1. ЖАРЫС МАҚСАТТАРЫ

Алматы марафоны – бұл жыл сайынғы халықаралық жүгіру жарысы, Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық шара.

Жарыстың өткізілу мақсаты:

- жүгіру мен скандинавиялық жүрісті насихаттау;

-жүгірушілерді халықаралық марафон жарыстарына дайындау;

-республикалық маңызы бар қайырымдылық жобаларға қолдау көрсету;

-юниорларға алдағы жарыстарға қатысуға қолайлы жағдай жасау;

-зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау (шылым шегуден бас тарту);

-дені сау ұлт қалыптастыру.

2. ЖАРЫСТЫҢ ЖЕТЕКШІ ҰЙЫМДАРЫ

2.1. Жалпы жетекшілікті «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік Қоры жүзеге асырады.

2.2. Жарысты дайындауды және өткізуді ұйымдастыру Ұйымдастыру комитеті -  (әрі қарай - Ұйымкомитеті) «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік Қорына жүктеледі.

3. ЖАРЫСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

3.1. Жарыстың өтетін күні мен уақыты: 21 сәуip 2019 ж. (жексенбі), сағат 6:00 бастап 15:00 дейін.

3.2. Сөре өтетін орын: Алматы қ, Республика алаңы

4. ҚАШЫҚТЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАС САНАТТАРЫ

4.1. Жарыс бағдарламасына енгізілген қашықтықтар:

Марафон – 42 км 195 м;

Экиден  – 42 км 195 м;

Жартылай марафон – 21 км;

Скандинавиялық жүріс – 10 км;

10 км қашықтық;

Балалар қашықтығы – 3 км

4.2. Жас санаттары:

4.2.1. Марафонның жас санаттары 42 км 195 м:

  • 18-24 жас;
  • 25-29 жас;
  • 30-39 жас;
  • 40-49 жас;
  • 50-59 жас;
  • 60+ жас.

4.2.2. Жартылай марафонның жас санаттары (21 км 97,5 м):

  • 18 жастан асқан.

4.2.3. 10 км жүгіруден жас санаттары:

  • 15-17 жас;
  • 18 жастан асқан.

 4.2.4. 3 км балалар қашықтығындағы жас санаттары

  • 10-14 жас;

5. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

5.1. Жүгіру жарысына қатысуға төмендегілер жіберіледі:

Марафон 42 км 195 м - 18 жас және одан үлкен қатысушылар;

Жартылай марафон (21км) – 18 жас және одан үлкен қатысушылар;

10 км қашықтығы - 15 жас және одан үлкен қатысушылар;

Скандинавиялық жүріс 10 км - 15 жас және одан үлкен қатысушылар;

Балалар қашықтығы 3 км - 10 жастан бастап, 14 жасқа дейінгі қатысушылар;

Экиден эстефетасы 42 км 195 м - 16 жас және одан асқан 6 адамнан тұратын команда.

5.2 Бір мезетте бірнеше қашықтықтағы жарысқа қатысуға қатаң тыйым салынады.

5.3 Тіркеу кезінде жарыс өтіп жатқан сәттегі толық жас мөлшері есепке алынады.

6. ЖАРЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР

6.1. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымкомитеті көтереді.

6.2. Жол, орналасу және тамақтану шығындарын іссапаға жіберетін ұйымдар немесе қатысушылардың өздері көтереді.

7. ЖЕҢІПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

 

7.1. 42 км 195 м марафон қашықтығы – ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды әр жас санаты бойынша 1-3 орын үшін марапаттау.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.

7.2. Әйелдер мен ерлер арасындағы қатысушыларды 42 км марафон жүгіру жарысында абсолютті біріншілікте 1-3 орындар үшін марапаттау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сертификат, мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық беріледі. Абсолютті есепке алу жеңімпаздары жас санаттары бойынша марапатталмайды.

7.3. Әйелдер мен ерлер арасындағы қатысушыларды 21 км жартылай марафон жүгіру жарысында абсолютті біріншілікте 1-3 орындар үшін марапаттау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.

7.4. 10 км қашықтықерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды «15-17 жас» және «18 жас және одан үлкен» жас санаттары бойынша 1-3 орын үшін марапаттау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.

7.5. 3 км балалар қашықтығы – ұлдар мен қыздар арасындағы қатысушыларды абсолютті біріншілікте 1-3 орын үшін марапаттау

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.

