12 желтоқсан 2018

Желтоқсан айында ересектер Жаңа жылға дайындалса, ал балалар таңғажайыпқа сеніп, армандарының орындалуын күтеді. Мейірімді Аяз атаның әлемнің түкпір түкпірінен балалар жазған хаттарды оқудан қолы тимей жатыр. Қазақстандық «Кең жүрек» қоры эпилепсияға шалдыққан 52 баланың жазған хаттарын жинады, енді оларға бәріміз бірігіп мереке ұйымдастыра аламыз.

 Жоба ұйымдастырушылары: Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры, «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, «Команда SOS» еріктілерді үйлестіру орталығы Tengrinews.kz қолдау көрсетуімен барлығыңызды сиқыршыға айналып, балаларға қуаныш сыйлауға шақырады.

- Әр бала Жаңа жылда таңғажайып оқиғалардың болатынына сенеді. Жыл сайын осындай шараларды өткізу арқылы біз жомарт жандардың күшін біріктіріп, өмірдің түрлі қиындықтарына тап болған балаларға мереке сыйлауды мақсат тұтамыз. Балалардың армандаған ойыншықтарын өздеріне жеке табыстаймыз.  Біздің бастамамыз көптің қолдауына ие болып, балалардың арман-тілектерін жүзеге асыруға көмектеседі деп үміттенеміз., - «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік  қорының атқарушы директоры Салтанат Казыбаева акция жайында айтып берді.

 Іс-шара туралы толық ақпаратты, сонымен бірге балалардың тілектерін мына жерден https://tengrinews.kz/article/964/ оқып немесе World Class Almaty фитнес-клубына (Наурызбай батыр көшесі 89) барып, оның бірінші қабатында балалардың фотосуреттері ілінген шыршаны көрулеріңізге болады.  

Балалар таңғажайыпқа сенеді. Әр хатты олар Аяз атамен сәлемдесуден бастайды. Дәл осы сәтте олар сіздерге арнап хат жазып отырған болар.

Эпилепсияға шалдыққан балалардың арман-тілектерін қалай орындауды +7-(727)-315-39-39  нөміріне хабарласу арқылы біле аласыздар.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля