. Қатысуға ASHYQ қосымшасында көк және жасыл «мәртебесі» бар спортшылар жіберіледі.

 

7.7. Қатысушы өзінің сөрелік нөмірін алып кете алмайтын жағдайларда өзге адам қатысушының жеке бас куәлігінің көшірмесін (басып шығарылған түрде), сөрелік нөмірді алатын адамның жеке куәлігінің көшірмесін (басып шығарылған түрде), қатысушының атынан жазылған денсаулық туралы қолхатты көрсету арқылы сөрелік нөмір берілетін күні алып кете алады.

7.8.  Жарыс қашықтығының сөрелік жарнасы:

7.9. Жарысқа қатысуға төленген қаражат қайтарылмайды. Қате немесе өзге адамның ID-нөміріне жіберілген қаражат қайтарылмайды, басқа қатысушыға немесе «Бірінші болу-батылдық» КҚ басқа жарыстарна аударылмайды.

7.10. Сөрелік нөмірі жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді.

7.11. Сөрелік нөмір анық көрінуі керек, сөрелік нөмір алдыңғы кеудеге немесе белдік белбеуіне орналастырылуы керек;

7.12. Өзге біреудің нөмірімен қатысуға тыйым салынған. Сөрелік нөмірін өзге қатысушыға беру фактісі анықталған жағдайда нөмірді берген және өзгенің нөмірін алған қатысушы нәтижесі жоққа шығарылып, осы жарыстан аластатылады. Келесі 3 жарысқа да жіберілмейді.

7.13. Құлаққаппен қатысуға кеңес берілмейді.

Өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз. Ұйымдастырушылар мен еріктілердің қатысушыда температура немесе вирустық ауру белгілері болған жағдайда Спорттық жәрмеңкеге немесе сөрелік қалашыққа кіруіне тыйым салу құқығы бар.

7.14. Қатысушы жарысты өзінің уақыт класстерінен бастауға міндетті.

7.15. Ресми тамақтану орны болып табылмайтын басқа жерде тамақ немесе су алған қатысушылар, оларға медициналық көрсеткіштер бойынша жарыс төрешілерімен немесе олардың басшылығымен берілген жағдайды қоспағанда, немесе басқа қатысушыдан тамақ алған жағдайда, алдымен төрешіден сары карточканы көрсету арқылы ескертілуі керек. Екінші бұзушылық үшін төреші қызыл карточканы көрсету арқылы қатысушыны жарыстан шеттетуі керек;

7.16. Қатысушы тамақ немесе су алған кезде басқа адамдар, команда мүшелерінің ешқайсысы оның қасында жүруге, жүгіруге, қозғалуға құқылы емес.

7.17. 12 (он екі) километр – шамамен алынған ұзындық, 300-700 (үш жүз-жеті жүз) метрге дәлсіздік болады.

7.18. «Summer Run 2022» іс-шарасын өткізуге Мемлекеттік мекемелер тарапынан ресми тыйым салынған жағдайда, іс-шараның өткізілу күні кешрек мерзімге ауыстырылады немесе іс-шара онлайн түрде өткізіледі. Қатысушылардың осы жылғы енгізген сөрелік жарналары автоматты түрде онлайнға немесе кеш мерзімге ауыстырылады. Жарыстың нақты (жаңа) күнін Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға ақпаратты кейінірек осы Ереженің 14-бабында көрсетілген Ұйымдастырушының ақпарат көздеріне орналастыру арқылы, сондай-ақ Қатысушының жеке поштасына хабарламалар жіберу арқылы хабарлайды.  

7.19. «Summer Run 2022» іс-шарасын өткізуге Мемлекеттік мекемелер тарапынан ресми тыйым салынып, іс-шараның өткізілу күнін кешрек мерзімге ауыстыруға мүкіндік болмаса, барлық қатысушыларға автоматты түрде төлеген сөрелік жарналары 100% көлемде қайтарылады. Қаражат қатысушы жарыстың сөрелік жарнасын төлеген банк картасына қайтарылады.

