42.2 week


Сөре орны: Алматы қаласы. Қатысушы таңдаған орын
42.2 week
Іс-шара туралы

42.2Week – 42,2 км-лік онлайн жүгіру.

2020 жылғы 28 қыркүйек пен 04 қазан аралығында, бір аптаның ішінде қатысушылар марафондық қашықтықтан (42 км 195 м) жүгіріп өтуі тиіс.
Қашықтықты бірден немесе бөліп-бөліп жүгіріп өтуге болады. Ең бастысы, жарыс кезеңінен (бір аптадан) асырмау керек.
Жарысқа тек Алматы қаласында тұратын, 18 жастан асқан әуесқой спортшылар ғана қатыса алады.

Қатысу құны — 2 500 тг. Тіркелу міндетті.

Жарыс бағдарламасы:
2020 жылғы 28 қыркүйек пен 04 қазан аралығында — 42,2 км

Тіркелу рәсімі, 2020 жылғы 07 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында немесе 1000 адам жиналғанға дейін жалғасады.

Уақыты — қалауыңызға қарай (жарыс аптасы шеңберінде).

Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жарыс серіктестерінің мадақтамалары мен жүлделерімен марапатталады. Үздік нәтиже көрсеткен үш әйел адам және үш ер адам жүлдегер атанады.

Мәреге жеткен барлық спортшылар мәре медалін алады. Мәре медальдарын тек Алматыда алуға болады. Басқа қалаларға жеткізілмейді.

Қашықтықтар
42 км 195 м

Жасы:
18 жастан бастап

Сөрелік жарна:
2500 тг.

Тіркелу
Құжаттар

Біз қажетсіз мәлімет жібермейміз, тек қана біздің іс-шараларға қатысты ақпарат қана

Сайтқа кіру
Восстановление пароля