7.6. Марафон эстафетасы (экиден). Командаларды абсолютті біріншілікте 1-3 орын үшін марапаттау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.

7.7. Мәреге дейін жеткен барлық қатысушыларға мәреші медалі беріледі.

7.8. Ақшалай сыйлықтар шара өткен соң 10 жұмыс күні ішінде Алматы марафоны кеңсесінде жеңіпаздың жеке куәлігі болған жағдайда ғана беріледі.

8. ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТАЛАПТАРЫ

8.1.  Тіркелу www.almaty-marathon.kz сайтында 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін немесе жарысқа 17 000 қатысушы жиналған мезетте жабылады.

8.2. Онлайн-тіркеуден өткен және нақты белгілі бір жарысқа тіркеу фактісі бойынша берілген ID-нөміріне сай сөре жарнасын төлеген қатысушы тіркелген болып есептеледі. Қатысушылар тізіміне тек ақысы төленген өтініштер ғана енгізіледі.

8.3. Қатысушы тіркелген және бастау жарнасын төлеген кезде жарыстардың Регламентімен келіседі.

8.4. Сөре жинақтары Спорттық жәрмеңкесін өткізу аумағында 2019 жылғы сәуірдің 19-нан бастап 20-на дейін беріледі.

Назар аударыңыз! Сөре жинақтары басқа күндері берілмейді.

8.5. Қатысушыға сөре жинағын беру кезінде көрсетілетін құжаттар бар болған жағдайда қатысушылар жарыстарға жіберіледі:

10-нан 14 жасқа дейінгі қатысушылар үшін:

• Жеке куәлік көшірмесі (туу туралы куәлік көшірмесі);

• Ата-ананың (екеуінің) жарысқа қатысуға рұқсат беру туралы қолхаты;

• Қолхатқа өздері қол қойған ата-атаның (екеуінің) жеке куәліктерінің көшірмесі.

18 жас және одан үлкен қатысушылар үшін:

• Жеке куәлік көшірмесі.

• Қолхат.

8.6. Сөре жарнасы:

Марафон 42 км 195 м – 6000 тг;

Жартылай марафон 21 км – 5000 тг;

10 км – 5000 тг;

Скандинавиялық жүріс - 4000 тг;
Балалар қашықтығы 3 км - 4000 тг;

Экиден эстефетасы – бір команда үшін 130 000 тг.  

8.7. Жүгіруден жарысқа қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды. Қате немесе өзгенің ID-нөміріне жіберілген қаражат басқа қатысушыға аударылмайды. 

8.8. Сөре нөмірі жоқ қатысушылар жарысқа қатысуға жіберілмейді.

9. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ  (Кейінірек жария етіледі)

42 км 195 м қашықтықты еңсеруге берілген уақыт шектеуі  – 6 сағат 

21 км қашықтықты еңсеруге берілген уақыт шектеуі  – 3 сағат 

10 км қашықтықты еңсеруге берілген уақыт шектеуі – 2 сағат 

Скандинавиялық жүріс қашықтығын еңсеруге берілген уақыт шектеуі 2 сағат 

3 км қашықтықты еңсеруге берілген уақыт шектеуі – 0 сағат 40 минут

10. НӘТИЖЕЛЕРДІ САНАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

 

10.1. Жүгіруге қатысушылардың нәтижесін электрондық хронометраж жүйесі белгілеп алады және оны сот алқасы растайды. Жүгіру жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының мәре уақыты бойынша анықталады.

10.2. Сот алқасы. Төрешілер жарыс ережелерінің сақталуын, спорттық доданың әділ және дұрыс жүргізілуін, ал жеңімпаздың объективті түрде анықталуын мұқият бақылайды. Осы жарыста қызмет көрсететін спорт төрешілерінің барлығы сот алқасын құрайды.

10.2.1. Сот алқасына төмендегілер кіреді:

 

 Жарыстардың бас төрешісі

Бас төреші жарыстар өткізілетін орынның дайындығын алдын ала тексереді, төрешілердің жекелеген жұмыс аймақтары бойынша үлестіреді және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды. Жарыстар аяқталған соң бас төреші іс-шара туралы есеп құрады және онымен қоса жарыстар нәтижелерін Ұйымкомитетіне ұсынады. 

•Жарыстардың бас хатшысы 

Жарыстардың бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді шығарады, төрешілерге, қатысушыларға және көрермендерге сөрелердің барысы туралы уақтылы ақпарат беру үшін қажетті материалдарды құрастырып, соңында нәтижелер бойынша жалпы есебін шығарады.