 

8. НӘТИЖЕЛЕРДІ САНАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

 

8.1. Жүгіруге қатысушылардың нәтижесін электрондық хронометраж жүйесі белгілеп алады және оны сот алқасы растайды. Жүгіру жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының мәре уақыты бойынша анықталады.

8.2. Жүгіру жарысы жеңіпаздары мен жүлдегерлерін анықтау IAAF 165.24 («IAAF жалпы ережелері») ережелеріне сай келу фактісі бойынша жүзеге асырылады;

8.3. Ресми қорытындылар www.almaty-marathon.kz сайтында іс-шара аяқталған соң 24 (жиырма төрт) сағат ішінде жарияланады.

8.4. Жарысқа қатысушының нәтижелері сөре нөмірі дұрыс тағылған жағдайда ғана тіркеледі;

8.5. Жарыстардың Ұйымкомитеті төмендегі жағдайларда әрбір қатысушының жеке нәтижеге ие болатынына төмендегі жағдайларда 100% кепілдік бере алмайды:

• Чиптің дұрыс тағылмауы;

• Чиптің магнитсіздендірілуі;

• Сот алқасының шешімі бойынша жарыстан шығару.

8.6. Нәтижелерді шығару кезінде қолданылатын терминология:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының мәре уақыты «GUN TIME» бойынша анықталады.

9. ЖЕҢІПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

9.1. 12 км қашықтыққа жүгіретін қатысушыларды абсолюттік біріншілікте ерлер мен әйелдер арасында 1-3 орын үшін марапаттау. Абсолюттік біріншіліктегі жүлдегерлер медаль, грамота және ақшалай сыйлықтар алады.

9.2. 12 км қашықтыққа жүгіретін қатысушыларды ерлер мен әйелдер арасында 1-3 орын үшін марапаттау.

9.3. 3 км қашықтыққа жүгіретін қатысушыларды ұлдар мен қыздар арасында 1-3 орын үшін марапаттау.

9.4. 1 км қашықтыққа жүгіретін қатысушыларды ұлдар мен қыздар арасында 1-3 орын үшін марапаттау.

9.5. 500 м қашықтыққа жүгіретін қатысушыларды ұлдар мен қыздар арасында 1-3 орын үшін марапаттау.

9.6. Жеңімпаздар және жас санаттарындағы жүлдегерлер жүлделі медаль, грамота және бағалы жүлде алады.

9.7. Мәреге жеткен барлық қатысушылар мәреші медалін алады.

9.8. Ақшалай сыйлықтарды жеңген қатысушылар сыйлықты жеке банктік шотына ақша аударымы арқылы ала алады. Ол үшін сіз жарыс аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде info@almaty-marathon.kz поштасына хат жіберуіңіз керек:

- Банктік шот туралы анықтама, сондай-ақ жеңімпаздың жеке куәлік көшірмесі;

-Жеңімпаздың жеке куәлігінің көшірмесі, банктің атауы, банк бөлімшесінің мекен-жайы және сіз ақша алатын қаланың атауы.

9.9. Егер қатысушы жүлделі орын үшін алған сыйлығын жарыс кезінде алып кете алмайтын болса, шара өткен соң 10 (он) күн ішінде «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының кеңсесінен Алматы қаласы, Әл-Фараби алаңы 5к1 а, 501 кеңсе мекенжайы бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде алып кете алады. 

Қатысушы сыйлықтарды өз бетінше алып кете алмайтын және бұл істі сенімді тұлғаға тапсыратын жағдайда жеңіпаз info@almaty-marathon.kz почтасына ұйымдастырушылар алушының есебінен жібере алатын мекенжайды жібере алады.

Бұл таңдау тек ҚР резиденттері үшін қол жетімді.

Белгіленген уақыт аралығында сыйлықтарды алып кетпеген жағдайда Ұйымдастырушының сыйлықтарды бермеуге құқығы бар. 

10. ЖАРЫСТАН ШЫҒАРЫЛУЫ

10.1. Ұйымдастырушылар қатысушыны келесі жағдайларда жарыстан шығаруға құқылы:

10.2. Қатысушылар қорытынды нәтижеден шығарылуы жағдайлары:

 

11. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ 

11.1. Жарыс кестесі кейінірек жарияланады.

