19 сәуір 2018

«Әлемде мақсаты бар адамдарға әрқашан жол ашық»
Санофи Қазақстанның басқарма төрағасы, Санофи Орталық Азия компаниясының бас директоры, өңірдің фармацевтика нарығы көшбасшыларының бірі Ранга Веларатне (Ranga Welaratne) 18 жыл бойы фармацевтиканың түрлі салаларында қызмет атқарды.

Санофи Қазақстанның басқарма төрағасы, Санофи Орталық Азия компаниясының бас директоры, өңірдің фармацевтика нарығы көшбасшыларының бірі Ранга Веларатне (Ranga Welaratne) 18 жыл бойы фармацевтиканың түрлі салаларында қызмет атқарды. Дамушы және дамыған елдерде жинаған бай халықаралық тәжірибесі оны басқарудың қыр-сырына қанық етті. 2003 жылы Ранга Австралияда жүйелер мен операциялар бойынша менеджер ретінде жұмыс істеп, 2005 жылы Қытайға көшіп, онда бизнес пен жүйелерге қолдау көрсету жөніндегі директор қызметін атқарды, кейін Франция мен Кореяда жұмыс істеді.

Санофи туралы пікірімен ол әркез зор қуанышпен бөліседі:  

- Санофи биотехнология индустриясында жетекші ойыншылардың бірі болып табылады. Компания 100-ден астам елде ұсынылған. 100 000 мыңнан астам қызметкері бар. Қазақстанда 1997 жылдан бастап, яғни 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз.

Санофи салаутты өмір салты бойынша жобаларды қолдаса, оның қызметкерлері мен жетекшілері спортпен белсенді түрде шұғылданады. Бірнеше жыл бойы компания Алматы марафонының спорттық шараларына серіктес ретінде атсалысып келеді.

- Біз Алматы марафонына үшінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп келеміз. Компанияның мақсаттары мен құндылықтары көбінесе «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қорының міндеттерімен сәйкес келеді. Денсаулық сақтау саласында сенімді серіктес ретінде біз денсаулығы нашар адамдардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасаймыз. Ал, жүгіру бұл салауатты өмір салтын ұстану тәжірибесі, түрлі аурулардың алдын алу шарасы. Санофидің жүгіру командасы Марафонға жыл сайын қатысады. Биыл ол 80 адамнан тұрады. Әлемде жүгіруге деген қызығушылықтың артып жатқаны және жыл сайын қатысушылардың көбейіп жатқаны қуантады.

Алматы Марафоны сәуірдің 22-сі күні өтеді. Дәстүр бойынша шараға Санофи серіктес ретінде қатысады.  

- Шамамен 10-15жыл бұрын мен спортпен белсенді түрде шұғылдандым. Маған жүгіру өте ұнайды. Бірнеше мәрте Корей, Қытай, Еуропа елдерінде өткен марафондарға қатыстым. Берлин мен Лондондағы марафон ерекше есте қалды. Алматы марафонына қатысуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын – дейді Веларатне мырза.

Санофи үшін бұл тек компанияның қолдауына ие әлеуметтік жоба ғана емес, сонымен бірге қайырымдылық бастамаларға жеке үлес қосуға берілген мүмкіндік. Жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталады. Бұрынғы жүгіру жарыстарынан алған әсерімен бөлісе отырып, Ранга Алматыдағы марафонның дайындығы мен оны өткізудің жоғары деңгейін және қатысушылардың белсенділігін атап өтті. 

- Меніңше, марафонға қатысу бизнесті басқарумен бірдей. Мені марафондар адамдардың нәтиже үшін күресуден алатын әсерлерін көрсету арқылы ынталандырады.  Өз мүмкіндіктерінің аясын кеңейтіп, қойған мақсаттарына бірнеше ай бойы жетуге талпынатын адамдарды бақылау қызық. Бизнестегі сияқты мұнда да мақсат қойып, оған қол жеткізудің бірнеше жоспарын құру маңызды.

- Марафон жүгірудің оңай емес екенін білемін, - дейді Ранга, - дегенмен адам барлық жеңіс пен жеңілістерге төзе алса, табысқа жетуге ұмтыла берсе, міндетті түрде еңбегі бағаланады. 42 шақырымды еңсергеннен кейін мәре сызығынан өтіп жатқан жүгірушілерді көргенде олардың жүзінен жеңілдікті сезіну мен шаршағандықты байқауға болады. Олар мақсаттарына жетіп, осы марафон үшін бәрін салды. Бұл бизнесте мақсаттарға қол жеткізгенде қанағаттанып, қуаныш сезіміне бөленумен бірдей. Бірнеше жыл бойы аңсағандарына қол жеткізген адамдардың қуанышымен ортақтасудың өзі бір ғанибет деп есептеймін.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля