Ресми ережелерi

  1. 1.      ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

Жарыс қаһарманы — «Алматы марафонының» онжылдығына арналған қалалық жүгіру сериясы.

 

2 ЖАРЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ

 

Жарыс мына мақсаттарда жүргізіледі:

 

3. ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ

 

3.1. Жарысқа жалпы басшылықты «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») жүзеге асырады.

3.2. Жарысты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – «Ұйымдастырушының Ұйымдастыру комитеті») жүктеледі.

 

4. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ МЕН МЕРЗІМІ

 4.1. Жарыстың өтетін күндері: 2021 жылғы «20» Қараша, 2021 жылғы «21» Қараша, 2021 жылғы.

 

4.2. Жарысты өткізу уақыты:

 

2021 ж. «20» Қараша Баум ат. тоғай – 09:00-10:30;

2021 ж. «20» Қараша Атакент ҚІЫО – 12:00-13: 30;

2021 ж. «21» Қараша Алматы Арена мұз сарайы – 09:00-10:30;

2021 ж. «21» Қараша Сайран көлінің саябақ аймағы – 12:00-13:30;

 

4.3. Жарыстың басталатын орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы:

1. Сайран көлінің саябақ аймағы - қашықтық ұзындығы 5,5 км;

2. Атакент ҚІЫО - қашықтық ұзындығы 4 км;

3. Алматы Арена мұз сарайы — қашықтық ұзындығы 8 км;

4. Баум ат. тоғай - қашықтық ұзындығы 6 км;

 

5. ЖАРЫС ҚАШЫҚТЫҒЫ

 

5.1. Жарыс бағдарламасына 4 (төрт) пән кіреді:

 

1. Баум ат. тоғай – қашықтық ұзындығы 6 км, 2021 жылғы «20» Қараша — 09:00-10:30;

2. Атакент ҚІЫО – қашықтық ұзындығы 4 км, 2021 жылғы «20» Қараша – 12:00-13:30;

3. Алматы Арена мұз сарайы– қашықтық ұзындығы 7 км, 2021 жылғы «21» Қараша — 09:00-10:30;

4. Сайран көлінің саябақ аймағы– қашықтық ұзындығы 5,5 км, 2021 жылғы «21» Қараша – 09:00-10:30;

 

6. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

 

6.1. Жарысқа қатысуға рұқсат етіледі:

- 15 жастағы және одан асқан қатысушылар;

6.2. Жарыстың бірнеше қашықтығына қатысуға рұқсат етіледі.

6.3. Жарыстың белгілі бір қашықтығына тіркелу кезінде Жарыс өткізілетін күнге қатысушының толық жас саны ескеріледі.

 

7. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒЫСТАР

 

7.1. Жарысты ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындарды Ұйымдастырушының Ұйымдастыру комитеті көтереді.

7.2. Жол жүру, орналастыру және тамақтану шығындарын Жарысқа қатысушылар және/немесе қатысушыларды іссапарға жіберетін ұйымдар көтереді.

 

8. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ЖІБЕРУ

 

8.1.  Жарысқа қатысушыларды тіркеу Ұйымдастырушының https://www.almaty-marathon.kz/, сайтында, 2021 жылғы «12» Қазан бастап 2021 жылғы «12» Қараша дейін немесе келесі локациялар бойынша лимитке жеткеннен кейін жүзеге асырылады:

1. Баум ат. тоғай – 400 адам;

2. Атакент ҚІЫО – 400 адам;

3. Алматы Арена мұз сарайы – 400 адам;

4. Сайран көлінің саябақ аймағы – 400 адам;

 

8.2. Онлайн-тіркеу рәсімінен өткен және осы нақтыс жүгіруге тіркелу фактісі бойынша берілген ID-нөміріне сәйкес сөрелік жарнаны төлеген қатысушы тіркелген болып саналады. Қатысушылар тізіміне тек төленген өтінімдер ғана кіреді.

8.3. Тіркелу арқылы Қатысушы осы Жарыс туралы ереженің талаптарын және Ұйымдастырушының https://www.almaty-marathon.kz/ сайтында орналастырылған Ұйымдастырушының (қатысушы ретінде тіркелу жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, Жарысты ұйымдастыру және өткізу түріндегі қызметтерге арналған) Жария оферта шартының талаптарын сақтауға келіседі.

8.4. Сөрелік жинақтар 2021 жылғы 17, 18 Қараша аралығында беріледі.

Назар аударыңыз! Сөрелік жиынтықтарды басқа күндері беру жүргізілмейді.

8.5. Қатысушыларды жарыстарға жіберу, қатысушының жинағын беру кезінде ұсынылатын құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

18 жасқа толмаған қатысушылар үшін:

 

18 жастағы және одан асқан қатысушылар үшін:

8.6. Қатысушы өзінің сөрелік жинағын өз бетінше ала алмаса, оны берген күндері басқа адам өзінің жеке куәлігінің көшірмесін, қатысушының жеке куәлігінің көшірмесін және қатысушының өзінің атынан денсаулығы туралы қолхатты көрсеткен кезде ала алады.

8.7. Сөрелік жарна: 4 000 теңге;

8.8. Жарысқа қатысқаны үшін енгізілген қаражат қайтарылмайды. Дұрыс емес немесе басқа біреудің ID-нөміріне жіберілген қаражат қайтарылмайды және басқа қатысушыға аударыла алмайды.

8.9. Сөрелік нөмірлері жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді.

8.10. Сөрелік нөмір анық көрінуі керек, сөрелік нөмір кеудеге немесе белбеуге орналастырылуы керек;

8.11. Басқа біреудің нөмірімен қатысуға тыйым салынады. Сөрелік нөмірлерді тапсыру фактісі анықталған жағдайда, нөмірді берген қатысушы және басқаның нөмірін қабылдаған қатысушы осы жарыстан шеттетіліп, нәтижелері қабылданбайды. Келесі 3 жарысқа да рұқсаттама берілмейді.

8.12. Құлаққап тағып қатысу ұсынылмайды.

8.13. Сөрелік қалаға тек медициналық немесе қайта пайдалануға болатын бетпердемен кіруге болады. Қатысушылар стартқа шыққанға дейін кемінде 1,5-2 метр қашықтықты сақтауға, сондай-ақ ұйымдастырушылардың нұсқауларын орындауға міндеттенеді.

Өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйден шықпаңыз. Ұйымдастырушылар мен еріктілер, температурасы немесе вирустық ауру белгілері байқалған қатысушының Спорттық жәрмеңкеге немесе старттық қалашыққа қатысуына рұқсат бермеуге құқылы.

Стартқа дейін бірнеше күн бұрын қатысушыларға ПТР-тест тапсыру ұсынылады.

8.14. Қатысушы Спорттық іс-шарада Сovid-19 вирустық ауруының таралуымен күрес жөніндегі регламентте нұсқалған барлық ережелерді оқып шығып, сақтауға міндетті.

8.15. Мемлекеттік қызметтер «Жарыс қаһарманы 2021» іс-шарасын өткізуге ресми тыйым салған жағдайда, ол кешірек мерзімге ауыстырылады. Нақты күн кейінірек айтылады. Қатысушылардың бұрын енгізген барлық сөрелік жарналары автоматты түрде кешірек мерзімге ауыстырылады.

 

9. ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

 

9.1. Локациялар Атакент ҚІЫО, Алматы Арена мұз сарайы, Сайран көлінің саябақ аймағы, Баум ат. тоғай, Орталық мәдениет және демалыс саябағы:

 - аталған пәннің жеңімпаз қатысушыларын марапаттау жүргізіледі

 

Абсолюттік жас санатында 1-3 орын үшін әйелдер арасындағы жарыс.
Аталған қашықтықтың жеңімпаз және жүлдегер қатысушылары жүлделі медаль, мадақтама және бағалы жүлде алады.

 

Абсолютті жас санатында 1-3 орын үшін ерлер арасындағы жарыс.
Аталған қашықтықтың жеңімпаз және жүлдегер қатысушылары жүлделі медаль, мадақтама және бағалы жүлде алады.

 

9.2. Мәреге жеткен барлық қатысушылар мәреші медалін алады.

 

9.3. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі жарыс күні өткізілмейді. Жарыстың жеңімпаз қатысушысы жүлделі орын үшін сыйлықтарды Жарыстан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде, Ұйымдастырушының Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 5 к1а үйі, 501-кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан кеңсесінде, тек жұмыс күндері мен жұмыс уақытында ғана: дүйсенбіден жұмаға дейін, 11 с. 00 м. — 16 с. 00 м. аралығында алып кете алады.

Егер Жарыстың жеңімпаз қатысушысы өз сыйлықтарын өз бетінше ала алмаса және оны сенімді тұлғаға қайта тапсыра алмаса, Жарыстың жеңімпаз қатысушысы сыйлықтарды алушының есебінен жіберіле алатын мекенжайды Ұйымдастырушының info@almaty-marathon.kz электрондық поштасына жіберуі қажет.

Бұл Шарт Қазақстан Республикасының резиденттері үшін ғана мүмкін.

 

9.4. Жүгіруге қатысушылардың нәтижесі электрондық хронометраж жүйесімен тіркеледі және оны төрешілер алқасы растайды. Жүгірістердің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау мәреге келу фактісі бойынша жүргізіледі.

9.5. Жүгіру жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау IAAF 165.24 («IAAF жалпы ережелері») ережесіне сәйкес жүргізіледі;

9.6. Ресми нәтижелер https://www.almaty-marathon.kz/ сайтында, іс-шара аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жарияланады;

9.7. Жарысқа қатысушының нәтижесі сөрелік нөмір дұрыс орналастырылған жағдайда ғана тіркеледі.

9.8. Жарыстардың ұйымдастыру комитеті келесі жағдайларда әрбір қатысушының жеке нәтижесін 100% алуына кепілдік бермейді:

• Дұрыс бекітілмеген чип;

• Чипті магнитсіздендіру;

• Сот алқасының шешімі бойынша жарыстан шеттету.

 

9.9. Нәтижелерді шығару кезіндегі терминология:

 

МАҢЫЗДЫ! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау қатысушының мәре уақыты бойынша жүргізіледі.

 

10. ЖАРЫСТАН ШЫҒАРЫП ТАСТАУ

 

10.1. Ұйымдастырушылар қатысушыны жарыстан шеттетуге құқылы, егер:

10.2. Қорытынды хаттамадан қатысушылар алынып тасталады, егер:

.

11. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (кейінірек жарияланады)

 

Қашықтықтан өтуге арналған уақыт лимиті - 1 сағат 30 минут;

    

12. ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

 

12.1. Төрешілер алқасы - Төрешілер жарыс ережелерінің сақталуын, спорттық күрестің әділ және адал жүргізілуін, сондай-ақ жеңімпаздың объективті түрде анықталуын мұқият қадағалайды. Осы жарысқа қызмет көрсететін барлық спорт төрешілері, төрешілер алқасын құрайды.

12.2. Төрешілер алқасының құрамы:

• Жарыстың бас төрешісі

Бас төреші міндеттерді жекелеген төрешілер арасында бөледі, ал жарыстар аяқталған кезде бас төреші осы жарыстарды ұйымдастыратын ұйымға олар туралы жазбаша есеп береді.

• Жарыстардың бас хатшысы

Жарыстардың бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді шығарады, төрешілерді, қатысушылар мен көрермендерді старттардың барысы туралы хабардар ету үшін қажетті материалдарды уақтылы жасайды, ал олар аяқталғаннан кейін нәтижелер бойынша жалпы есеп құрастырады.

• Сөре-мәре аймағының төрешілері

Сөре-мәре аймағының төрешілері старт кезінде ережелердің сақталуын және ешкімның артықшылық алмауын қамтамасыз ету үшін спортшылардың кластерлерге сәйкес қашықтыққа кетуін қатаң қадағалайды. Мәре сызығындағы төрешілер, мәре сызығын кесіп өткен алғашқы 10 қатысушыны мәре протоколдарына жазып алады. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстыру үшін бас төрешіге беріледі.

Төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға жол беріледі.

12.3. Жарыстардың бас дәрігері

Жарыстың бас дәрігері жоларнада және сөре-мәре қалашығында медициналық қызметкерлер мен еріктілердің жұмысын қадағалайды. Қажет болған жағдайда, бас дәрігер қатысушыны жарыстан алып тастай алады.

 

13. НАРАЗЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ КІНӘРАТ-ТАЛАПТАР

 

13.1. Наразылықтар Жарыстың Ұйымдастырушының Ұйымдастыру комитетіне беріледі және Жарыстың Төрешілер алқасы тарапынан қаралады.