11.2. Қашықтықтарды жүгіріп өтуге берілген уақыттары:

 

12. ЖАРЫС ТӨРЕШІЛЕРІ

12.1. Жарыстың сот алқасы. Төрешілер жарыс ережелерінің сақталуын, спорттық доданың әділ және дұрыс жүргізілуін, ал жеңімпаздың объективті түрде анықталуын мұқият бақылайды. Осы жарыста қызмет көрсететін спорт төрешілерінің барлығы сот алқасын құрайды.

12.2. Сот алқасына төмендегілер кіреді:

 

 Жарыстың бас төрешісі

Бас төреші төрешілер арасында міндеттерді бөледі. Жарыстар аяқталған соң бас төреші іс-шара туралы есеп құрады және онымен қоса жарыстар нәтижелерін Ұйымкомитетіне ұсынады. 

•Жарыстың бас хатшысы 

Жарыстардың бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді шығарады, төрешілерге, қатысушыларға және көрермендерге сөрелердің барысы туралы уақтылы ақпарат беру үшін қажетті материалдарды құрастырып, соңында нәтижелер бойынша жалпы есебін шығарады.

•Сөре-мәре аймағының төрешілері 

Сөре-мәре аймағының төрешілері сөре кезінде ережелердің сақталуы және ешкімнің артықшылықтарға ие болмауы үшін спортшылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес баруын қадағалайды. Төрешілер мәре түзуінде алғашқы 10 мәрешіні мәре хаттамаларына белгілейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстыру үшін бас төрешіге беріледі. 

Сот алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етіледі.

12.3. Жарыстың бас дәрігері

Жарыстың бас дәрігері медициналық қызметкерлер мен еріктілердің қашықтық жолын және сөре-мәре қалашығының жұмысын бақылайды. Қажет болған жағдайда, бас дәрігер қатысушыны конкурстан алып тастай алады.

 

13. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН ШАҒЫМДАР

13.1. Наразылықтар Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды сот алқасы қарайды

13.2. Қатысушы іс-шара аяқталғаннан кейінгі 2 (екі) күнтізбелік күннің ішінде шағым беруге құқылы.

Шағымдар info@almaty-marathon.kz электрондық мекен-жайына жіберіледі

Шағым беру кезінде төмендегі мәліметтерді көрсету қажет:

• тегі және аты (аты көрсетілмеген шағымдар қаралмайды);

• шағымның мәні, шағымның мазмұны;

• шағым жасауға түрткі болған негіздер (фотосурет, жеке секунд өлшеуіш, субъективті пікір және т.б.).

13.3. Ұйымкомитеті шағымның немесе наразылықтың берілген сәтінен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде шағым берілген электрондық мекенжайға жіберілетін ресми жауап дайындайды.

13.4. Шағымдар тек қатысушылардан қабылданады.

 

14. БАҚ-ТЫ АККРЕДИТАЦИЯЛАУ

14.1. БАҚ-ты аккредитациялау алдына ала жүргізіледі. Аккредиттелу үшін мәліметтерді (БАҚ аты, корреспонденттің, оператордың, фотографтың аты-жөні, байланыс телефоны мен e-mail)  prmanager@almaty-marathon.kz поштасына 2022 жылдың 16 шілдеге дейін жіберу қажет.

 

15. АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

Іс-шара туралы толық ақпарат www.almaty-marathon.kz сайтында, сондай-ақ мына әлеуметтік желілердің аккаунттарында көрсетілген:

vk.com/almatymarathon

facebook.com/almatymarathon

instagram.com/almatymarathon

https://t.me/almaty_marathon

БасқаақпараттықресурстардағыақпаратүшінҰйымкомитетіжауапкершіліккөтермейді.

 

16. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

16.1. Осы Жарыс ережеcі Жарысқа қатысу үшін ресми шақыру болып табылады.

16.2. Ұйымдастырушы осы Жарыс ережеcіне өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.