•Сөре-мәре аймағының төрешілері 

Сөре-мәре аймағының төрешілері сөре кезінде ережелердің сақталуы және ешкімнің артықшылықтарға ие болмауы үшін спортшылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес баруын қадағалайды. Төрешілер мәре түзуінде алғашқы 10 мәрешіні мәре хаттамаларына белгілейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстыру үшін бас төрешіге беріледі. 

Сот алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етіледі.

11. МАРАФОННЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

11.1. Жүгіру жарысы жеңіпаздары мен жүлдегерлерін анықтау IAAF 165.24 («IAAF жалпы ережелері») ережелеріне сай келу фактісі бойынша жүзеге асырылады;

11.2. Мәре сызығын кесіп өткен 42 км 195 м қашықтықтағы жарысқа қатысушылар өздерінің алдын-ала нәтижелерін электронды таблодан көре алады;

11.3. Ресми қорытындылар www.almaty-marathon.kz сайтында іс-шара аяқталған соң 24 сағат ішінде жарияланады.

11.4. Жарысқа қатысушының нәтижелері сөре нөмірі дұрыс тағылған жағдайда ғана тіркеледі. Сөре нөмірі анық көріну керек, сөре нөмірін жарысқа қатысушының кеудесіне тағу қажет;

11.5. Жарыстардың Ұйымкомитеті төмендегі жағдайларда әрбір қатысушының жеке нәтижеге ие болатынына төмендегі жағдайларда 100% кепілдік бере алмайды:

• Чиптің дұрыс тағылмауы;

• Қатысушы басқа қатысушының чипімен жүгірген жағдайда;

• Чиптің магнитсіздендірілуі;

• Сот алқасының шешімі бойынша жарыстан шығару.

11.6. Ұйымкомитетінің қатысушы бір және одан артық чек-пойнттарда белгіленбеген жағдайда қатысушыны жарыстан шығару туралы соңғы шешімді қабылдау құқығы сақталады.

11.7. Нәтижелерді шығару кезінде қолданылатын терминология:

  • DNS – Did not start (қатысушы сөреге шыққан жоқ)
  • DNF – Did not finish (қатысушы мәреге жеткен жоқ)
  • DSQ – Disqualified (қатысушы жарыстан шығарылды)
  • CR – Championship Record (жарыстар рекорды)
  • GUN TIME – Мәре уақыты - қатысушының сөре белгісінің берілуінен бастап мәре маттарынан өткенген дейінгі уақыты.
  • CHIP TIME – Чип уақыт – қатысушының сөре маттарынан бастап мәрте маттарына өткенге дейінгі уақыты.

МАҢЫЗДЫ! Жүгірудің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының мәре уақыты бойынша анықталады.

12. ПРОТЕСТЫ И ПРЕТЕНЗИИ

НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН ШАҒЫМДАР

12.1. Наразылықтар Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды сот алқасы қарайды

12.2. Қатысушы іс-шара аяқталғаннан кейінгі 2 (екі) күнтізбелік күннің ішінде шағым беруге құқылы.

Шағымдар info@almaty-marathon.kz  электрондық мекен-жайына жіберіледі

Шағым беру кезінде төмендегі мәліметтерді көрсету қажет:

• тегі және аты (аты көрсетілмеген шағымдар қаралмайды);

• шағымның мәні, шағымның мазмұны;

• Шағым жасауға түрткі болған негіздер (фотосурет, жеке секунд өлшеуіш, субъективті пікір және т.б. ).

12.3. Ұйымкомитеті шағымның немесе наразылықтың берілген сәтінен бастап 24 сағаттың ішінде шағым берілген электрондық мекенжайға жіберілетін ресми жауап дайындайды.

12.4. Шағымдар тек қатысушылардан қабылданады.

13. АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

13.1. Іс-шара туралы толық ақпарат www.almaty-marathon.kz сайтында, сондай-ақ мына әлеуметтік желілердің аккаунттарында көрсетілген:

vk.com/almatymarathon

facebook.com/almatymarathon

instagram.com/almatymarathon

https://t.me/almaty_marathon

Басқа ақпараттық ресурстардағы ақпарат үшін Ұйымкомитеті жауапкершілік көтермейді.

Осы ереже жарысқа қатысуға ресми шақыру болып табылады.

 

Вход на сайт
Восстановление пароля