13.2. Қатысушы Жарыс аяқталғаннан кейін 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде наразылық және/немесе кінәрат-талап беруге құқылы, олар Ұйымдастырушының info@almaty-marathon.kz электрондық поштасына жіберіледі.

Ұйымдастырушыға наразылық берген кезде келесі деректерді көрсету қажет:

• тегі мен аты (анонимді өтініштер қаралмайды);

• шағымның мәні, шағымның мазмұны;

•  наразылық үшін негіздер (фотосурет, жеке секундомер, субъективті пікір және т.б.).

13.3. Ұйымдастырушының Ұйымдастыру комитеті наразылық немесе кінәрат-талап берілген сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде ресми жауап дайындайды, ол шағым/кінәрат-талап берілген электрондық мекенжайға жіберіледі.

13.4. Кінәрат-талаптар тек Жарысқа қатысушылардан және/немесе олардың заңды өкілдерінен ғана қабылданады.

 

14. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

14.1. Жарыстың әрбір қатысушысы өзінің денсаулығын өз бетінше бақылауға және ұзақ физикалық жүктемелерге қарсы көрсетілімдердің болуы мәніне медициналық тексеруден өтуге міндетті.

Маңызды! Ұйымдастырушы қатысушыларға Жарыс алдында медициналық тексеруден өтуді ұсынады. Жарысқа қатыса отырып, қатысушылар спорттың кез келген түріне тән қауіп-қатерді тікелей қабылдайды.

14.2. Қатысушы оның Жарысқа қатысуы нәтижесінде оның денсаулығына қолайсыз салдар болуы мүмкін екенін түсінуі тиіс.

14.3. Жарысты ұйымдастырушы қатысушының өмірінен айырылуы немесе жарақат алғаны, қатысушының меншігін жоғалтқаны немесе зақымдағаны үшін, сондай-ақ Жарыс кезінде болған қатысушының кез келген физикалық шығыны үшін жауапты болмайды. Аталған ереже Жарыс өткізілгенге дейін, жарыс кезінде және одан кейін әрекет етеді.

14.4. Жарысқа қатысушы ешқандай жағдайда іс-шараның басқа қатысушыларына, Ұйымдастырушысына және демеушілеріне, бөгде адамдарға, сондай-ақ олардың мүлкіне зиян келтіруі мүмкін қасақана жағдайлар жасамауға міндеттенеді.

14.5. Қатысушы денсаулық жағдайы жарыс өткізілетін күнге/жарыс өткізілетін күні нашарлаған жағдайда Жарысқа қатыспауға міндеттенеді.

 

15. «ALMATY MARATHON» ЛОГОТИПІН ПАЙДАЛАНУ

 

16.1. «Almaty marathon» логотипі Ұйымдастырушының тіркелген тауар белгісі болып табылады. Логотипті пайдалану құқығы Ұйымдастырушы – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорына тиесілі.

16.2. Логотипті үшінші тұлғалардың жеке мақсаттарда пайдалануына, логотипті киім затына, туларға және өзге де аксессуарларға салуға тауарлық белгінің құқық иесі ретінде ұйымдастырушымен рұқсатсыз және келісусіз тыйым салынады.

16.3. «Almaty marathon» логотипінің кез келген түсіндірмесін пайдалануға тыйым салынады.

16.4. «Almaty marathon» логотипін пайдалану тәртібін бұзу фактісі анықталған жағдайда Ұйымдастыру комитеті сот инстанцияларына жүгіну құқығын өзіне қалдырады.

 

16. АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

 

16.1. Жарыс туралы толық ақпарат Ұйымдастырушының https://www.almaty-marathon.kz/https://www.almaty-marathon.kz/ сайтында, сондай-ақ Ұйымдастырушының келесі әлеуметтік желілердегі аккаунттарында орналастырылған:

https://vk.com/almatymarathon 

https://www.facebook.com/almatymarathon/

https://www.instagram.com/almatymarathon/

t.me/almaty_marathon.

16.2. Басқа ақпараттық ресурстардағы ақпарат үшін Жарысты Ұйымдастырушының Ұйымдастыру комитеті жауап бермейді.

 

17. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

17.1. Осы жарыс туралы ереже Жарысқа қатысу үшін ресми шақыру болып табылады.

17.2. Ұйымдастырушы осы Жарыс туралы ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.